Айтыңдаршы неге? (Tell Me Why?)


Сілтеме www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=pBMuyFGhGF4

Айтыңдаршы неге?

Түсімде ән салған балалар
Әрбір ұл мен қыз үшін сүйіспеншілік әні
Ол жақта көк аспан, жасыл дала
Ал күлкілері — әлем тілдерінде
Сосын мен оянып, бар көргенім
Мұқтаж адамдарға толы мына дүние

Қайырмасы:
Айтыңдаршы маған, неге осылай болуы керек?
Айтыңдаршы маған, неге? Бәлкім мен, әлденені ұқпадым ба?
Айтыңдаршы маған, неге? Мен түсіне алмаудамын
Көптеген адам өзгенің көмегіне мұқтаж кезде
Біз қол ұшын беріп көмектеспейміз
Айтыңдаршы маған, неге?

Әр күні өзіме сұрақ қоямын
Мен не жасауым қажет, Адам болуым үшін?
Табанды тұрып шайқасуым қажет пе
Өзімнің Кім екенімді дәлелдеу үшін?
Осы үшін бе менің өмірім
Соғысы бітпейтін әлемге жұмсауым үшін?

Опыр топыр "қопарма" үшін ғафу етіңіздер, бірәдару азиз керектестер.
Әннің энглиш тіліндегі мәтіні және орысша аудармасы.
Бөлісу:

2 пікір

Gulistan
Намба жабылғалы өлеңдерді ала алмай жүрмін, әйтпесе тыңдап көру керек еді.
Marco
сөз жоқ мықты өлең. клип те әсерлі.