Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива
Бейтаныс туындының құнын алғаш көргеннен-ақ анықтау қиын екендігін кім біліпті. Әйтеуір, талғамға талас жоқтың керімен жүрсе де, біреудің дегеніне мойын бұрып, ақыл тоқтатудан қалған емес. Тарихты ақтарсақ, ешкімнің сүрлеуін қайталамайтындай-ақ соны бағытқа жол тартқан, болмаса қалыпты шеңбердің көлемін кеңейтуге ғана атсалысып отырған, тіптен болмай, жүз жылдық қалыптасқан торға өзін бейсаналы түрде тықпалап отырған әркелкі шешімдерге куә.
Кинематографияда бұның санаға қонымды шекарасы әлі де айқындалмаған. Режиссердің жасаған әр қадамын жүз жылдық клишемен түсіндіріп беруге болады ма, болмаса өзі үшін де, өзінің саласы үшінде батыл шешім жасап отыр ма – анықтау қиын. Әсіресе, қазіргі кездегі кино тарихы мен географиясының кеңейіп, тақырыптарының күрделене бастауынан – ақтаңдақ тұстар азая түсті, онда бейімделу қиындап кетті.
Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды, ал сол уақытта жапон анимесі өзінің диснейлік-емес әлемін құрып үлгерген көрінеді.
Хаяо ақсақалдың бұл әлемді құрудағы қаламының қарқыны ешкімге ұқсамас пішінмен өрнектелген. Миядзакидің әрбір туындысы елестердің, жын-перілердің тілімен сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады, қалдырып қана қоймайды – ол әсерден біраз уақытқа дейін арылтпайды, бойды билеп алады. Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттің сезімдері ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ. Ол әлемнің есігін айқара ашып кірген адам, өзінің дөрекілігінен шошып, тіпті орнынан ыршып тұрып, безіп кетуіне сәл-ақ қалуы бек мүмкін. Яки, онда ізіңді салар болсаң, артқа қайтар жол болмайтындай елестейді.
Қазақы табиғилық пен даланың сарынымен еркін сөйлесетін ерекше дүниетанымға қисық, бүк келмесе де, Хаяо ақсақалдың анимелерін батыстық көрермен тыныш истерикалық көңілмен қарап, мәңгіге сол танымның шеңберінде айналсоқтап жүргендей болады. Онысын «Елестер еліткен» фильмінің құрықтап аларлық қуатынан кейін 2001 жылы әркелкі престиждік сыйлықтарын таратып беру арқылы дәлелдеп-ақ берді. Шынында, бұл картинаны қарап отырып, адам қиялының шеңберін, шегін ойша бедерлеп отырасың. Әрбір қадамыңды жын мен перілердің талқысына жіберіп, өзінің ғана тірі қалу ережелері бар әлемді құрастырып шығу – есуастың ғана қолынан келетіндей көрінеді.
Хаяо Миядзаки сияқты өз ісінің шеберін өзіне лайықты бағадан артық бірдеңе айту мүмкін емес. Оның үстіне, қазір бүкіл әлем бұл таланттың алдында бөрігін басынан шешіп те үлгерді.
Желді алқаптан келген Навсикая (1984)
Биологиялық апаттан жалғыз ғана патшалық аман қалады – Желді алқап. Енді, оның халқының да тірі қалуына қауіп төне бастайды. Төніп келе жатқан зұлымдықты тоқтатып, патшалықты аман алып қалу Навсикая ханшайымның ғана қолынан келетін сияқты. Ол бұзылған экожүйенің кесірінен дүниеге келген әркелкі Орман жәндіктерімен ортақ тіл табыса алатын қасиетке ие еді.
Лапута: Аспандағы сарай (1986)
Ұшатын Тас Сита есімді қыздың қолына кездейсоқ түсіп қалады. Сол кезде тасты табуға Үкіметтің үздік агенттері мен қатігез Пираттар кіріскен болатын. Пираттар мен агенттерден қашып жүріп, Сита өзінің құрдасы, шахтерлер қаласындағы Пазуды кездестіреді. Екеуі әртүрлі шытырман оқиғаларға тап болып жүріп, Ұшатын Тастың аспандағы сарай Лапутаға апаратын кілт екенін анықтайды.
