Ана - өмір шырағы
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл.
көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
1. Мына жерін түсінідіріп беріңізші: "Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз."
Қысқасы, бірден іске көшкенді жөн санайтын стереотип қалыптасып қалған, сондықтан асты-үстіне түсіп, өбектеу дегенді білмеймін.Оның үстіне дейсің, онсызда солай ғой. Әлде дегеніме екпін түсіріліп тұрған болса, бәлкім мен ескіше қалыппен жүрген, неологизмдерді білмей қалған шығармын деген оймен жазылғанын жеткізгім келеді.
Бірақ түсіндіру жауабын бәрібір жазбады ғой.Жалпы, құдірет сөзінің мағынасына үңілсек, ешқашан етістік бола алмайтындай. Мен осыны ғана айтпақ болдым, жағадан алып жатқан ештеңем жоқ.
Әлде кейбірлерге еріп педотролль болмақсың ба?)