Патамуштаның себептері

Өткен аптаның соңын ала бере Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтың (Бұдан былай Сека) аузынан шыққан «Патамушта, патамушта» деген сөз хитқа айналды. Қазақстан азаматтары үшін оның танымалдығы Гангам стайл мен Харлем шейктен бір кем болмады. Сека неге дағдарды? Өзіне қойылған сұраққа неге жауап бере алмай қалды? Менен әрине жақсы саясаткердің шықпайтыны белгілі. Дегенмен басымдағы сұрғылт қоймалжың затты сәл қозғап көріп түйген ойларым.
Мәселенің басына қайта оралайық. Әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке бірақ көтерулерін халық арасына дұрыстап түсіндіру керек болды.Бірақ, бірдеңені түсіндіру үшін оны алдымен өзіңнің түсініп алуың шарт қой. Секаның мүлт кеткен жері осы. Немесе, «Түнен қалған бір сыр бар айтпайсыңдар қусыңдардың» кебімен айтылуға тиісті емес жайтты айта алмады. Ол қандай жайттар болуы мүмкін?
Бірінші жайт.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде жағдайдың қиын болғаны белгілі. Осы кезеңдерде бала туу саны азайып кетті. Сондай-ақ, қарапайым отбасылардан шыққан мектеп бітіруші жастардың қандай да бір оқуға түсуге жағдайлары жетпеді.Қарапайым отбасының балалары көбіне қарапайым жұмыс орындарында жүретіні де шындық. Міне, осы 5-6 жылдың әсері бүгін көрінуде. Яғни, зейнетке кететін адамдардың орынын басатын мамандар тапшы. Сондықтан да билік өзіне тиімсіз позицияны ұстауға мүдделі. "Қаншама жастар жұмыссыз жүр, бұл уәжіңіз орынсыз" дерсіздер. Мүмкін. Бірақ, дәл сол тоқсаныншы жылдардың аяғына дейін талапкерлер өндірістік оқуларды, тау — кен мамандықтарын таңдай қоймайтын. Бәрі шетінен заңгер болуға, әйтеуір бір жерде бастық болуға талпынған. Салдары міне.
Екінші жәйт
2017-ші жылы өтетін EXPO. Бұл дүниежүзілік көрмені ұтуын ұтып алдық. Ал, оған қаншама қаржының керек екені айдан анық. Билік "Әйелдердің де зейнет жасын көтеріп жіберейік. Қаншама ақша үнемдей тұрамыз.ЕКСПО-дан бір құтылып алайық. Кейінгісін кейін көре жатармыз" деуі мүмкін.
Сонымен солай дедім.
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
қанағаттырмады. нақты себептері бір жерлерде бар шығар. ерінбей тауып әкеліп, осында қоятын азаматтан плюсімізді аямаймыз.
torgai
Бұл факт емес. Әркімнің ой-долбары. Мен де тон пішемін неше түрлі қылып. Нағыз жігін жазып, біліп отырғандар үнсіз. Олардың да өз есептері бар шығар.
Elirgen
Сол «Секаңыздың» соңынан ерген «суық» хабарлар бар секілді,
ШҚО 2009
дегенмен, 36 жаста әлеуметтік сала министрі болуының өзі көп жайттарға меңзесе керек, меніңше, сол орында білімді ғана емес, бірінші кезекте, өмірлік тәжрибесі бар адам отыруы керек. Таң қалдыратыны-екі сөздің басын қосып, тиянақты ой айта алмаған адамның министр болуы, әрине, бір ретте ондай болуы әбден мүмкін, бірақ, ютубтен Айтқожа Фазыловқа жауабын естісеңіз:
Қарағандыдағы кездесу
Секенің қай жерде, кіммен сөйлесіп отырғанын ұмытып кетедідеген ой еріксіз келеді.