Emmy жүлдесін алған жалғыз қазақ

Emmy — Америкадағы ТВ саласындағы беделді жүлде. Жыл сайын әр түрлі номинация бойынша ТВ саласындағы үздік режиссер, продюсер, оператор т.б беріледі.

Осы жүлдені 2003 жылы «Бір түрік жеңіп алды» деп түрік баспасөзі шулаған екен. Шулағанда қалай, олар да кеш естіген екен. Түрік болғанда әрине туған жері Түркия, өзі Түркия азаматы. Бірақ, оның негізі қазақ екенін көпшілік білмейді екен. Маған мұны жақында batyr досым айтты.

Сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Мұндай үлкен жүлдені алу әрине біздер үшін де үлкен мақтаныш болуы керек.
Әрі қарай

Q-pot Phone - қыздарға шоколад телефон

14 ақпан Махаббат күніне арнап, жапондық 2 компания бірігіп бір өнім шығарыпты. NTT Docomo деген телекоммуникация компаниясы және шоколад дизайнымен айналысатын Q-pot шоколадты телефон шығарыпты. Бір қарағанда шоколадтан аумайтын бұл телефонды әрине жеуге болмайды

Android 2.3. жүйесімен жұмыс істейтін бұл телефондар қазір 520 доллар бағамен сатылуда Жапонияда.
Әрі қарай

Өте-мөте жиі қойылатын сұрақтарға жалпылама жауаптар

(Мой мир, Бетібоқ, Твиттердегі сілтемелерга жауап ретінде келетін сұрақтарға жауап)

Q.Бұл сайттың мақсаты не?
A. Бұл сайттың мақсаты — Максты өлтіру; мақсатсыз өмір салтын насихаттау.

Q.Бұл сайт кімдер үшін?
A. Егер айналаңдағылар сен үшін қалыптастырған жалған сыйластықтан; көрген сайын үш мәрте реверанс жасап сәлемдесуден; па жасап қоштасудан; өтірік қимай жылайтын
Әрі қарай

Ешкі жетектеген он тоғыз

Сайтымыздың белді мүшесі qisyq -тың «Ашық хатына» ақталу

Мүштәр Мақановтар өзі бойкүйез бәле боп жабысты: саясатта жолы болмаса — тілге қайтып келе салатын боп алыпты.
Арызқой амиго асқан байқампаздықты талап ете бермейтін әдіспен, сайттағы кейбір әрекеттерімнің шетінен тартып-тартып, Болат ағайдың сүйікті ісі — жеке басқа табынушылықты дәріптеуге балап қойыпты.
Дәл сол уақытта, посттарымның көзге күйік болып алдыңғы бетке шығып кетуінде қарапайым ғана
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Төртінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші және үшінші постта.

Қылмыскер әйелдер туралы постымды жалғастырайын.


Мафияға жұмыс істеген жезөкшелер. Мейрамханаларда бай клиенттермен танысып, олармен кездесіп жүреді. Уақыты келгенде махаббат ойындары қызыл қырғынға ұласып, құрбандардың пәтерлері түк қалдырмай тоналады.
Әрі қарай

Айтыңдаршы неге? (Tell Me Why?)


Сілтеме www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=pBMuyFGhGF4

Айтыңдаршы неге?

Түсімде ән салған балалар
Әрбір ұл мен қыз үшін сүйіспеншілік әні
Ол жақта көк аспан, жасыл дала
Ал күлкілері — әлем тілдерінде
Сосын мен оянып, бар көргенім
Мұқтаж адамдарға толы мына дүние

Әрі қарай

«Отырықшылық» өмір салтын ұстанатындарға арналған ақпарат



Қазір компьютер хайуани қажеттіліктерден басқаның бәрін алмастыратын заманда, адамның сиіп-тышу мен ішіп-жемге кеткен уақыттын есептемегенде, бүкшиіп отырған күйі кейде күніне 8-10 сағатқа дейін монитордан ажырамайтын кездер болады.

Отырған жерінде омалғандар көбейіп кеткендіктен, онымен байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (көтаурудің бір түрі), геморрой (бұл да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омыртқа ауруы), миопия (әлжуаз әшкәристер ауруы), т.б ищщаа-кәпір бәлелердің кесірінен адамның уақытынан бұрын 20-25 жастан бастап-ақ істен шығуы, жұмысқа қабілеті, секске тәбеті төмендеуі пысық американ бастықтарын өз офистеріне «зыржолағы» бар тренажер үстелдер қоюға мәжбүрледі. Типі нақ, компьютерден көзіңді алмастан, жаяу жүріп қайтуға, жүгіруге болатындай етіп… Эхх. Нағыз өмір осылардыкі нақ, біздің қаззақтарға оған жету қайда-а-а деп мұңайғаннан басқа ештеңе қалмайтын сияқты.
Әрі қарай

Марк та мәңгүрт екен...

Кеше қаззақтардың «Ар-намыс, көтеріңкі көкірек» қоғамдық қозғалысының тапсырысымен жасалған зерттеуімді аяқтадым.
Тапсырма бойынша өткен жылы Facebook желісіне тіркеліп, оның қожайыны Марк Цукербергтің ар-ожданын, намысын, іскерлік репутациясын қаралайтын, балағаттайтын, аяққа таптайтын жазбаларды қазақ тілінде орнатып жүрдім. Жұмыс аясында барлығы 571 жазба жазыппын, оның барлығы дерлік Марк Цукербергтің өзін, шешесін, әкесін, отанын, достарын ғайбаттауға
Әрі қарай