Суға дәрет сындырма, кандиру бар.

Жануартану: Суға дәрет сындырма, кандиру бар.Кандиру («тіс тазалағыш», «кәдуілгі ванделлия») — тоя қоректенгенде ұзындығы 15 см-ге дейін жететін балық-паразит. Әдетте сіріңкенің көлеміндей ғана болып келеді. Амазонка суларында мекендейді. Пиранья екеш, пираньяның да жыртқыштығы кандирудың жанында асылып қалады. Мөлдір, түссіз, сынаптай сырғымалы, тіліктей ұзынша келген бұл титтей неме айналасындағы басқа балықтың желбезегі арқылы өткен су ағымын сезіп, оттексіз судағы аммиак иісіне елітіп, жөңкіген бойда, желбезек арқылы балықтың ішіне енеді. Мейлінше тереңірек қуысқа кіре түсетін ол, орналасып алып, айналасын тістелейді. Тістелеген жерінен аққан қанға тойып алып, жемтігін тастап шығады. Кандирудың қорегіне айналған ұсақ балықтар сол мезетте өліп кетсе, үлкендері көбіне тірі қалады.
Жануартану: Суға дәрет сындырма, кандиру бар.Адам үшін қатері сол, қуығына ие бола алмаған бейбақ суға шаптырып, не шомылған орнында жіберіп тұрса, судағы аммиактың иісін, не өзге температура мен құрамға ие сұйықтықты сезген кандиру зәр бойымен жылжып, еркек болса бұтағына, әйел адам болса сәйкесінше қайнарына енеді. Уретраға жайғасқаннан кейін, қанға тойып, не шығып кете алмай, не қалып қойғысы келмей — аласұрып, жан-жағын тістелеп, ақырында қонжиған орнында өледі. Жан шыдатпас, азапты ауырулар сонда болады. Сәті түссе, анусқа да кіреді. Тік ішектегі жағдай да уретрадағы оқиғаға ұқсас аяқталады.
Әрі қарай

Патамуштаның себептері

Өткен аптаның соңын ала бере Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтың (Бұдан былай Сека) аузынан шыққан «Патамушта, патамушта» деген сөз хитқа айналды. Қазақстан азаматтары үшін оның танымалдығы Гангам стайл мен Харлем шейктен бір кем болмады. Сека неге дағдарды? Өзіне қойылған сұраққа неге жауап бере алмай қалды? Менен әрине жақсы саясаткердің шықпайтыны белгілі. Дегенмен басымдағы сұрғылт қоймалжың затты сәл қозғап көріп түйген ойларым.
Мәселенің басына қайта оралайық. Әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке бірақ көтерулерін халық арасына дұрыстап түсіндіру керек болды.Бірақ, бірдеңені түсіндіру үшін оны алдымен өзіңнің түсініп алуың шарт қой. Секаның мүлт кеткен жері осы. Немесе, «Түнен қалған бір сыр бар айтпайсыңдар қусыңдардың» кебімен айтылуға тиісті емес жайтты айта алмады. Ол қандай жайттар болуы мүмкін?
Бірінші жайт.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде жағдайдың қиын болғаны белгілі. Осы кезеңдерде бала туу саны азайып кетті. Сондай-ақ, қарапайым отбасылардан шыққан мектеп бітіруші жастардың қандай да бір оқуға түсуге жағдайлары жетпеді.Қарапайым отбасының балалары көбіне қарапайым жұмыс орындарында жүретіні де шындық. Міне, осы 5-6 жылдың әсері бүгін көрінуде. Яғни, зейнетке кететін адамдардың орынын басатын мамандар тапшы. Сондықтан да билік өзіне тиімсіз позицияны ұстауға мүдделі. "Қаншама жастар жұмыссыз жүр, бұл уәжіңіз орынсыз" дерсіздер. Мүмкін. Бірақ, дәл сол тоқсаныншы жылдардың аяғына дейін талапкерлер өндірістік оқуларды, тау — кен мамандықтарын таңдай қоймайтын. Бәрі шетінен заңгер болуға, әйтеуір бір жерде бастық болуға талпынған. Салдары міне.
Екінші жәйт
2017-ші жылы өтетін EXPO. Бұл дүниежүзілік көрмені ұтуын ұтып алдық. Ал, оған қаншама қаржының керек екені айдан анық. Билік "Әйелдердің де зейнет жасын көтеріп жіберейік. Қаншама ақша үнемдей тұрамыз.ЕКСПО-дан бір құтылып алайық. Кейінгісін кейін көре жатармыз" деуі мүмкін.
Сонымен солай дедім.
Әрі қарай

Фанаттар баннері қалай жасалады?



2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.

Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Әрі қарай

Оздырдым-ау әйтеуір...

Қазақты жылқысыз және домбырасыз елестету қиын. Біздің жақта Жолдыбай атты атбегі кісі бар. Сонау Кеңес заманынан бері қосқан аты бәйгенің алдын бермеген деседі. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, екі мыңыншы жылдарға дейінгі қосқан жүйріктерін көріп жүрдік. Оның қосқан атынан ат оздыру деген керемет мәртебе еді. Ол мәртебеге біздің ауылда менің ағам Ахмет және Жолтай деген құдамыз ғана ие болды. Ахмет ағамыздікі анық оздыру еді. Ол кісінің қосқан жүйріктері де бәйгенің алдын бермейтін болып шықты. Кішкентайымнан өзім бәйгеге шапқан буырыл атының әр аяғына құлынды бие байлаған Жолдыбайдың бетін қайтарғанын өз көзіммен көргенмін. Дегенмен, біздің айтпағымыз басқа әңгіме.
Енді, Жолтайдың Жолдыбайдан ат оздырған оқиғасына келейік. Бақ дегеніміздің өзі құс секілді ғой. Біреудің басына ұзақ қонады, біреуге тіпті қонбауы да мүмкін. Жолдекеңнің бағы тайды дей алмаспыз. Бірақ, бір жылдары қосқан аттарының бәйгеге ілікпей қалған кездері болды. Аттары көңілінен шықпаған соң, Жолдекең басқа жақтан жылқы сатып әкеледі. Ол жылқысын баптап, біреудің алпыс жылдығана ма әйтеуір бір дүбірлі тойға қосады. Ол тойға Жолтай құдамыз да үкілеп бір ат апарады. Шамасы 40-50 ат шапқан бұл бәйгеде Жолтай құдамыздың да Жолдыбайдың да аты ілікпей қалады. Бірақ та осы жарыстан соң біздің ауылда «Оздырдым-ау әйтеуір» деген сөз тіркесі пайда болды. Мәселенің мәнісі былай екен. Жолтай құдамыздың аты бәйгелі болмаса да атақты Жолдыбайдың атының алдында келіпті. Мұны көрген Жөкең «Жолдыбайдың атынан оздырдым-ау әйтеуір» деген екен-міс…
Әрі қарай

Жас қазақ

Тақырыпқа көз жүгірте салып," Мынау осы аттас газетті жарнамалап отыр" деп ойлап қалмаңыздар. Біреуге қызықты, біреуге қызықсыз бұл жазбамда Рамазан Елебаевтың (1910-1943ж.ж.) «Жас қазақ» әнінің тарихына тоқталмақшымын. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде талай қандасымыз ерлік көрсетіп, біршамасының ескерусіз қалғаны да рас. Бородино түбіндегі шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровты бүгінде біреу білсе екеу білмейді.
Әрі қарай