Фанаттар баннері қалай жасалады?
2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.
Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Алдымен не салынатыны, не жазылатыны ойластырылады. Кететін қаражат есептеледі. Жиналған ақшаға материалдар алынады: бояу, мата. Мата ательелерге беріліп, бір-біріне қостырылып тігіледі. Баннер суретін салу үшін кең жер табылады, көбінесе ашық далада жасалады. Өйткені жабық жерде бояу иісі жаман әсер етеді және сол жерде қалып қояды. Баннер кептіріледі, сосын жиналады. Стадионға ертерек әкеліп, жігіттер төменгі қатарларға қойып қояды. Футболшылар алаңға шыққан кезде ашылады, шамамен 2 минут тұрады.
Барлық шығын фанаттардың өз қалталарынан шығады. Фанаттар бірлігі тәуелсіз бірлік. Клубпен еш қатыстары жоқ, демеушілері де жоқ. Әр мүше ай сайын шамасы келгенінше ақша лақтырып отырады. Мақсат біреу — команданы жеңіске жеткізу. Сол үшін барлық қолдауды жасау, өзіңді жеңістің бір бөлшегі сезіну.
Нәтижесінде мынандай баннерлер шығады:
мына баннердің өлшемі қандай?