Менің көршім Тоторо (1988)
Барлық фильмдердің ішіндегі ең поэтикалық, балаға айтып берер ертегіге татитыны – осы. Оқиға кішкентай Сатсуки мен Мэйдің отбасымен, отбасы болғанда әкесімен, ауылға көшіп келуінен басталады. Балалардың ұшқыр қиялы қабылдайтынды үлкендер түсіне бермейтіні, көре алмайтыны бар ғой. Апалы-сіңлілілер сондай сәттердің бірінде Тоторомен танысады, Ол – орманның рухы, тролль. Осылайша үлкендердің назарынан тыс, тылсым әлемнің сыры кішкентай қыздардың алдына көлденеңінен жайылады. Орманның рухы қиялшыл қыздарды әуе саяхатына әкетеді, оларға өзінің Орман әлемін таныстырады, ауруханада жатқан анасына барып қайтады.
Кикидің жеткізу қызметі (1989)
Тағы да ертегі. Бұл жолы 13 жастағы жеке өмір сүруді шешкен жалмауыз қыз туралы. Бұл жалмауыздар әлемінің ежелгі дәстүрі бойынша, әрбір 13-ке енді толған қыз жалмауыздар тұрмайтын қалада бір жыл өмір сүруі керек. Сол себепті, кішкене Кики өзінің Дзидзи есімді мысығын ертіп, жағалаудағы Корико қаласына қоныс аударады. Ол қалада Кики өмір сүру үшін пошта қызметіне жұмысқа орналасады. Ол хаттарды өзінің сыпырғысымен тасуға кіріседі.
Порко Россо (1992)
Бірінші дүние соғысында ерлік көрсеткен итальяндық пилот Марко Паготта туралы қаһармандық хикая. Соғыстан кейін, адамдардан, өзінің жұмысынан, тіпті өзінен де көңілі қалған бұрынғы қаһарман ұшқыш Адриатика жағалауында жалдамалы құтқарушылыққа кіріседі. Тіпті, қызыл доңызға да айналып үлгереді. Оның гидроұшағын көрген аспан пираттары қорқыныштан бұтына жіберіп, басы ауа қаша бастайды екен. Бірақ, осының барлығы бәрібір оған жан тыныштығын, рахат сезімін еш сыйламайтын сияқты.
Мононокэ ханшайым (1997)
Ашитаки ханзада алып қабанды аяусыз өлтіріп, өлімге апаратын қарғысқа ұшырайды. Әркім өз тағыдырын өзгерте алады дейді кемпір балгер. Осы сөзге шын жүрегімен сеніп, Ашитаки ханзада алыс сапарға аттанады. Сапарлап жүріп, Эбоши ханым басқаратын патшалықтың шекарасына аяғын басады. Ол патшалықтың тұрғындары орманның жәндіктерімен аяусыз соғысып жатқан екен: жындар, рухтар, алып жәндіктер. Сондай-ақ, олардың арасында Мононокэ ханшайым да бар, қасқырдан туған аңдардың патшайымы. Бұдан былай, бәрінің тағдыры Ашитакидің шешіміне байланып тұрады.
Елестер еліткен (2001)
Кішкентай Тихиро ата-анасымен жаңа үйге қоныс аударады. Нақтырағы – қоныс аудармақшы болады. Көлікте заттарымен көшіп келе жатып, жолдан адасып кетеді. Содан олар құпия үңгірдің алдына тап болады. Үңгірдің арғы бетінде оларды тылсым қала мен ұлан-асыр дастархан қарсы алып, күтіп отырады. Сол сәтте, дастархандағыны ашқарақтана жей бастаған Тихироның ата-анасы шошқаларға айналып кетеді. Олар ежелгі құдайлар мен құдіретті рухтардың әлеміне тап болып, оның патшайымы Юбабаның тұтқынына түседі. Елестер мен рухтардың құпия әлеміне тап болған кішкентай Тихиро өз ата-анасын қатігез кемпірдің зұлым ережесі бойынша өмір сүріп, құтаруға тырысуы керек.
Хаулдың жылжымалы сарайы (2004)
Оқиға 18 жастағы Софиді кемпірге айналдырып жіберуінен басталады. Оны кемпірге айналдырған жалмауыз бұл қарғыстан шынайы махаббат қана құтқаратынын айтады. Өзіне көмектесуі мүмкін адамдарды іздестіріп жүріп, Софи сиқыршы Хаул және оның қызметкері Кальцифермен танысады. Кальцифер Хаулға қызмет етуге міндетті. Оларды құпия келісім байланыстырып тұрады, ал келісімнің шарттарын ешкім білмеуі керек. Осыдан кейін, Софи мен Кальцифер бір-біріне көмектесуді ұйғарады.
