Танымал психолог тойда соққыға жығылды
АТЫРАУ. 12 қаңтар. ҚызАқпарат /Әндірей Сақалов/ — «Кеше Атырау қаласындағы бір тойда белгілі психолог, „Метросексуализм негіздері“, „Сый-құрметке жаңаша көзқарас“, „Менің де құрметім шексіз“ кітаптарының авторы, „Бір қолмен амандасуды үйренейік“ атты курстарымен танымал болған Тамерлан Нуриев соққыға жығылып, сол қолы сынды»,
— деп хабарлайды Қызақпарат, Мақатньюске сілтеме көрсетіп.
Психологтың өзі «Бір түсініспеушіліктер болды. Қазір ешқандай мәселе жоқ» десе де «Аноним Еркектер Қауымдастығы» Facebook желісінде және Асаттық сайтында өз наразылықтарын білдіруде.
енді дұрысталып келесің, толық ақпарат көзін көрсетіп. әйтпесе ақпаратты қабылдау кезінде хай-вайлар болғанын өзің көрдің өткен күндерде
Ойымды тағы да дұрыс жеткізе алмадым ба?