Сыныптастары ауылға кеткен сынып оқушыларына бөлек квота шығуы мүмкін


Астанада 11-ші сынып ата-аналарына арналған «ЕНТ стресін бірге жеңейік» атты тренинг және форум өтті. Тренинг барысында ата-аналарға үлгерімі нашар балаларын ұрмау, балағаттамау үшін қандай тәсілдермен өздерін ұстау керектігі, баланың оқуға түсе алмай 1 жыл үйде отыруы қоғамда ешқандай күлкілі жәйт емес екендігі, оқу үшін кредитті сәтті алу жолдары түсіндірілді. Жарты күнге созылған тренингтің соңы кішігірім форум-конференциямен аяқталды. Форум барысында ата-аналар балаларының бұрынғы сыныптастарының көпшілігі мектептегі соңғы жылдарын ауылдық жерде бітіруге кеткендерін айтып, бұл құбылысқа өз наразылықтарын білдірді.

Жұмагүл Қ. (ата-ана):
— Менің балам өз сыныбында жақсы оқитындардың бірі. Достарының соңғы жылда ауылға кетіп қалуларына байланысты іштей комплекске кіре бастады. Өзін қалалық мектеп бітірушісі ретінде оқуға түсе алмайтындай көреді.

Төремұрат Л. (ата-ана):
— Өзіміз бірнеше жыл бұрын ауылдан қалаға көшіп келген едік. Баламызды қайтадан ауылға жіберейік десек баламыз бармай отыр. Барғанда да кісі үйінде 1 жыл қалғысы жоқ. Ауылдық жер квотасы туралы кезінде ойламаппыз, амал жоқ баламыз грантқа түсе алмаса кредитке кіреміз.

Лиза П. (сынып жетекшісі):
— Ата-аналардың да өкпе-назын түсінуге болады. Кешегі форум барысында осы мәселені талқыладық. Сыныптастары ауылға кеткен сынып оқушылары үшін бөлек квота қарастыруды ұсынып отырмыз. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы осы деп ойлаймын.

Бет қатталып жатқанда: Астанадағы бұл хабарды естіген ауыл тұрғындары да өз наразылық акцияларына дайындалып жатқан көрінеді. Олардың ойынша қаладан келген оқушылар ауылдық оқушылардың құқықтарын пайдаланып кетуде.
Бөлісу:

18 пікір

Marco
жақсы идея екен))
serjan
Осы біз Қазақтар неге өз-өзімізден проблема жасап аламыз, қайдағы бір стрес дей ме, психологиялық ауыртпашылық дей ме әйтеуір. Ешқандай психолог деген адамды көрмей ақ мектеп бітірдік, университетке түстік қой, керісінше соның бәрін көріп шыңдала түспей ме адам.
Marco
Айтпа, стресс дегенді оқып алып не болса содан қорқатынды шығардық. Жазда қой сойып жатсам, балам келе жатыр екен. Әуелі қорқып кетер дедім. Бірақ, біз де соны көріп өстік қой, көре берсін дедім. Бауыздап болғасын кетіп қалды. Үйге барып мамасына қой құсып жатыр депті. )))
AKY
былтыр сөйтіп қой сойғанда 2 бауырым жүрген 3-4 жасар. Біреуі былқ етпей қарап тұрды да, ал екіншісі үйге жылап келіп, біразға дейін өз-өзіне келе алмады. Мен таң қалдым оның нәзік жандылығына әрі аядым, өзіміз де кезінде қарап тұра беретінбіз мал сойып жатқанда.
AL-ASTER
Баяғыда ауылда егіліп жылағаным есімде. Себебі ақ бас сиыр сенікі дейтін, бір күні ойнап келсем, әлгіні құлатып алып сояйын деп жатыр. 4 жаста болатынмын, себебі ол жылы інім дүниеге келген.)
meirzhan
Қазір заман басқа. Адамддардың жүйкесі жұқаруда, сондықтан стресске шалдығады.
Әрине, проблеманы ойдан шығаруға болмайды, бірақ бар проблемаға көз жұмуға да болмайды. Жастар арасында өз-өзіне қол салулар болды. (соңғы жылдарда көп дейді ғой). Оқудан шығып кеткендер арасында өмірін қиғандар да болды.
araika
Сіздің мектеп бітіргеніңізге қанша жыл болды? Уақыт біраз нәрселерді өзгеріске ұшырата алады. Сондықтан салыстырмалы түрде қараған жөн сияқты.

