Жаңа Жылға дайындық

Қарап отырсам, Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалыпты. Әне-міне дегенше, келер апта соңы биылғы жылмен де қош айтысатынымыз еске түсіп кетті.
Жұмыстың түбі көрінер емес, әйтсе де, кофе, шай ішетін уақытыңызды креативке арнауға кеңес беремін.
Төменде көрсетілген әдіспен қағаздарды қиып, мүмкіндік болса бояп, іліп қойса, мерекелік ерекше көңіл-күй орнайтынына сенімдімін. Өзім де бүгін қызық көріп, бар шаруамды ысырып қойдым да, қайшы, қағазбен отыра кеттім. Нәтиже жаман болмаған сияқты. Сіздерге де сәттілік!
ПыСы: Кішкентай балақандармен жасаған тіптен қызық болатын сияқты, оларды да дайындау процесіне тартыңыздар.










Вуаля!


Суреттер Фрешер сайтынан.
Бөлісу:

48 пікір

madlen
Өзің жасап көрген жоқсың ба?
a63a1
қолдарынан танымадыңба не?
Gulistan
Қолымды жақсы «танисың» ба?
izbasar
Түсімде ұстап едім дейсіңбе?
Gulistan
Өзімдікі дәл сондай болып шыққандықтан, өзгеріс енгізуді артық санадым.
madlen
Онда вполне жасауға болатын зат екен, рахмет!
Gulistan
Жасап отырып, «Көз-қорқақ, қол-батыр» деген мақал еске түсті.
madlen
Туф, мен 7ші суретке жеттым де, ары қарай түсініксіз боп кетті, Анаааар
Gulistan
Былай ғой. Біршама бөлігін жасапсың. Мен алты А4 форматты қағаздан жасадым. Степлермен екі жақтан бүрістіріп болған соң, алты бөлікті өзара байланыстыру керек. Сондықтан алты бөліктің 3уін бір біріктіресің, қалған 3 бөлігін бөлек біріктіресің. Сонда негізгі қардың жартысы шығады.Содан соң ғана степлермен екі үштікті астынан бір тағы бекітесің. Ал соңында бүйірлерін қысасың.
Егер жазғаным түсініксіз болса, телефонмен түсіндіріп берейін, хабар бер. Қуана айтам
madlen
Уй, сен айтам дегенше жасап қойдым. Тура төбемде ілулі тұр. Кучт екен
meirzhan
Не деген пысық едің
VKM
Менің сіңлім осындай нәрселерді көп жасайды.Қағаз қию жағынан чемпион)))
Dinara
Қолдарың дерт көрмесін Анар
Gulistan
Рахмет! Сендерде де идея болса күтем.
Erlan
Тағы кім нести алад ?))
Maya
Әдемі екен, бірақ өз басым жаңа жылды тойламаймын... Ал НАУРЫЗДЫҢ жөні бөлек. Міндетті түрде наурыз көже істеп, қонақ күтемін.
Gulistan
Принциальная
маған жақсы көңіл күй сыйлайтыны ұнайды. ешқандай астар көріп тұрғам жоқ.
Наурыз да жақсы мейрам екенін жасырмаймын.
manshukn
бізде осыны жатақханаға бір қыз жасап іліп қойған, ол қыз тұрмысқа шығып кетті де қалай жасайтынын сұрай алмай қалдым. Жақсы болды
Gulistan
Игіліктеріңе жарасын!
satibaldi
Қайғың мықты екен.
izbasar
Жақсы ермек екен. Өткен мерекеден кейін дүйсенбі қызымды досым үйін апарып тастаған едім Олар Шырша құрып жатқанын көргенол әке шырша құрайықшы дейді. Ал, мен өмірі шырша құрып көрмегенмін. Оны тіпті қажетсінбегенмін. Енді мынаны жасау керек сияқты? Рахмет.
Gulistan
Балақайларға қағаздың кіші формасымен жасатпаса, мынауысы ауыр болатын сияқты.
TOTY
Мынау суретке қарап, еріксіз балалық шағың есіңе түседі екен. Керемет!
Aizhantabyn
jasadym da, ilip koidym )) kuwti! Tek meniki gigant bop ketti, a4ten jasap em  kiwkene kiwkene kyp jasap, wyrwaga ilip kouga bolady eken  rahmet!!!
Gulistan
Гигант болатыны рас, бірақ қағаз көлемін азайтса, фигура да кішкене болып шығады.
madlen
Мен өзімдікіне қарап прям настроением көтеріліп отыр
salta
неге менде сурет ашылмайды?
Gulistan
Мүмкін радикал сайтқа доступ жоқ шығар? Тексеріп көрші?

www.radikal.ru
salta
шынымен де доступ жоқ екен
tvoya_A
Мені олимпиадаға дайындал деп сабақтан босатқан, бірақ мен дайындалудың орынына осыны жасавотырм. Кушті зат екен.
Altygradus
Жақсы идея екен, Мадисс Анар
уже нешеуің жасапсыңдар, қойсаңдарЧ суреттерін пікірге көрейік те
AKA
Менің жасағаным міне  Күшті екен, бірнешеуін жасап шыршаға ілемін. Бірақ, сәл кішірейтіп жасау керек екен.
Gulistan
Әдемі! Менікінің қабырғалары қалыңдау болып кеткен соң ба, фигурам «семіздеу»
AKY
Мен де кафедраға аж 5-уін жасап іліп қойдым. Бәрі мәз))) Мерекелік көңіл-күй, Гүлістан рахмеет!
madlen
Молодец, Жаңа жылдық көңіл-күй бойыңды билеп, біртүрлі толқып, сезім құшағында айналып жүруге тілектеспін!
Gulistan
Қыздар, күшті екен.Менікі де тұр, жатыр. потолокқа ілетін ұзын бойлы жігіттің жоғын-ай
Ministry
Gulistan, мың алғыс!
Постты оқып, жыбырлап, жұмысты ысырып тастап, жасап көрдім
Нәәән снежинка шықты
Әдддемі болып тұр, кабинетімнің терезесіне ойыншық қоянмен бекітіп жапсырып қойдым
KILYZAMAN
Посттағы ақыл — кеңеске қарап отырып (немеремнің балабақшадан алып келген тапсырысын орындау мақсатында) жасап көрдім… РАХМЕТ! Немерем мәз, мен тіпті
VKM
О, аға, керекке жарады деңізші!
KILYZAMAN
Керекинфоның керек емес кезі барма
Erlan
Менікі не очень болып кетті, өзімше ақ қағаз экономдап, печать берілген қағаздан істеп едім зебра болып кетті, біріншісін ленейкамен өлшеп мукият истегем зайым шығып, қалған бесеуін 1 қиып едім, бір жағында 4 еу, 1 бір жағында бесеу болып кетіп қиық, 30 сағат уақыт кетті аудим, келесі жылы дурыстап стим
madlen
Жаңа жылды асығып күтудемін
Aldeken
Астанаға асығып келе жатқан шығарсыз. Әрі Сатыбалдының мерейтойы да бар.
Erlan
Мен асықпай күтудемін
Қандай дайындық астындасыздар?