Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш Жексенұлы - Есіңе мені алғайсың



с. М.Мақатаев
ә. Л.Әбдіхалықова

Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың

Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың

Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Бөлісу:

26 пікір

AKA
 Екеуі де әнді жақсы орындайды. Әсіресе Жұбаныштың даусына риза боламын.  Әдемі ән!
sabalak
Лена апамыз кезінде осы өлең жолдарын Мэлс ағамызға айтыстың финалы кезінде әнін сол жерде шығарып арнаған екен дейді.
AKY
Л.Әбдіхалықованың сөзіне жазылған «Көздеріңе ғашықпын» әні ұнайды
AKA
Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп.

Осы ән?
AKY
Қайда жүресең, әрқашан да жүр аман,
Тағдырдан мен басқа тілек сұраман…
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам…
AKA
Тауып әкелдім

AKY
Орындаушысы кім?
Біздің Ляйля күшті айтады осыны домбырамен. Жатақханада айтқызып қойып тыңдайтынбыз.
AKA
Еленаның өзі болуы керек.
dark_nazgul
маған бұл әнді Роза Әлқожа үйреткен бір кезде. Мақпал Жүнісова айтады.
sammita
бұрны Тоқтар Серіков айтатын домбырамен. әдемі.
meirzhan
Термеге ұқсайде екен.
AKY
Бұлай қатты зарламай, жеңілдеу айтса әдемі шығады.
meirzhan
Былай да жақсы, далада машинамен келе жатып тыңдағанға, әсіресе жазғы жаңбырлы күн болса, аспанда бұлт. Көз алдынды қазақтың даласы, алыстан тау етегі, молалар көрінеді.
AKY
КетЧай, муахахабат туралы ән бұл! Өтірік ассоцияңдысс
meirzhan
Сөзіне мән бермеппін
meirzhan
Әуенін тыңдасам, ата-баба өсиеті, имандылыққа шақыру, дүниелік, өмір фәлсафасы туралы сияқты. Сөзі басқа
dark_nazgul
хехе. бұл әннің сөздерін Ұлықбек есдәулет жазған. әні Ленаныкі.
satibaldi
Осы сөзге ән жазыла ма, әлде әнге сөз жазыла ма? Әлде поқ па?
marmad
Сатыбалды Кербабаев ешқандай аке шешенің тәрбиесін көрмеген,үлкенді үлкендеп кішіні кішідеп сыйлау білмейтін жан екенсің әутеур аман бол, ескертем ешкашан адамга тіл тигізбе арты жаман болады; БҰЛ ЕСКЕРТУ
satibaldi
Жақсы өлең ше негізі, сәнін тойдағы бықсывалған қатындар, Мәдинаны еске алып мұңаюшылар кетірді.
TOTY
Мына әннің аудиосын поштама салып жіберетін жан табылса… аса қуаныштымын…
t.atysheva@gmail.com