Стресс болады. Сол себепті психологиялық дайындықтың болғаны жақсы. Ол арнайы маманнан болмаса, өзін-өзі дайындап үйрену керек.
asaubota
физика бойынша қандай оқуға түсуге болады деп жатқандар бар. былтыр жақсы балл алса да, биология болғасын түсе алмағандар көп болған екен. сонда мақсат тек қалай болғанда да тегін оқуға түсу. баланың өз еркімен мамандық таңдау құқығы жоқ. осы үшін ауылға барып та мектеп бітіріп жатыр.
AKA
Ауылдық квотаның жеңілдігін білген соң, көбі 10-11 сыныпта ауылға оқуға кететін. Кейін бұған да өзгеріс енді, кемінде 3 жыл ауылда оқу керек екен. Яғни, 9-10-11 сыныптарды міндетті түрде ауылдық жерде оқуы тиіс. Бірақ, осы шарттың қабылданғанын нақты білмедім, кезінде бізге солай айтқан болатын.
Zhan
Бір рет менде осындай әңгіменің шет жағасын естігем. Әпшем қызын Шымқаладағы басқа мектепке ауыстырсам ба деген ойда жүр екен. Неге деп сұрасам «Ой, қызымның көптеген кластастары ауылға кетіп қалды. Класында оншақты ғана бала қалыпты. Бәрі ауылдық жерде оқып келсе балына пайыз қосылады дегенді естіп ауыл мектебіне оқуға кетіп жатыр» деді. Мен әзілдеп «Онда қызыңызды да жібермейсіз бе?» деп ем, "қойшы соған бола ма? Өз білімімен түссін, дайындалсын. Оған әлден оқы, дайындал деп айтып жатырмын" деді. Бірақ әпшемнің қызы түсе алмады. Қазір платныйда бір оқу орнында оқып жатыр. Ішімнен «адамнан қулық артылмайды» деген осы деп қоямын. Бірақ, бала білімді, оқуға түсем деген талпынысы болса қалайда түседі екен. Есесіне басқа бір жиен сіңлім 100-ден аса балл жинап, ЕНУ-ға түсті. Биыл 1 курс.
satibaldi
ЕНУ-ға түсті
Кейбір мұғалімдерді айтып келмей ме үйге, "құдай сақтасын, қаһарынан қар борайтын қауіпті біреулер екен" деп?
balzaminka
«ауыл» квотасы кеңес дәуірінен келе жатқан нәрсе ғо, тек соңғы кезде қатты мода болып кеткені
izbasar
Мектептегі жылдағы проблема. Баяғы жартас сол жартас! Келер жылыда солай болды.
konvict
Біздің білім жүйесіне революциялы реформа керек. Әйпесе бір нәрсе өзгереді деп ойлау күлкілі. Мысалы қазір 11-класс оқитындар тест тапсыратын сабақтан басқасын оқымайды. Қажеті жоқ деп есептейді. Өз кезегінде мұғалімдер күнде балаға қысым жасап 2 сағат тестке дайындалдыртады. Білім файл емес қой флешкаға көшіре салар. Мұғалімді де түсінуге болады. Тесттен бір оқушы 2 алса, директордың, сол пән мұғалімі қатаң сөгіс алады. Тіпті, жұмыстан қуылатын кезі де болады. Сондықтан олар оқушыны қианп дайындатқызуға бар. Келесі сөз кезегін аудандық білім басқармасы алады. Ауданның қамы үшін тесттің жауабын өздері сатады. Соның себебінен өмірі 3 алып көрмеген бір оқушы вариантын қате жазып алуы арқылы төмен балл алса, әкесі бай біреу грантқа ілігіп кетеді. Соңында дым білмейтін мамандар өсіп шығады.
Менің жиен інім бар. Өзімнен бір жас кіші. Биыл колледж бітіреді. Өзі қызыл алмақшы. Өткенде бір жағдай болып етістікке мысал келтірші десем жауап бере алмайды. Ол секілділер көп қазір. Мүмкін ол ертең жақсы маман болар, бірақ білімсіз маман.
Қазір өзі сварщиктің, механизатордың оқуына баратындар бар ма екен?