САУАЛНАМА: Блогқұрылтай - 2012 қалай ұйымдастырамыз?
Аршат «Блог құрылтай» туралы тақырып бастаған соң, оны қолдап отырғандардың көптігін байқап қуанып отырмын. Қандай істі бастаса да, ең бірінші адамның ниеті маңызды деп санаймын. Сондықтан көпшіліктің осы шарадан қандай үміт күтетінін білу мақсатында арнайы сауалнама әзірлеп отырмын. Кейін бұның жауаптарын жинақтап, көпшілікке ұсынбақпыз.
Былтырғы жылғы Блогқұрылтайды ұйымдастыруда басы-қасында жүргендер жақсы біледі. Мұндай шаруаны қолға алғанда бір сөзге тоқтаса, іс өнімді болады. Себебі қай-қайсысы болса да «тойдың» жақсы өткенін қалайды. Әртүрлі пікірлерін ортаға салады. Бірақ ұйымдастырушының көкейіндегісін білмеген соң, ол пікірлердің қаншалықты пайдалы, я әзірге пайдалы емес екенін бағамдамауы мүмкін. Қысқасы жауапкершілікті мойынан алатын бір адамның керектігі сөзсіз.
Әлгінде ғана Алматыдағы бірнеше блогшылармен әрі Астанада Аршатпен де хабарластық. Егер екі апта көлемінде Астанада өткізетін орын табылса, онда бұл шараны Астанада өткізейік деп шештік. Себебі:
САУАЛНАМА САУАЛНАМА САУАЛНАМА
Сауалнамадағы кейбір сұрақтар мағынасыз көрінуі мүмкін. Немесе кейбір сұрақтар қойылмаған болуы да мүмкін. Ондайлар туралы пікір ретінде қалдырсаңыз, қуанамын. Бұл сауалнамаға жауаптарды келесі аптаның ортасына дейін қабылдасақ дейміз. Себебі одан кейін өтетін шара туралы арнайы жоба әзірлеп, оны демеушілерге ұсынбақпыз. Өткізетін орын іздегенде, демеушілермен сөйлескенде шамамен қанша адам келеді, не ұйымдастырғалы жатқанымыз туралы жобалап болса да алдын ала білуіміз қажет.
Сауалнаманың сілтемесін, осы шараға қатысса дұрыс болады дейтін таныстарыңызға да жіберсеңіз жақсы болар еді.
Сурет: Былтырғы Блогқұрылтайды ұйымдастыру барысындағы алғашқы кездесуіміз

- мұндай шара бірінші кезекте блогшылардың өздері үшін керек. Былтыр Блогқұрылтайға дайындық барысында Алматылық блогшылардың ұйымшылдығы артқан еді. Астанада да, еліміздің өзге өңірлерінде де жастар арасында ұйымшылдықтың артқанын қалаймын.
- Екіншіден, қайткен күнде де игі дәстүрді жалғастырғанымыз абзал. Ең болмаса, жылына бір рет Наурызға берілген демалысты пайдаланып, интернеттегі достар бір кездесуі керек.
- Үшіншіден, өткен жылғы құрылтайдың жобасын пысықтап, әрі қарай интернеттегі жобаларды қалай дамытатынымызды саралауымыз керек. Қазақ тілінде де IT Friday, Startup Weekend тәрізді бизнес жобаны дамытатын шаралар өтуі тиіс
САУАЛНАМА САУАЛНАМА САУАЛНАМА
Сауалнамадағы кейбір сұрақтар мағынасыз көрінуі мүмкін. Немесе кейбір сұрақтар қойылмаған болуы да мүмкін. Ондайлар туралы пікір ретінде қалдырсаңыз, қуанамын. Бұл сауалнамаға жауаптарды келесі аптаның ортасына дейін қабылдасақ дейміз. Себебі одан кейін өтетін шара туралы арнайы жоба әзірлеп, оны демеушілерге ұсынбақпыз. Өткізетін орын іздегенде, демеушілермен сөйлескенде шамамен қанша адам келеді, не ұйымдастырғалы жатқанымыз туралы жобалап болса да алдын ала білуіміз қажет.
Сауалнаманың сілтемесін, осы шараға қатысса дұрыс болады дейтін таныстарыңызға да жіберсеңіз жақсы болар еді.
Сурет: Былтырғы Блогқұрылтайды ұйымдастыру барысындағы алғашқы кездесуіміз
Жігіттер, қыздар, сауалнамаға бір кісідей атсалысып, шет қалмасақ екен деген тілек. Ісімізге сәт!
Басқа басқа, бірақ мырзам ондай мәртебеге әбден лайық )
Әйтпесе арман, арман!
Не Асу-Бұлақта, болмаса Шағанда өтсін
А… «сотка төбе» деген жер бар, құрық шаншып қойған, санаторийдан бір км жерде. бәріміз сол жерге барып твиттер жазып жүреміз.
Мен жұмыстамын, айдалада, қалай барамын басқосуларға?