Теңіз жартасындағы Понье (2008)
Кішкентай және ел көруге құмар Понье жағалаудағы адамдардың өмірін бақылау үшін өз үйінен қашып кетеді. Шошақай понье ойнап жүріп, банкаға тап болады, ал толқын банкадағы Поньены жағалауға шығарып тастайды. Оны бес жастағы Сооске тауып ала қояды. Ол екеуі бір-біріне үйреніп кетеді. Енді, кішкентай балық Поньенің бір ғана арманы болады – адамға айналу.
Қорытынды
Туындыны туынды деп бағалардан алдын, оның көкжиегі мен шексіз мүмкіндіктерін санада сан мәрте айналдыруыңыз бек мүмкін. Бірақ, қайта-қайта айналған әрбір кадр, әрбір сюжеттік шешім бұл ойыңыздың беки түсуіне ғана қызмет етеді. Хаяо Миядзакидің фильмдерінің мысалында бұған тіпті еш күмән де қалмағандай. Әрине, кәсіби мамандардың дәстүрлі пікірінен, бағалауынан бұрын әркім өзінен бастап көрсе, өз талғамы деңгейінен қараса. Туындының бағасы сол кезде ғана шынайы келбетін ашатын еді.
Хаяо ақсақалдың ескі тақырыптарға жапондық таныммен қарап, жаңа экшндік сипат беруінің өзі, жапондық діни элементтердің жүруі, тіпті фольклордың сарқылмас күшін аяусыз пайдалануы да – бәрі, Хаяо туындыларының сарқылмас қазынасы.
Хаяо ақсақалдың құрметіне орнымыздан тұрып, ебедейсіз иіліп, бөрігімізді кетіріп, әр фильмнен ләззат алу ғана қалған сияқты. Кім білсін, Тоторо әрбіріміздің үйімізде тығылып, Кики әр қайсымыздың қаламызда хат тасып та жүрген шығар.
Жазбаның түпнұсқасы — жеке блогымда.
Жазба — киностанда.
Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды
Кинематографияда бұның санаға қонымды шекарасы әлі де айқындалмаған. Режиссердің жасаған әр қадамын жүз жылдық клишемен түсіндіріп беруге болады ма, болмаса өзі үшін де, өзінің саласы үшінде батыл шешім жасап отыр ма – анықтау қиын. Әсіресе, қазіргі кездегі кино тарихы мен географиясының кеңейіп, тақырыптарының күрделене бастауынан – ақтаңдақ тұстар азая түсті, онда бейімделу қиындап кетті.
Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды, ал сол уақытта жапон анимесі өзінің диснейлік-емес әлемін құрып үлгерген көрінеді.
Хаяо ақсақалдың бұл әлемді құрудағы қаламының қарқыны ешкімге ұқсамас пішінмен өрнектелген. Миядзакидің әрбір туындысы елестердің, жын-перілердің тілімен сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады, қалдырып қана қоймайды – ол әсерден біраз уақытқа дейін арылтпайды, бойды билеп алады. Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттің сезімдері ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ. Ол әлемнің есігін айқара ашып кірген адам, өзінің дөрекілігінен шошып, тіпті орнынан ыршып тұрып, безіп кетуіне сәл-ақ қалуы бек мүмкін. Яки, онда ізіңді салар болсаң, артқа қайтар жол болмайтындай елестейді.
Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттің сезімдері ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ.
Қазақы табиғилық пен даланың сарынымен еркін сөйлесетін ерекше дүниетанымға қисық, бүк келмесе де, Хаяо ақсақалдың анимелерін батыстық көрермен тыныш истерикалық көңілмен қарап, мәңгіге сол танымның шеңберінде айналсоқтап жүргендей болады. Онысын «Елестер еліткен» фильмінің құрықтап аларлық қуатынан кейін 2001 жылы әркелкі престиждік сыйлықтарын таратып беру арқылы дәлелдеп-ақ берді. Шынында, бұл картинаны қарап отырып, адам қиялының шеңберін, шегін ойша бедерлеп отырасың. Әрбір қадамыңды жын мен перілердің талқысына жіберіп, өзінің ғана тірі қалу ережелері бар әлемді құрастырып шығу – есуастың ғана қолынан келетіндей көрінеді.
Хаяо Миядзаки сияқты өз ісінің шеберін өзіне лайықты бағадан артық бірдеңе айту мүмкін емес. Оның үстіне, қазір бүкіл әлем бұл таланттың алдында бөрігін басынан шешіп те үлгерді.
