Мұстафа Өзтүрік билеген Қаражорға

Бұрын Түріктердің тарихи Қараоғлан фильмінде ойнаған қазақтар деген жазбамда 1965 жылы бір түрік киносында ойнаған қазақтар және сол кинода биленген Қаражорға туралы жазған едім. Ол кинода Мұстафа Өзтүріктің әкесі ойнаған. Ал, Қаражорға биін Салкүрең күйімен билеген екен.

Стамбулдан Абдулвахап Қара Фейсбукте Мұстафа Өзтүрік ойнаған «Алатай» фидьмінің бір фрагментімен бөлісті. Ол жерде Мұстафа және басқа қазақ жастары Қаражорға билеп жатыр. Қай әуенге екені белгісіз, видеода Қаражорғаның қазіргі әуені қосылған.

Әрі қарай

Танымал боксшы Дэвид Хэй исламға кіріп шықты


WBA версиясы бойынша әлем чемпионы Дэвид Хэй өткен аптада ислам дінін қабылдағанын жария еткен болатын. Бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісімен әлемге жар салған Хэй кеше исламнан шыққанын мәлімдеді. Он мыңдаған ретвит жасалып, бір мезетте миллиондаған фанат жинап үлгерген боксшыға қазір әлемторда лағынеттер жаууда.
Әрі қарай

Орташа Есеппен Қазақ Пульті



— Сыртындағы целлофан қабы ұзақ уақыт шешілмейді.
— Батарейкасы толық өлгенше пайдаланылады, күші әлсіз кездерде қолды барынша ұзатып басылады.
— Ең әлсіз тұсы — артындағы батарейка салынатын жері. Ол жер скочпен оралады.
— Балалардың ойыншығы: ауызға салынады, неше түрлі түймелері басылып көріледі байқамай.
— Үйдегі жиі жоғалатын заттардың бірі. Әдетте диван, төсектің артына түсіп кетеді. Жастықтың астында жатады.
— Түймелерінің біразы басылмайды, өйткені не үшін тұрғандары түсініксіз.
— Жастары бар үйлерде әдетте ТВді соңғы сөндірген адам күнәсіз бір каналға қойып барып сөндіреді.
— Пульт — биліктің символы. Осы үшін балалар мен үлкендер, ерлі-зайыптылардың арасында жанжалдар шығып жатады.
Әрі қарай

Шалдардың бәсі

Бала кезімде атамның атының артына мінгесіп тарауық намазына баратынмын. Соғысты көрген үлкендердің бір шетін көріп қалдым соның арқасында. Бірақ бұл жазбаның соғыс көрген шалдарға қатысы жоқ. Менің атам 1936-шы жылғы. соғыс кезінде өгізбен жер жыртқан, тас диірмен тартқан бала.Нағыз балалығын ұрлатқан буын өкілі…
Әрі қарай

Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Бейтаныс туындының құнын алғаш көргеннен-ақ анықтау қиын екендігін кім біліпті. Әйтеуір, талғамға талас жоқтың керімен жүрсе де, біреудің дегеніне мойын бұрып, ақыл тоқтатудан қалған емес. Тарихты ақтарсақ, ешкімнің сүрлеуін қайталамайтындай-ақ соны бағытқа жол тартқан, болмаса қалыпты шеңбердің көлемін кеңейтуге ғана атсалысып отырған, тіптен болмай, жүз жылдық қалыптасқан торға өзін бейсаналы түрде тықпалап отырған әркелкі шешімдерге куә.

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды

Кинематографияда бұның санаға қонымды шекарасы әлі де айқындалмаған. Режиссердің жасаған әр қадамын жүз жылдық клишемен түсіндіріп беруге болады ма, болмаса өзі үшін де, өзінің саласы үшінде батыл шешім жасап отыр ма – анықтау қиын. Әсіресе, қазіргі кездегі кино тарихы мен географиясының кеңейіп, тақырыптарының күрделене бастауынан – ақтаңдақ тұстар азая түсті, онда бейімделу қиындап кетті.

Өмірбаян: Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды, ал сол уақытта жапон анимесі өзінің диснейлік-емес әлемін құрып үлгерген көрінеді.
Әрі қарай

«Қара киімді әйелмен» түн өткізген Гарри Поттер



Сықырлаған еден, жабылып, ашылмай қалатын есік, тірі пендесі жоқ үйдің екінші қабатындағы терезеден қарап тұрған әйел, айдалада салынған алып үй, музыкалы ойыншықтар… Бір қарағанда «Қара киімді әйелдің» (Женщина в черном / The Woman in Black) ерекше ештеңесі жоқ: көрдің, бір-екі рет бақырдың (бақырмауыңыз да мүмкін, алайда, жүрегіңіз зірк етпей қалмайды), ұмыттың, болды. Бірақ…
Әрі қарай

Керек...


Армысыз, ағайын менен апайын!

«Тойдың болғаннан боладысы қызық» дегенді енді сезініп жүргендеймін.
Былтыр сырттан ғана бақылап жүрген едік.

Кедесуімізге сегіз күн қалды. Жан-жақтан не істейік, қандай көмек керек деп сұрап жатыр. Қуантарлық жағдай. Аудиториялар, блокнот, қалам, кофе брейк, кітапшаларға қатысты мәселелер шешілді.
Сонымен қазір бізге не керек?
Әрі қарай