Ақтауға астаналық көзқарас

“Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” дейді. Алдымен, кем тұстарын жаза кетейін. Ақтауда айтарлықтай 3 мәселе:

Су

Көше тазалығы

Аталар

Астанада да суды сатып алып ішетінбіз, бірақ, бізде әр жерде литры 5-10 тг аппараттар, одан қалса WaterLife, Хрусталь секілді суды тазартып сататын компаниялар бар. Мұнда жақын маңнан таппадық, 5л 240 тг алуға тура келеді. Бұл – ауыз су. Жуынатын су таңмен ауыз шайғанда бір түрлі дәм келеді. Жалпы, келгелі бірнеше рет душқа түсіп алдық. Ақсайдың суынан жақсы екен, болады)
Жалғасын оқу

Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды



Мадрид. Сантьяго Бернабеу стадионы. Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Соңғы пенальти.

Ойын бойы үздіктер қатарында болған Бастиан келді де ақтық пенальтиді шіреніп тұрып тепті. Гол! Баварлықтар финалда.
Әрі қарай

Қанағат Мұстафин Қажымұқан туралы фильм түсіреді



«Рывок» спорттық драмасын түсірген қазақстандық режиссер Қанағат Мұстафин «Қажымұқан» атты уақытша атауы бар фильмді түсіруге бел шешіп кіріспек.

Режиссер жаңа фильмін атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірбаяны бойынша түсіреді. Бұл туралы Мұстафин Afisha.Today.Kz ресурсына берген сұхбатында әңгімеледі.
Әрі қарай

КерекИнфода Романтика апталығы



Осы аптада мейлінше махаббат тақырыбында жазбалар жазып көрейік. Жазу міндетті емес әрине  Жазу үшін жазбаңыз, яғни өз өзіңізді қинап. Бұрын осы тақырыпта жазылған жазбаларды да бір қопарып шығып, эфирге шығару да сәлемденеді.

P.S жаңа жазбаларды мүмкін болса осы қауымдастыққа жазыңыздар.
Әрі қарай

Жаңа Жылға дайындық

Қарап отырсам, Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалыпты. Әне-міне дегенше, келер апта соңы биылғы жылмен де қош айтысатынымыз еске түсіп кетті.
Жұмыстың түбі көрінер емес, әйтсе де, кофе, шай ішетін уақытыңызды креативке арнауға кеңес беремін.
Төменде көрсетілген әдіспен қағаздарды қиып, мүмкіндік болса бояп, іліп қойса, мерекелік ерекше көңіл-күй орнайтынына сенімдімін. Өзім де бүгін қызық көріп, бар шаруамды ысырып қойдым да, қайшы, қағазбен отыра кеттім. Нәтиже жаман болмаған сияқты. Сіздерге де сәттілік!
ПыСы: Кішкентай балақандармен жасаған тіптен қызық болатын сияқты, оларды да дайындау процесіне тартыңыздар.
Әрі қарай

Ең...Ең...Еңңңңңң Қисық

«Еңнің» ыңыршағы шықпай тұрғанда жазып тастау дұрыс қоғҰә?

Ең бірінші және ең ұзақ ұстаған телефоным 2004 жылдың жазында әпкем алып берген Samsung N620 трубкасы. Жарықтыққа «Ауған соғысының» ардагері атағын беруге болатын, себебі көрмеген құқайы жоқ-ты. Тілерсегі тілерсегіне соғылып, тілі салақтап, көзі айналып, «көн шалбары көтіне қатқан» (батырлар жырынан) сол «соткам» осы жылы жазда «жығылып» тынды. Онда да «батарейкасы» істен шығыпты, ауыстырайық десек, «бұл телефонның өзін де, қосымша құрыл-жабдықтарын да өндірістен шығарып тастаған» деді.
Әрі қарай

Toyota Camry: Жаңа келбет

Жазда Mail.ru сайтында Toyota Camry автокөлігі жаңа кузовта шығады деген жаңалықтар қылаң беріп жүрген еді. Енді міне, Toyota Camry 50-дің* ресми түрде беті ашылыпты.

* Camry 45 кузовы 2009 жылы шығып қойған. Camry 40-тан айырмашылықтары онша біліне бермейді.

Автомобиль Европа мен АҚШ-қа арнап екі түрлі кузовта шығарылады екен. Опшым, қарап, бағалап жіберіңдер:

Әрі қарай