Мойында, нах...

Әбіләкімнің  ауылы: Мойында, нах...
Менің тұзым жеңіл ғой. Тосын оқиғаларға тап болып жүремін. Ротаға жауапты болып қалғанмын. Таңертең солдаттармен қосылып жүгіріп келуге шықтым.Әйтүп-бүйтіп 40 минуттай уақыттан соң казармаға кірдік.Жүгірерде бушлатымды кубрикте (солдаттар жататын орын) қалдырып кетіппін. Этажда 4 рота бартын. Келе сала қалтамда ұмытып кеткен соткам есіме түсті.Ойлағанымдай алып кетіпті. Таптырмай кететінін сезсем де іздестірдім.Таба алмадым бәрібір. Уақыт өтіп жатты. Біраз уақыт басқа нөмірмен жүрдім де өз нөмірімді қайта жасатып алдым. Көктемге салым үйге екі адам іздеп келіпті. Қарындасым жұмыста деген соң әскери бөлімге келді. Құжаттарын көрсетті.Оперлар екен, бөлімдеріне баруымды өтінді.Мен комбаттан сұранып бардым. Жол бойы жақ ашпады. Ойша өзімнің соңғы кездердегі іс-әрекетімді тізіп келем.Қай жерден шикілік кетті деп.Мал ұрлаған жоқпын, қыз зорлаған жоқпын не болды екен?! Бөлімшеге келген соң,
— мына нөмір сенің нөмірің бе?-деп соткамның нөмірін көрсетті.
-Менікі
-Онда мына қызды қайдан танисың?
-Танымайм, бірінші рет көріп тұрмын.
-соткаң қайда?
-өзімде…
-Сони Ериксон К750-іңді айтып отырмын.
-Ондайды ұстамаппын
-сенімен басқаша сөйлесу керек пе?-сөйлесіп отырған каптиан (құжатында солай жазылған) жанындағы тырық біреуге иек қақты.Тіземнің қолтығынан дубинкамен салып өтті.Тізерлеп отыра қалдым… Ашып кетті…
-осы саған керек пе?
-ал, сіздерге не керек өзі?-
-Мойындағаның керек
-нені?
-мына қызды, өлтіргеніңді, соткасын алып өз симкаңды салып звандағаныңды.
Жауырынымнан суық тер бұрқ ете қалды. Кісі өлімі...Құрыған жерім осы болды. Сенетін көкемде жоқ.Қарындасыма смс жазып менттер екенін айтқанмын. Уайымдамасын деген ойым ғой, еш криминал жоқ дегендегім мынау.
-Сонымен…
-Мен емес, түсіндіріп айтыңызшы.
-Пәлен күні қайда болдың?
-Үйде болған шығармын… Көп уақыт өтіпті ғой.есімде жоқ.
-Онда есіңе сала отырайын, сен ол күні мынанша уақытта мына қызды тонап, пышақтадың. Телефонын алдың, онымен қоймай өз нөміріңді салып звандадың. «География связи» деген болады бала! 10 секундтан артық сөйлескендерді жазып ала береді.
Менің миыма соткамды жоғалтқаным, нөмірімді қайта жасатқаным түсті. Оқиға мен басқа нөмірде жүрген кезде болған екен.
-Мен соткамды жоғалтқан едім.Сенбесеңіздер Кейселл орталығына барайық. Қайтадан жасатарда өтініш жазғанмын…
Біздің полицияның тез қимылдағаны осы ма,әлде ана қыздың өліміне байланысты қылмыстың уақыты созылғанына байланысты ма білмеймін, мені салып алып аталған жерге тез жетті. Өтінішті тексерді. Қайтадан бөлімдеріне келіп, менің барлық «данныйымды» жазып алып босатып жіберді.Кейін белгілі болғандай, бір солдаттар сотканы «гражданкадағы» адамдарға сатқан екен. солай-солай қылмыс ашылып, мен аман қалдым.
Бөлісу:

