Керек...


Армысыз, ағайын менен апайын!

«Тойдың болғаннан боладысы қызық» дегенді енді сезініп жүргендеймін.
Былтыр сырттан ғана бақылап жүрген едік.

Кедесуімізге сегіз күн қалды. Жан-жақтан не істейік, қандай көмек керек деп сұрап жатыр. Қуантарлық жағдай. Аудиториялар, блокнот, қалам, кофе брейк, кітапшаларға қатысты мәселелер шешілді.
Сонымен қазір бізге не керек?

— Блог құрылтайға көже жасауға қазан керек. (50 литрлік флягі, 10-15 литрлік көже пісіретін қазан)
— Видеоларға жауапты адам керек.(мүмкін болса, әр құрылтайшы өз презентациясын видеоға түсіретін адам тауып алса. Содан кейін видеолардын барлығын жинап, реттеп алатын адам керек)
— Тіркеу жұмыстарына бас-көз болатын адам керек.
Әзірге осы. Еріктілер табылып жатса, хабар күтемін!
Коллаж апторы: Жанасыл Болатбек.
Бөлісу:

32 пікір

patick
Едіге барып жатса, камерасын алып баратын шығар.
talgatjez
Жақсы. Камера міндетті түрде флип болу қажет емес. Фотоаппарат камерасы да бола береді.
Бұның бәрін реттеп, қадағалап жүретін адам табылса екен.
aikarakoz
Патапараттың камерасы болса, жарасы жеңіл ғой…
Gulistan
Тіркеу жұмысына мен атсалысайын?
aikarakoz
вааай! Коллаж күштіііі!
Aizhantabyn
Назира болам деген тіркеуде) Эстетика, жаным, қайдасың?)))
talgatjez
Еріктілер табылып жатыр, шүкір.
Енді категория бойынша барлығына бас-көз болатын адам керек.
Видеоларға бір адам.
Тіркеуге бір адам деген сияқты.
Aizhantabyn
осы жұма кездесейік, амандық болса.
patick
свиданияларыңды жекеде талқылаңдар
talgatjez
Иә, кездесу керек, барлық Астаналықтармен бірге.
Керуенге сыятын шығармыз
Aikona
Менде көмектесе алам
talgatjez
Көжеге Флягі тауып бере аласың ба?)
Aikona
Алматыдан көтеріп барайын ба  Қалжың ғой, мен тіркеу, анау — мынау қадағалай алам
talgatjez
Уооот, давай онда тіркеудің бастығы өзің бол. Комманда жинау керек енді.
1-Назира
2-Гүлістан
3-Әсем (Коллегам)
4-Өзің. Тағы керек па қалай ойлайсың?
Aikona
Мадленде тіркеуші болам дейді
eldar
керемет коллаж, керегі осы еді, matrix-ca.tv ауыстырып қойдым.
менің жасайтын презентацияларымды видеоға түсіретін адам бар.
фляг, қазан үйде бар, бірақ алматыдан апару ыңғайсыздау)

Демеуші (меценаттар) табылдыма?
talgatjez
Керемет екен, аздап демеушілер табылып жатыр. www.blogcamp.kz/?page_id=248
eldar
мына жерде тағы жаңалықтар шығып жатыр:
менімен бірге үш камера барады, қатысқан презентацияларымыздың бәрін түсіреміз
talgatjez
Жақсы болды. Енді бір аудиторияда барлық камерамендер жиналып, қабаттасып қалмау үшін, бұлардың бәрін реттейтін адам керек. Кім болады екен?
kokbori
Мен 22 кешке барам, бұйырса, осындай жұмысқа бара берем негізі
talgatjez
Нешеде келесіз?
Айтпақшы, Данияр үйінде сізді қондырам деп айтқан ед…
kokbori
кешкі алтыда барам деген ойдамын, бұйырса
Gulistan
18.25 — поездың келетін уақыты.
Daniar-Alan
қондырам деді деген біртүрлі екен… Көкбөрі кел. қонақ болып
Aldeken
Көкбөріні көк кептер қып қолыңа қондырып, бақытты болып кетерсіңдер деген тілек шығар, мүмкін…
Gazizkizi
Жұма күні қай уақытта екен?
talgatjez
Жұма күні сағат 19.00
Керуеннің 3-ші қабаты.
Ассортидің қасында.
Makashkara
Не жиын бопатыр? Жаңа мүшелер барсақ бола ма???
talgatjez
Болады әрине, келіңіз!
Gulistan
Астанада ауа-райы қалай болып тұр??
Көктемнің иісі бар ма?
talgatjez
Өткен апта қар ерігендей болған.
Кеше қайта жауып қыс болып кетті.
Құрылтай кезінде 0 градус шамасында болады дейді www.gismeteo.ru/city/daily/5164/4/