Блиц-сұхбат: qisyq


1. Сынды қалай қабылдайсың? Қанша түсіністікпен қабылдадым дегеннің өзінде, іштей «Лібәд, жеген екенсің» дегендей қарсы ойлар мазаламай ма?

Сынды әртүрлі қабылдаймын. Баж-баж етіп, түкірігі шашырап, қалшылдап-селкілдеп айтылған негізсіз сынды сабырлы кейіппен, түсіністік көзқарасымен тыңдаған күннің өзінде, іштей сол «Лібәд, жеген екенсіңнің» маңында жүретінім бар. Эгоистігім мен нарцистігім асқынған кезде, тіпті де қыстыра алмаймын. Алайда, күнәһар жанымды жұбататын жалғыз дүние — конструктивті сынды толықтай қабылдай алатыным. Кемшілігімді шұқыған адамнан оны (кемшілік мәселесін) шешу жолдарын да мүмкіндігінше көрсетіп кеткенін өтінер едім. Әйтпеген жағдайда, құр қыршып алған адамды а) әшейін бақастық мақсатында тістеп қалғысы келген жанмен, ә) "Ұлт/тіл/дін/дәстүр құрып барады! Өлдік! Қырды! Жойды!" деп байбаламдаған, алайда «Ал, енді осыдан шығар жолды көрсетіп жіберіңіз» десең, булығып, қызарып, «Опасыз, сатқын, kein Patriot, Hündchen!!!» деп шыға келетін псевдоұлтшылмен салыстыруға болады. Жалпы алғанда, орнымен айтылған сынды жеңіл қабылдаймын (мля, әншілердің сұхбатынан алғандай болдым-ау, ә, соңғы сөйлемді).
Әрі қарай

Танымал психолог тойда соққыға жығылды



АТЫРАУ. 12 қаңтар. ҚызАқпарат /Әндірей Сақалов/ — «Кеше Атырау қаласындағы бір тойда белгілі психолог, „Метросексуализм негіздері“, „Сый-құрметке жаңаша көзқарас“, „Менің де құрметім шексіз“ кітаптарының авторы, „Бір қолмен амандасуды үйренейік“ атты курстарымен танымал болған Тамерлан Нуриев соққыға жығылып, сол қолы сынды»,

— деп хабарлайды Қызақпарат, Мақатньюске сілтеме көрсетіп.

Психологтың өзі «Бір түсініспеушіліктер болды. Қазір ешқандай мәселе жоқ» десе де «Аноним Еркектер Қауымдастығы» Facebook желісінде және Асаттық сайтында өз наразылықтарын білдіруде.
Әрі қарай

Ана - өмір шырағы

Апптырды - зынданға!
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл.
көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Әрі қарай

Мейлі (Қайрат Нұртас)

Әні мен сөзі: Ержан Серікбаевтікі

Сені іздедім мен құстар өткенде
Сені іздедім мен самал өпкенде
Іздеп аппақ қардан да
Жоқсың баққа барғанда
Айналдың ақ арманға

Қайырмасы:

Мейлі, болса да алыс арамыз
Түссе де салқын қара күз
Бірге бүршік жарамыз!
Мейлі, мұңды боп өтсін түндерім
Сені іздеп өтсін күндерім
Қиялыммен біргемін!

Сені іздедім мен заңғар көктерде
Сені іздедім мен келер деп көктемде
Арман жырым бір менің
Өзің деп көз ілмедім
Қайдасың сені білмедім?!
Әрі қарай

Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш Жексенұлы - Есіңе мені алғайсың



с. М.Мақатаев
ә. Л.Әбдіхалықова

Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың

Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың

Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Әрі қарай

Сыныптастары ауылға кеткен сынып оқушыларына бөлек квота шығуы мүмкін


Астанада 11-ші сынып ата-аналарына арналған «ЕНТ стресін бірге жеңейік» атты тренинг және форум өтті. Тренинг барысында ата-аналарға үлгерімі нашар балаларын ұрмау, балағаттамау үшін қандай тәсілдермен өздерін ұстау керектігі, баланың оқуға түсе алмай 1 жыл үйде отыруы қоғамда ешқандай күлкілі жәйт емес екендігі, оқу үшін кредитті сәтті алу жолдары түсіндірілді. Жарты күнге созылған тренингтің соңы кішігірім форум-конференциямен аяқталды. Форум барысында ата-аналар балаларының бұрынғы сыныптастарының көпшілігі мектептегі соңғы жылдарын ауылдық жерде бітіруге кеткендерін айтып, бұл құбылысқа өз наразылықтарын білдірді.
Әрі қарай

САУАЛНАМА: Блогқұрылтай - 2012 қалай ұйымдастырамыз?

Аршат «Блог құрылтай» туралы тақырып бастаған соң, оны қолдап отырғандардың көптігін байқап қуанып отырмын. Қандай істі бастаса да, ең бірінші адамның ниеті маңызды деп санаймын. Сондықтан көпшіліктің осы шарадан қандай үміт күтетінін білу мақсатында арнайы сауалнама әзірлеп отырмын. Кейін бұның жауаптарын жинақтап, көпшілікке ұсынбақпыз.



Былтырғы жылғы Блогқұрылтайды ұйымдастыруда басы-қасында жүргендер жақсы біледі. Мұндай шаруаны қолға алғанда бір сөзге тоқтаса, іс өнімді болады.
Әрі қарай