Үш бөлмелі пәтер беріңізші..
“Салматсыз ба Нина тәтей”
“Сәлем Бекжан, қал ахуал жақсы ма?”
“Шүкір, аман есен, не ғой маған пәтер беріңізші”
“Кеше жаңа тауарлар әкелген, саған қанша бөлмелісі керек?”
“Екі бөлмелісі қанша?”
“Кешірерсіз, мен асығып тұр едім, маған бір офис бересіз бе?”
“Қанша шаршы метр?”
“Бес жүз шаршы метр жетіп қалар”
“кеше ғана келіп түскен, бір қабат толығымен, алты жүз шаршы метр”
“Болады, қай жерде орналасқан? бағасы қанша?”
“Абай мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында, қазір қарап жіберейін бағасын, отыз мың теңге екен”
“Жарайды, бере салыңызшы”
“Кешірерсің, сонымен қанша бөлмелі пәтер алатын болдың”
“Білмей тұрмын, үш бөлмеліге ақшам жетпейтін сияқты, әзірше екі бөлмелісін бере салыңыз”
“Жарайды, қазір..”
“Айтпақшы терезесі Көк төбеге қарайтыны жоқ па екен?”
“Қазір, Людмилааа, бізде терезесі Көк төбеге шығатын пәтер бар ма? аа, бар екен, алатын болдың ба?”
“Ия, сонымен қанша болды бағасы?”
“Жиырма мың ғой сол..”
“Мінекейіңіз, сосын маған бір бөлке нан, бір келі қант, екі келі ет бере салыңызшы..”
Оянып кетсем түсім екен… О тоуба, пәтерді дүкеннен нан алғандай сатып алады екенбіз… Нина тәтейлер қазақшаға судай екен… ех…түс түлкінің боғы деуші еді марқұм әжем…)
24.07.2008 Жеке блогымда жарияланған жазба..)

Үш бөлмелі үй онша емес, қалада тұрсаң. Ауылдан туыс-тамыр, дос-жаран дегендерге тегін қонақ үй болып қала бермек.
Бір бөлмелі пәтерге көшкім келеді, шаршадым