Желді алқаптан келген Навсикая (1984)
Биологиялық апаттан жалғыз ғана патшалық аман қалады – Желді алқап. Енді, оның халқының да тірі қалуына қауіп төне бастайды. Төніп келе жатқан зұлымдықты тоқтатып, патшалықты аман алып қалу Навсикая ханшайымның ғана қолынан келетін сияқты. Ол бұзылған экожүйенің кесірінен дүниеге келген әркелкі Орман жәндіктерімен ортақ тіл табыса алатын қасиетке ие еді.
- Режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 116 минут
- Жанры: Анимация / Фэнтези / Шытырман
Лапута: Аспандағы сарай (1986)
Ұшатын Тас Сита есімді қыздың қолына кездейсоқ түсіп қалады. Сол кезде тасты табуға Үкіметтің үздік агенттері мен қатігез Пираттар кіріскен болатын. Пираттар мен агенттерден қашып жүріп, Сита өзінің құрдасы, шахтерлер қаласындағы Пазуды кездестіреді. Екеуі әртүрлі шытырман оқиғаларға тап болып жүріп, Ұшатын Тастың аспандағы сарай Лапутаға апаратын кілт екенін анықтайды.
- Идея авторы, сценарист, режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 124 минут
- Жанры: Фэнтези / Шытырман
Менің көршім Тоторо (1988)
Барлық фильмдердің ішіндегі ең поэтикалық, балаға айтып берер ертегіге татитыны – осы. Оқиға кішкентай Сатсуки мен Мэйдің отбасымен, отбасы болғанда әкесімен, ауылға көшіп келуінен басталады. Балалардың ұшқыр қиялы қабылдайтынды үлкендер түсіне бермейтіні, көре алмайтыны бар ғой. Апалы-сіңлілілер сондай сәттердің бірінде Тоторомен танысады, Ол – орманның рухы, тролль. Осылайша үлкендердің назарынан тыс, тылсым әлемнің сыры кішкентай қыздардың алдына көлденеңінен жайылады. Орманның рухы қиялшыл қыздарды әуе саяхатына әкетеді, оларға өзінің Орман әлемін таныстырады, ауруханада жатқан анасына барып қайтады.
- Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 86 минут
- Жанры: Фэнтези / Романтикалық ертегі
Кикидің жеткізу қызметі (1989)
Тағы да ертегі. Бұл жолы 13 жастағы жеке өмір сүруді шешкен жалмауыз қыз туралы. Бұл жалмауыздар әлемінің ежелгі дәстүрі бойынша, әрбір 13-ке енді толған қыз жалмауыздар тұрмайтын қалада бір жыл өмір сүруі керек. Сол себепті, кішкене Кики өзінің Дзидзи есімді мысығын ертіп, жағалаудағы Корико қаласына қоныс аударады. Ол қалада Кики өмір сүру үшін пошта қызметіне жұмысқа орналасады. Ол хаттарды өзінің сыпырғысымен тасуға кіріседі.
- Режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 112 минут
- Жанры: Фэнтези / Романтикалық ертегі
Порко Россо (1992)
Бірінші дүние соғысында ерлік көрсеткен итальяндық пилот Марко Паготта туралы қаһармандық хикая. Соғыстан кейін, адамдардан, өзінің жұмысынан, тіпті өзінен де көңілі қалған бұрынғы қаһарман ұшқыш Адриатика жағалауында жалдамалы құтқарушылыққа кіріседі. Тіпті, қызыл доңызға да айналып үлгереді. Оның гидроұшағын көрген аспан пираттары қорқыныштан бұтына жіберіп, басы ауа қаша бастайды екен. Бірақ, осының барлығы бәрібір оған жан тыныштығын, рахат сезімін еш сыйламайтын сияқты.
- Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 91 минут
- Жанры: Экшн / Тарихи комедия / Романтика
Мононокэ ханшайым (1997)
Ашитаки ханзада алып қабанды аяусыз өлтіріп, өлімге апаратын қарғысқа ұшырайды. Әркім өз тағыдырын өзгерте алады дейді кемпір балгер. Осы сөзге шын жүрегімен сеніп, Ашитаки ханзада алыс сапарға аттанады. Сапарлап жүріп, Эбоши ханым басқаратын патшалықтың шекарасына аяғын басады. Ол патшалықтың тұрғындары орманның жәндіктерімен аяусыз соғысып жатқан екен: жындар, рухтар, алып жәндіктер. Сондай-ақ, олардың арасында Мононокэ ханшайым да бар, қасқырдан туған аңдардың патшайымы. Бұдан былай, бәрінің тағдыры Ашитакидің шешіміне байланып тұрады.
- Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 134 минут
- Жанры: Фэнтези / Драма / Шытырман
Елестер еліткен (2001)
Кішкентай Тихиро ата-анасымен жаңа үйге қоныс аударады. Нақтырағы – қоныс аудармақшы болады. Көлікте заттарымен көшіп келе жатып, жолдан адасып кетеді. Содан олар құпия үңгірдің алдына тап болады. Үңгірдің арғы бетінде оларды тылсым қала мен ұлан-асыр дастархан қарсы алып, күтіп отырады. Сол сәтте, дастархандағыны ашқарақтана жей бастаған Тихироның ата-анасы шошқаларға айналып кетеді. Олар ежелгі құдайлар мен құдіретті рухтардың әлеміне тап болып, оның патшайымы Юбабаның тұтқынына түседі. Елестер мен рухтардың құпия әлеміне тап болған кішкентай Тихиро өз ата-анасын қатігез кемпірдің зұлым ережесі бойынша өмір сүріп, құтаруға тырысуы керек.
- Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 125 минут
- Жанры: Фэнтези / Шытырман / Драма
Хаулдың жылжымалы сарайы (2004)
Оқиға 18 жастағы Софиді кемпірге айналдырып жіберуінен басталады. Оны кемпірге айналдырған жалмауыз бұл қарғыстан шынайы махаббат қана құтқаратынын айтады. Өзіне көмектесуі мүмкін адамдарды іздестіріп жүріп, Софи сиқыршы Хаул және оның қызметкері Кальцифермен танысады. Кальцифер Хаулға қызмет етуге міндетті. Оларды құпия келісім байланыстырып тұрады, ал келісімнің шарттарын ешкім білмеуі керек. Осыдан кейін, Софи мен Кальцифер бір-біріне көмектесуді ұйғарады.
- Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
- Уақыты: 119 минут
- Жанры: Фэнтези / Мелодрама / Шытырман
Теңіз жартасындағы Понье (2008)
Кішкентай және ел көруге құмар Понье жағалаудағы адамдардың өмірін бақылау үшін өз үйінен қашып кетеді. Шошақай понье ойнап жүріп, банкаға тап болады, ал толқын банкадағы Поньены жағалауға шығарып тастайды. Оны бес жастағы Сооске тауып ала қояды. Ол екеуі бір-біріне үйреніп кетеді. Енді, кішкентай балық Поньенің бір ғана арманы болады – адамға айналу.
- Режиссер: Хаяо Миядзаки
- Өндіруші: Ghibli студиясы
- Уақыты: 101 минут
- Жанры: Фэнтези / Романтикалық ертегі
Қорытынды
Туындыны туынды деп бағалардан алдын, оның көкжиегі мен шексіз мүмкіндіктерін санада сан мәрте айналдыруыңыз бек мүмкін. Бірақ, қайта-қайта айналған әрбір кадр, әрбір сюжеттік шешім бұл ойыңыздың беки түсуіне ғана қызмет етеді. Хаяо Миядзакидің фильмдерінің мысалында бұған тіпті еш күмән де қалмағандай. Әрине, кәсіби мамандардың дәстүрлі пікірінен, бағалауынан бұрын әркім өзінен бастап көрсе, өз талғамы деңгейінен қараса. Туындының бағасы сол кезде ғана шынайы келбетін ашатын еді.
Хаяо ақсақалдың ескі тақырыптарға жапондық таныммен қарап, жаңа экшндік сипат беруінің өзі, жапондық діни элементтердің жүруі, тіпті фольклордың сарқылмас күшін аяусыз пайдалануы да – бәрі, Хаяо туындыларының сарқылмас қазынасы.
Хаяо ақсақалдың құрметіне орнымыздан тұрып, ебедейсіз иіліп, бөрігімізді кетіріп, әр фильмнен ләззат алу ғана қалған сияқты. Кім білсін, Тоторо әрбіріміздің үйімізде тығылып, Кики әр қайсымыздың қаламызда хат тасып та жүрген шығар.
Жазбаның түпнұсқасы — жеке блогымда.
Жазба — киностанда.
Негізі, аниме жанрын онша ұнатпаймын. Бірақ Миядзаки — үлкен исключение!