Бешікташтың нәзік жынысты жанкүйері Трабзонспор жаттықтырушысына бәтіңке лақтырды


Бәтіңкені тек жорналшылар емес, фотомодельдер де лақтыра алады. Тек Бушқа емес… Шенол Гүнешке. Өткен аптаның жексенбісінде Бешікташтың стадионында ойналған Бешікташ-Трабзонспор матчында Менекще Гүнгор атты фотомодельдің лақтырған аяқкиімі Шенол Гүнешті «адаспай тапты». Трабзонспорлық жанкүйерлердің 88-минутта соғылған Бурак Йылмаздың голынан кейін қатты қуанғанына шыдамаған Бешікташ жанкүйері Менекще Гүнгор аяқкиімін лақтырып кеп жібереді. Қызық қылғанда онысы төреші шешімімен трибунадан орын алған басқа емес, Трабзонспор жаттықтырушысы Шенол Гүнешке барып тиеді. Аяқкиімді лақтырған өзі екенін мойындаған модель оны әдейілеп Шенол Гүнешке бағыттамағанын айтып ант су ішті. Түркияның әлем чемпионатында үшінші орын алуына еңбегі өлшеусіз сіңген, түрік футболындағы қадірлі есім Шенол Гүнешке деген құрметінің өлшеусіз екенін, сондықтан ол кісіге аяқкиім лақтыру дегенің таза ақымақтық болатынын, алайда екінші голға қатты қуанған жанкүйердің айқайынан соң өз-өзіне есеп бере алмай қалғанын, сосын осындай әрекетке барғанын жайып салды.
Әрі қарай

Барселона мен Шахтер ширекфиналда (видео)

Фото: REUTERS/Gustau Nacarino
Фото: REUTERS/Gustau Nacarino

Кеше түнде Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының реванш матчтары ойналды. Камп Ноуда Барселона Арсеналды 3-1 есебімен ұтып, алғашқы ойындағы 2-1 есебінің қарымтасын қайтарды. Донецкінің Шахтеры Романы өз алаңында да жеңді, есеп 3-0. Осылайша ширекфиналға өткен алғашқы командалар белгілі болды. 1/8 финал матчтары бүгін жалғасады, Шальке өз алаңында Валенсияны, ал Тоттенхем Миланды қабылдайды.
Әрі қарай

Нури Шахиннің автобустағы шоуы

Футболды ұнатпасаңыз да осы роликті қарауыңызды сұраймын.



Нури Шахин Германияның Боруссия Дортмунд командасының капитаны, ұлты түрік. Мына видеоны өздері түсірген басқа қалаға ойынға бара жатқан кезде. Істеген нәрсесі өте қиын нәрсе, уақытты және соққыны өте дәл есептеуі керек. Автобустың алдыңғы есігінен допты жолдағы көпірлердің бірінің астыңғы қабырғасына тигізіп, артқы есіктегі қақпашыға жеткізеді.
Әрі қарай

Абибас киген Роберто Карлос.



Мен бүгін ғана көрдім, Роберто Карлос Махачкаланың Анжиімен 2,5 жыл үшін 10 млн евроға келісіпті ғой. Мына суретте команданың берген курткасын киіп шыққан. Бұл туралы Адидас не дейді екен деп жатыр жұрт. :)
Әрі қарай

Аршавин 5 минутта шашып тастады


Фото: AFP/Lluis Gene

Кешегі ойындар өте қызық өтті. Арсеналдың 1-ші таймдағы ойынына, Барселонаның бірнеше гол мүмкіндігіне қарап, ірі есеппен жеңеді деп болжап отырғанмын. 2-ші таймда мүлдем басқа Барселона көрдік, Арсенал 0-1 ұтылып жатып, жоғалтатын ештеңесі болмағасын басты шабуылға. Ойынға кейіннен қосылған Аршавин 5 минут ішінде алғашқы голдың шабуылын бастады, артынан өзі де гол соғып, нәтижені белгіледі.

Ал Римде Донецкінің Шахтеры тур мәселесін 1-ші таймда-ақ шешіп тастады деуге болады. Ойын қортындысы 3-2, украиналықтардың пайдасында. Реванш матчында 2 голмен жеңіліп қалмаса болды енді.
Әрі қарай

Ақтөбеде алып стадион салынады!



Ақтөбеде Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешені секілді алып құрылыс қолға алынды. 2015 жылы аяқталатын спор кешенінің құрамына жаңа футбол стадионы, хоккей алаңы, шаңғы базасы, спорт интернаты, жүзу бассейні, теннис орталығы, т.б. орындар кіреді. Олимпиялық алып кешеннің аумағы 50 гектарды құрайды. Соның ішінде 7 мың халық сиятын хоккей алаңы, 300 орынға арналған интернат, ал ең бастысы 25 мың көрерменге арналған футбол стадионы бар! Футболдың шатыры Ацсотонодағыдай ашылып-жабылатын болады деп отыр жергілікті БАҚ өкілдері. Кешенде сондай-ақ жазғы-қысқы спорт түрлерінің басым бөлігімен айналысуға мүмкіндік болады.
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы. 1/8 финал ойындары.



Сонымен көптен күткен футбол мейрамы да жетті бізге. Бүгін 1/8 финал ойындарының алғашқылары басталады. Бүгін 2 ойын, ертең 2 ойын. Қалған 4 ойын келесі аптада. Яғни бұрынғыдай 2 апта күтпейміз, әр апта ЧЛ ойындары болатын болады.

16.02.2011 01:45 Милан — Тоттенхэм ҚАЗАҚСТАН
16.02.2011 01:45 Валенсия — Шальке-04 ХАБАР
17.02.2011 01:45 Арсенал Л — Барселона ҚАЗАҚСТАН
17.02.2011 01:45 Рома — Шахтер Дн ХАБАР
Әрі қарай

Бүгін ойын. (09 ақпан 2011)


Бүгін Антальяның орталық стадионында Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі. Естеріңе сала кетейін, биыл құрама қатарына Самат Смақов, Давид Лория секілді ардагерлер қайтып оралды. Трансляция болады дегенді естімеппін. Егер ойын телебездірден көрсетеді деген ақпараттарың болса, каментке жазыңдар.
Әрі қарай