Пәрөл ұмытпау амалдары
Бұл күнде интернетте тіркелген қолданушының үштен жартысы, бестен қыртысы өзінің құлаққа салынған енін ұмытқандай, жеке кәбінетіне кіретін пәрөлін де ұмытып қалған. Facebook-тың көмегімен кіре салуға саусақ еті үйреніп кеткен. Десек те, қазақтың жеріне жер жетеді, қазақтың тілінен асқан тіл бар, ал жеке кәбінетіңе өзіңнің админ бере салған пәрөліңмен кіргенге не жетсін, шіркін!


Мінеки, жоғарыдағы осы сөздерді келесіде тіркелуде пәрөл етіп жазыңыз. «Ваш пароль неверный» деген жазу шығарып, пәрөліңізді есіңізге түсіреді.
Дегенмен, A1abkhazia= деген сарындағы пәрөлдер мықты деп жатады осы. Әлбетте, пәрөл сақтаудың әдісін таңдау өз мәжбүрлігіңізде.
P.S. Пәрөл сақтаудың тағы қандай қитұрқы әдісін білесіз? Қазіргі күзде қолданбайтын немесе күзінде өшіріп тастаған акаунт/логиныңыздың пәрөлі қандай еді, есіңізде бар ма? Міне, осы сұрақтарға пікірлер georgia-сында ерініп болса да жауап жазсаңыз еken .
Әрі қарай

Шығу тарихы
Білесіз бе, білмейтін де шығарсыз… Білерсің-дағы жыларсың, кірерсің-дағы тығарсың демекші, пәрөлдің шығу тарихын мен білмейді екенмін. Білетін академиктер болса, пікір алаңында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бөліске сала жатар. Жалпы, пәрөлдің шығу тарихы сіздің акаунтыңызға кедергі келтіре ме? Ендеше, мына сенімді серіктесім Сергейдің кеңестеріне қүләқ* түріңіз.* Орал казактарының сөзі

1. Қызыл дәптерімді көрмедің бе? Шошқаның суреті бар...
VKontakte-дегі акаунтыңыздың пәрөлін ұмыттыңыз ба? Поштаңыздың мекенжайын жіберіп, жаңа пәрөлді енгізудің амалын жасадыңыз ба? Сөйтіп, жеке парақшаңыз ашылған да болар. Мейлің! Амал бар, тақырыпты тырдай етпес үшін мәтінін жазуды әрі қарай жалғастырайын. Келесіде қандай да үш-төрт сайтқа тіркелетін болсаңыз, қолыңызда қалам, алдыңызда дәптеріңіз/блакнотыңыз болсын. Бастысы, тіркелген логиныңыз бен пәрөліңізді сол мезетте жазып алыңыз. Дәптеріңіз көзкөрінді жерде қолжетімді болатын болса, айыпқа бұйырыңыз. Дәптерім жоғалып кетеді, кола төгіліп кетуі мүмкін, жаңбырдың астында қалсам зонт ретінде пайдаланам, әжетханада қағаз болмай қалса… тағы да айыпқа бұйырыңыз. Себебі дәптерге пәрөл жазудың бұл жолы сізге ешбір пайдасы тимейді, 45 теңгеңіз де сатушы Светаның төс тартқыш қалтасына кетеді.2. Кәмпитерім бұзылып қалды. Айгүл мен Серіктің тойы бар еді...
Жалпы, қазіргі күзде кәмпитермен жазылған/жасалған дүниежалғандарыңызды кәмпитердің D: дискісінде сақтаған дұрыс. Алайда кейбір постмодераторлық шығармалар жазған жазушылар, өлең ұрлаған ақындар кәмпитерінің істен шығуына байланысты қуындыларын жойып алғандықтан, апталап ішіп кеткен. Әлбетте, логин мен пәрөлді максимум Microsoft Word-та, әрі кетсе минимум WordPad-та сақтаған тиімдірек. Дегенмен, сол файлдың Facebook-ке жарияланып кету, форумдарда флудталу, қас досыңыздың немесе жан жауыңыздың флешкіге тігіп әкету қаупі де жоқ емес. Сондықтан бұл әдістің де сізге айтарлықтай берер пайдасы нөл бүтін жүзден бір. Кім біледі, ноутбукыңызбен оңашада қыдырып жүрген кезде орындықта күзгі жапырақтардың арасында қалып қоюы да мүмкін. Ақыры, ғұн деп мақтанасыз ғой, сондықтан сақ болыңыз. Алты жыл бойы жинаған дүниелеріңіз бір сәтте наққа кетуі мүмкін.3. Миғұла неме, миыңның бәрі су боп кеткен ғой...
Негізі, ең дұрысы ақпаратты мида сақтау. Бұл заманда ешкім миыңызға құрылғы тігіп қойып, кинодағыдай барлық ақпаратты суырып алмас. Егер ішкіш болсаңыз, ойда жоқта пибілете отырып шер тарқатып, пәрөліңізді бомждарға айтып қоюыңыз мүмкін. Тіпті, мұндай келеңді жағдайда Ішкіштер Департаментінің нақ өзі сізге жағымсыз жаңалықты естіртуі әбден мүмкін. Дегенмен, миыңызды басқару қолыңыздан келсе… Іһэқ-іһэқ… Іһһуұүммь… Миыңыз сізді басқарады екен ғой. Миыңыз сізді басқаратын болса, басшылыққа сенім артыңыз. Тек болатын нәрселерге бола миыңызды ашытып, пәрөлдердің бұзылуына жағдай жасап жүрмеңіз.4. «Неверный пароль»… «Я забыл пароль»...
Мінеки, жоғарыдағы осы сөздерді келесіде тіркелуде пәрөл етіп жазыңыз. «Ваш пароль неверный» деген жазу шығарып, пәрөліңізді есіңізге түсіреді. P.S. Пәрөл сақтаудың тағы қандай қитұрқы әдісін білесіз? Қазіргі күзде қолданбайтын немесе күзінде өшіріп тастаған акаунт/логиныңыздың пәрөлі қандай еді, есіңізде бар ма? Міне, осы сұрақтарға пікірлер georgia-сында ерініп болса да жауап жазсаңыз еken .



