Марк та мәңгүрт екен...

Кеше қаззақтардың «Ар-намыс, көтеріңкі көкірек» қоғамдық қозғалысының тапсырысымен жасалған зерттеуімді аяқтадым.
Тапсырма бойынша өткен жылы Facebook желісіне тіркеліп, оның қожайыны Марк Цукербергтің ар-ожданын, намысын, іскерлік репутациясын қаралайтын, балағаттайтын, аяққа таптайтын жазбаларды қазақ тілінде орнатып жүрдім. Жұмыс аясында барлығы 571 жазба жазыппын, оның барлығы дерлік Марк Цукербергтің өзін, шешесін, әкесін, отанын, достарын ғайбаттауға арналған.
Саламатсыз ба, Марк апай, қал қалаааай!!!
Нәтиже мәз емес. Жазбалар өшірілмек түгілі, маған бан да қойылған жоқ. Тіпті барыңнан жоғы Маркке. Мысалы, тап соны швед тілінде жазсам, екі күнге жетпей жойылатыным белгілі. Бұл әлеуметтік желілердің қожайындары әлі де қазақ тілін меңгермегенін, кең даланың күмбірлеген домбырасының үнін Луизиананың даңғырлаған джазына алмастырған намыссыздар екенін көрсетіп отыр.
Айтпақшы осы жәйтке өзім ғана қынжылдым: қоғамдық қор иесі есепхатымды алып, ақымды берді де, «осы жылға да тақырып ойластырып жүрш ия ма, ақпанның аяғында грант аламыз» дейд.
Шешесс…
Бөлісу:

15 пікір

Aldeken

браво!!! аптыр тағыдажаз
serjan
Қайдағыны ойлап табатының ай.
Gastarbaiter
 Артым люфты болғанша күлдім
ereke_enu
Не туралы екенін оқымадым, тек бірнәрсе айтайын дегем: МАРК — АВТОРИТЕТ ЕМЕС!!!
Gastarbaiter
Книгу не читал, но автора осуждаю ©
ereke_enu
Маркты кинода мықты прогер қылып көрсетеді ғой, соған қатысты айтам)
ereke_enu
Аздап қызғанышым бар тағы бар)))
ereke_enu
Біреу біреудің әке-шешесін боқтап жатыр… Неғып браво деп жатырсыңдар?) Мәңгүрт деп, қателеспесем, өз ана тілін білмейтін адамды айтады. Жақсы, кеттім. Мына жерде менің де аузым іріп кететін жайы бар…
AL-ASTER
«Ар-намыс, көтеріңкі көкірек»

dark_nazgul
Цукербергтің төбесі тесік болса қайтер едіңіз?