"Қасап ет, қой жан дертінде"


Сәуір айының екінші жартысы футболсүйерлер үшін мейрам болғалы тұр. Ертең басталып, апта айналмай қайталанатын Эль-Классиколар аяқдопқұмарларға өздері күткен ләззатты сыйлай алады деген үміттеміз. Тура 19 сағаттан кейін басталатын Испания Примъер Лигасындағы каталондық команда мен король командасының арасындағы текетірес төрт дербидің ішіндегі ең жеңілі деуге болады. Әрине, Барса үшін. Жеңсе, әрине, керемет. Бірақ жеңбесе жоғалтқан үш ұпайдың есесін мұнан кейінгі ойналатын матчтардағы қарсыластарынан шыңғыртып тұрып қайтарып алады. Жеңсе Реалмен арадағы ұпай айырмашылығы 11-ге шығады. Әлбетте, осыған дейін, ұмытпасам үш сезоннан бері жеңе алмай келе жатқан Реал Барсадан бар қарымтасын қайтаруға тырысатыны анық, әсіресе соңғы 5-0дің. Оның үстіне Ноу Камп емес, сондықтан блоуграналардың біраз терлейтіні шүбә туғызбайды. Дегенмен, жаман ырым шақырып қайтеміз, үш ұпай және каталондық клубтың еншісінде қалады деген үміттеміз. Ал келесі сәрсенбі күні ойналатын матчтың салмағы бұдан ауырлау. Жеңіс екі командаға да ауадай қажет. Ал одан кейінгі Чемпиондар лигасы жартылай финалы матчтарының маңызы айтпаса да түсінікті.
Қысқасы, ертеңгі матчты түріктің "Қасап ет, қой жан дертінде" деген мақалымен сипаттауға болатындай. Барса деңгейі шамалас қарсаласын бір тізерлетіп, арадағы ұпай айырмашылығын арттыруды көздесе, Реал кеткен есесін қайтаруды, сондай-ақ ұпай айырмасын азайтуды көздейді.
Әрі қарай

Бекхэм. Телефон. 80 метр.

Соңғы күндерде футболсүйерлер арасында танымал болып тұрған 3 видеомен бөліскім келіп тұр.


Калифорния пляждарында Бекхэм Pepsi үшін доппен бір трюк істейді. Алыста тұрған 3 бөшкеге доптарды дәл түсіреді.
Әрі қарай

Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр

Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр. Қазір бірінші орында Трабзонспор, ал екіншіде одан екі ұпай айырмасымен Фенербахче. Фенербахче гол санымен өткен аптаға дейін көш бастап келе жатқан-ды. Бурсаспор тең ойнап оларды маңызды екі ұпайдан айырды. Бірақ бұл Фенербахченің соң сынағы деуге болады, өйткені ол мықтылардың бәрін жеңген-ді. Алдағы аптадағы қарсыластарын онша азулы деуге келмейді. Ал Трабзонспордың бүгін Галатасараймен, онан кейінгі апталарда Бурсаспор, Газиантепспор, Ескішехирспормен кездесуі бар. Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады деген, Галатасарай үсті-үстіне жеңіліп, қазір он үшінші орынға тұрақтады. Һәм Кубоктан, һәм чемпиондықтан үміті үзілген Галатасарайдан жанкүйерлер тек Фенерді жеңуді өтініш қылып еді, амал қанша, ойын Галасатарайдың басымдығымен өткенімен нәтиже көңіл көншітпеді. Мұнан кейін Галатасарайдың басынан Хаджи кетіп тынды. Әрине, көрген адам Фырат Айдынустың Фенербахчеге бүйрегі ашықтан ашық бұрғанын байқамай қала алмас еді. Бірақ, болған іс болды. Бүгінгі Трабзонспормен ойналатын матчта Галатасарай жеңісті өз қолымен Трабзонға береді деп күтілуде. Әрине, жеңсе өзіне жақсы, жеңбесе Трабзонға жақсы. Егер Трабзон бүгін ұпай жоғалтса, жағдай қиын. Бурсамен ойналатын матчта Бурса жеңісті беруі де мүмкін, бермеуі де. Өткен жылы Бурсаны чемпион еткен дәл осы Трабзонспор-тұғын. Фенермен соң минутқа дейін тіресіп, ұпайдан айырған. Сондықтан Бурса жақсылық қылып, беруі ғажап емес. Бірақ өзі биыл тағы да чемпиондықтан үмітті болғасын, бермесе таң қалмаймыз. Әрине, Трабзонсор: Жеңісті бізге бере қойшы,-деп тіленетін команда емес, былай да басымдықпен алуы мүмкін.
Фенерді Трабзон өткен жылы Кубоктан да айырған-тұғын. Сондықтан биыл Фенер ТС-ның алдын орау үшін аянып қалмайтыны анық.
Қалай десек те, бүгінгі ойын-шешуші ойындардың бірі. Өз басым Трабзонның жеңгенін қалап-ақ тұрмын, бірақ Галатасарайдың тағы да ұпай жоғалтатынын ойласам жүрегім ауырады.
Әрі қарай

.......................

Бір күні Ордабасы, Атырау және Локомотивтің тренерлері әңгімелесіп отырса үстеріне бір адам кіріп келеді. Әлгі адам: Мен шайтанмын, мәңгі жасаймын және барлығын білем дейтін көрінеді. Сөйтсе Ордабасының тренері: Білсең айта қойшы, командам қашан чемпион болады?-деп сұрайды. Шайтан: 2045-те деп жауап береді. Анау: "Құрып кетсін, мен көре алмаймын ғо",-деп жылай бастайды. Сосын Атыраудікі сұрапты.Оған: 2053-те деп жауап береді. Ол да жылайды.

Локомотивтікі: Жәррррааааайды, ал менікі қашан чемпион болады?

Шайтын: Құрып кетсін, мен де көре алмаймын оныыыыыыыыы…
Әрі қарай

Германия - Қазақстан

Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында бүгін біздің Құрама Германиямен кездеседі, Кайзерслаутернда Фриц Вальтер стадионында. Ойын біздің сағатпен 00:50-де Хабар арнасынан тікелей көрсетіледі.



Ойынға болжам жасап керек емес сияқты. Жаңа бапкеріміз Беранек сиқыршы емес, сондай-ақ біздің қорғаным шебі Абдуллин, Кислицын сияқты "қорғаушылардан" құралғасын бұл шепті қорғаныс деп айтуға да келмейді. Жарақаттарына байланысты Смаков пен Карпович те бүгін алаңға шыға алмайды.
Әрі қарай