Патамуштаның себептері

Өткен аптаның соңын ала бере Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтың (Бұдан былай Сека) аузынан шыққан «Патамушта, патамушта» деген сөз хитқа айналды. Қазақстан азаматтары үшін оның танымалдығы Гангам стайл мен Харлем шейктен бір кем болмады. Сека неге дағдарды? Өзіне қойылған сұраққа неге жауап бере алмай қалды? Менен әрине жақсы саясаткердің шықпайтыны белгілі. Дегенмен басымдағы сұрғылт қоймалжың затты сәл қозғап көріп түйген ойларым.
Мәселенің басына қайта оралайық. Әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке бірақ көтерулерін халық арасына дұрыстап түсіндіру керек болды.Бірақ, бірдеңені түсіндіру үшін оны алдымен өзіңнің түсініп алуың шарт қой. Секаның мүлт кеткен жері осы. Немесе, «Түнен қалған бір сыр бар айтпайсыңдар қусыңдардың» кебімен айтылуға тиісті емес жайтты айта алмады. Ол қандай жайттар болуы мүмкін?
Бірінші жайт.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде жағдайдың қиын болғаны белгілі. Осы кезеңдерде бала туу саны азайып кетті. Сондай-ақ, қарапайым отбасылардан шыққан мектеп бітіруші жастардың қандай да бір оқуға түсуге жағдайлары жетпеді.Қарапайым отбасының балалары көбіне қарапайым жұмыс орындарында жүретіні де шындық. Міне, осы 5-6 жылдың әсері бүгін көрінуде. Яғни, зейнетке кететін адамдардың орынын басатын мамандар тапшы. Сондықтан да билік өзіне тиімсіз позицияны ұстауға мүдделі. "Қаншама жастар жұмыссыз жүр, бұл уәжіңіз орынсыз" дерсіздер. Мүмкін. Бірақ, дәл сол тоқсаныншы жылдардың аяғына дейін талапкерлер өндірістік оқуларды, тау — кен мамандықтарын таңдай қоймайтын. Бәрі шетінен заңгер болуға, әйтеуір бір жерде бастық болуға талпынған. Салдары міне.
Екінші жәйт
2017-ші жылы өтетін EXPO. Бұл дүниежүзілік көрмені ұтуын ұтып алдық. Ал, оған қаншама қаржының керек екені айдан анық. Билік "Әйелдердің де зейнет жасын көтеріп жіберейік. Қаншама ақша үнемдей тұрамыз.ЕКСПО-дан бір құтылып алайық. Кейінгісін кейін көре жатармыз" деуі мүмкін.
Сонымен солай дедім.
Әрі қарай

Пенсияға шықсаңдар...тез өлесіңдер.неге?ПАТАМУШТА ПАТАМУШТА

Еңбек Министрі Серік Абденв әбден құтырайын депті.
Зейнетке шығуға неге асығасыңдар, зейнетке шыққан соң, ауырасындар, сосын, тез өлесіңдер.
Өлуге асықпасаңдар пенсияны ұмытыңдар. неге?
ПАТАМУШТА, ПАТАМУШТА...
Әрі қарай