Бүгін ойын. (09 ақпан 2011)
Бүгін Антальяның орталық стадионында Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі. Естеріңе сала кетейін, биыл құрама қатарына Самат Смақов, Давид Лория секілді ардагерлер қайтып оралды. Трансляция болады дегенді естімеппін. Егер ойын телебездірден көрсетеді деген ақпараттарың болса, каментке жазыңдар.
Қақпашылар: Андрей Сидельников, Александр Мокин, Давид Лория
Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов, Самат Сымақов, Фархадбек Ирисметов, Михаил Рожков, Александр Кислицын, Александр Киров, Антон Чичулин, Владислав Чернышев, Ренат Абдуллин
Жартылай қорғаушылар: Азат Нұрғалиев,Ұлан Қонысбаев, Аслан Дарабаев, Серікжан Мүжіков, Андрей Карпович, Қазыбек Гетериев, Максим Азовский, Дмитрий Шомко, Сергей Скорых, Евгений Аверченко
Шабуылшылар: Нұрбол Жұмасқалиев, Сергей Хижниченко, Сергей Остапенко, Андрей Финонченко
Көрейік енді бірінші ойынын, сосын сынайық ))
біздің телеарналар ресми матчты да көрсетіп қарық қыла алмай жүр ғой :((
сенімім аз көрсетеді дегенге.
Ойыннан кейінгі Беранектің сөзі:
«Иә, бұл жаңадан жасақталған команаданы сынау, ысылтып алу ойыны еді. Жаңа тактикалық схемаларды сынап көрейік дедік. Бүгін біз үшін ойын есебі емес, жаңа дружина арасындағы өзара түсінісуді арттыру. Бұдан былай да жақсартуымыз керек біраз нәрселер бар екен. Енді соларды мықтап қолға аламыз. ҚФФна үлкен рақмет.»
деп
www.liveresult.ru/football/txt/match166309_Belarus-Kazakhstan_live
Жаңа бапкерге жаңа табыстар тілеймін!!!
Ойынның нәтижесінде ойыншылардың да үлесі бар шығар, әлде команданың ойыны тек бапкерге байланысты бола ма?
Самат сапқа оралса жаман болмағаны ғой.
Бірақ тек «Локомотивке» қарап қалу дұрыс емес сияқты. Әр командадағы өз амплуасындағы үздіктерді тарту керек.
Ресми ойындардағы есеп маңыздылау. Бұл жолдастық кезедсу ғой, беларустар үшін маңыз-мәртебесі қаншалықты болғанын біле бермейміз…
www.kff.kz — 1500 көрермен болды дейді,
ал pressball.by/news.php?t=0706&id=69841 300 дейді :)
Бұрын отандық бапкерлер тұсында "қарсы шабуыл", "қорғана отырып шабуылдау" тактикасын ұстанатын еді. Сол кездерде жағдайымыз қазіргімен салыстырғанда көш ілгері болатын. Сол ойын әдісіне оралу қажет деп ойлаймын.
жақсы коэффициент керек болса футболы көп бір күні тек тең ойындарға қойып отыруға болады таңертеңнен бастап. коэффициент шамамен 2,7 — 3,5 болады. тек шыдап отыру керексің әр ойынның аяқталуын күтіп. тең ойын шықпай қалса содан кейін басталатын кез келген бір ойынға қоясың, ақшасын 2 есе қоясың. солай кете береді.