15 пікір

omarbirat
Соткаңды дәл соның алдында жоғалтқаныңды немен дәлелдейсің деп сұраған жоқ па? Әлде оқиға сен соткаң жоғалғаны туралы арыз бергеннен кейін болған ба?
Abilakim
Мен де түсіне алмадым істің барысын.Сол соткаға менікінен басқа да симка салыныпты сол күні.Сол арқылы сатқан солдатта тез табылғанын білемін.
omarbirat
Не де болса, оңай құтылғаның жақсы болған екен.
Huan
3030га соксан телефонның маркасын біліп тұрды
sigma
сенбеймин, жай опер келип часттен аскериди тек просты «гражданин пройдемте с нами» дегендей кылып, ертип кетип, еще урады акесин танытып.
Тек ангиме болсын деп жазылган болса керек.
sammita
Әбіләкім бұл жерде солдат емес, түсініп оқысаң. "Қарындасым жұмыста деген соң әскери бөлімге келді." Елге еңбегін сіңіріп жүрген о кезде.
blackbeard
Бір күні тергеуші күдіктіге:
— «Капиталды» кім жазған? — деп сұрайды.
Күдікті ары ойланады, бері ойланады. Сол арада Тергеушіге біреулер қоңырау шалып күдіктіні сержантқа тапсырып шығып кетеді.
Тергеуші келсе, күдікті:
— Ойбай, мен-ақ жазған болайын «Капиталды». Тек мынауыңызға "Ұруды доғар" деп айтыңызшы деп жалынған екен:)
sammita
менде осыған ұқсас жағдай болған. Көрші балалар үнемі «маяк тастайыншы», «бір звондайыншы» деп соткімді жиі сұрайтын. Дәлізде тұрады сөйлесіп. Содан бірнеше ай өткен соң менің соткіме оперлер хабарласып бөлімге шақырды. Ойымды түк жоқ. 2 күн бойы қолым тимейтінін, бармайтынымды айтып жүрдім. «Мән-жайды бөлімде айтамыз» деді. Содан бір күні айтады «осылай да осылай бір балалар розыскте болған еді, ауыр қылмыспен. Ұсталған соң, дәл сол уақытта соғылған тел. қоңыраулары ішінен менің нөмірім шыққан бірнеше рет». Менің есіме сап етіп түсті де, айтып бердім бәрін. Олар сенді ме, мазаламады кейін. Сөйтсем, (кейін таныстар арқылы бідім) әлгі балалар өз қаласында (89 жылғы бала) бір баланы өлтіріп біздің қалада тығылып жүр екен. Онысымен қоймай бұл жақта ұрлықпен айналысыпты. Сол ұрлықпен ұсталып кісі өлтірген қылмысы ашылған екен. Жаным ашып кетті жап-жас балаға(((
Abilakim
Біздің менттер кейде тым асыра сілтеп жібереді.Кейде тыңғылықты жұмыс істейді.
Zere
Құдай сақтаған екен. Осы күні қолдан сотка алуға да қорқасың.
Nurgisa
Осыдан кейін намазға жығылған шығарсың?
nurbergen_makym
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
ErNur
Менттерді айтып менің бір «мент» болғанымды есіме түсіріп жібердің ғо Әбіләкім :) Менің студент балдызым болған бізбен тұрған. Соны сұрап бір қыздар күн темейді, түн демейді звондап әбден мазаны алды. Жоқ дегеніңе түсінбейді кейде жұмыстан шаршап келгенде шырылдап ұйқы бермейтін. Бір күні түнгі екіде әдеттегіше телефон шырылдады, көтерсем сол баяғы қыздар. Содан мен жай сойлесіп балдызым болып, «ашудан жарылайын деп тұрсамда» :) ваннаға кіріп бара жатыр едім нөміріңді айтшы қазір шыққасын өзім соғармын дедім. Ол қызда нөмірін айта қойды. Трубканы қоя салдым да компты қостым.Справочникті ашып жіберіп букіл данныйын жазып алдым да 40 минуттан кейін звондадым жаңағы нөмірге. Саламатсызба бұл зауыт бөлімінен капитан Нұржанов деп зілмен амандасып бастадым әңгімемді:) Тәәккк… бұл осындай көше, осындай үй, пәленше пәтер ме?-деп сұрап жатырмын.Сосын хозяйкасын сұрадым кәріс қатын екен иесі справочник бойынша. Ар жағындағы сол қыздардың бірі, маза бермейтін (дауысынан танып тұрмын :) ), «ол жоқ басқа жерде тұрады, біз квартирантпыз»-деп жауап берді. М ммм… мен онда қазтелекомнан анықтап осы номердің, пәленше абонентке звондап мазалайтын көрінеді соған шағымданды. Қайсысың звондап жүрген дедім.Ана қыздың зәресі ұшып кетті білем, тұрып қалды үнсіз…
Мен аллө… аллө жауап бер деп дауыс көтеріп қоям :) Ана қыз жылап тұр ағай кешіріңізші дейді. Мен ұрсып пәмиләң кім? Әкеңнің аты? Шешеңнің аты? Қай жерде оқисын?.. деп сұрақтарды жаудырып жатырмын.
Ана қыз бәріне жауап беріп жатыр, өзі жылап тұр. Ағай жалғыз мен емес
звондап жүрген қасымдағы қыздарда звондайды. Кешіріңізші… енді өйтпейміз деп жатыр.Төрт қыз болып тұрады екен олар, қасындағы қыздардың бүкіл данныйын айтып жатыр :) Екеуміз мақаттан, екеуміз құлсарыныкымыз деп, қай жерде қай курста оқитындарын бәрін айтып жатыр. Ертең осындай адреске пәленшесінші кабинетке келіңдер дедім мен тоқтатып ана қыздың әңгімесін.Оқу орындарыңнан шақыртамыз жауаптыларын, хозяйкаларыңды да ертіп келіңдер жауап аламыз деп қойдым.Басқа қыз алып трубканы анаусынан, іштеріндегі пысықтауы ау дейм :) ағай ештеңенің керегі жоқ… мүмкін келісерміз?-деп қояды. ))))
Жарайд енді олай қайталамаңдар дедім де қойдым. Содан сүйтіп құтылдық ау звондағыш қыздардан:)