Киноның жанры — жылайтын кино. Алайда драмалық туындылар әрдайым жылата бермейді. Режиссері Yash Raj Chopra 2012 жылы киноның премьерасынан екі апта бұрын қата қалған. Сценариін баласы Aditya мен New Delhi-де 79-дармен бірге оқыған Devika Bhagat жазған. Композиторы — қара торы мұжық A.R. Rahman. Киноның бюжеті дейсіз бе? Оой-й, бұл кино сұмдық ашқа жинаған енді… Оой-й!.. Bollywood-тағы кино орталықтың бас есепші-экономисінің өзі ішіп кеткен деседі үндінің Hollywood-қа жалданған техник-програмис алқаштары. 





Akira: «Наным-сеніміңді айтып, қайтадан зайыпты шығара бастадың ба? Сенің оның тірі жүруін дұғаң арқылы сұрағаныңнан бұтақ та пайда жоқ. Оның қазіргі жүрісі — тірі өлік. Сенің әлгі сыйынатының, бәлкім, саған: „Жетер енді! Ләйімсіп жүре бермей тезірек байға кет!“ — дейтін шығар, ә!? О несі-ей!»






Оксфорд не Массатчусетс технологиялық университетінде оқығыңыз келсе, әрине, бұл миф шындыққа айналады. Дегенмен рейтинг тізіміндегі төмендеу тұрған университеттерге көз қырын салсаңыз, ондағы оқу ақысының Астана мен Алматыдағы оқу орындарымен шамалас екендігін көресіз. 


Әр елдің, әр университеттің өзіндік талаптары болады, бірақ біздегі талаптардан еш өзгешелігі жоқ. Негізінен бар мәселе шет тілін білу деңгейіне келіп тіреледі. Ортанқол ЖОО-ларға ақылы оқуға түсу қиын емес. Тек уақытылы барлық құжатты жинап тапсырсаңыз болғаны.
Сауалнама нәтижесіне қарап, бұл мифтен гөрі шындыққа жақын деуге болады. Иә, көптеген ЖОО-ларда тілді жақсы білу талап етіледі. Оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар қатарында, әдетте, тіл білетініңді растайтын сертификат болуы керек. Ол Ұлыбритания және Австралия ЖОО-Лары үшін IELTS, АҚШ ЖОО-лары үшін ― TOEFL, Франция ЖОО-лары үшін ― DALF, Германия ЖОО-лары үшін ― TestDaF және т.б. болып келеді.
Жалпы стипендия деген көптеген шетелдік ЖОО-ларда оқуға ақысына жасалатын жеңілдікті білдіреді. Ол жеңілдік оқу ақысының қандай да пайызын құрауы мүмкін, бірақ бұл қолыңызға ақша беріледі деген сөз емес.
»



Осылайша, жаз да өте шықты. Біреулер үшін бұл мезгіл майдай жақса, біреулерге керісінше аллергия деген бәле тауып берді. Ал шілде тіптен қазан айына айланғандай әсер қалдырд. "Құқығымды" қайтарғаннан кейін, бензиннің қымбаттағаны болмады енді, амал нешік… Шаң-тозаңға деген аллергияның қандай болатынын білдім өз басым. Мұрыннан су тоқтатпай, тамақ қыштыртып, қайта-қайта түшкіртіп, көз аштыртпаған жаз алдыңғы күні «чао бол» деп, соңғы кешінен аз-маз суреттер қалдырды: