Ядролық қару

Ядролық қарудың «беташары» 1945 жылы Жапонияда жасалғанымен, адамзаттың кейбір ғалым бұтақбас бөліктері ондай қарудың мүмкін екендігін XX ғасырдың басында-ақ сандырақтап жүрген. Айтпалық, басқарылмайтын ядролық реакция –Эйнштейннің релятивистік теориясынан өзінен-өзі шығып тұр дейді физиканы тігіп оқығандар. Коккер-спаниелім біліп пе әнасс, бәлкім – солай да шығар: бозбала шақта ғылым мен арақ қатар келіп қалғанда, соңғысын таңдап едім.
Очм, пяншіктаңанә ғалымдардың әңгімесінен түсінгенім былай. Уран-235-тің бір кесегі екінші кесегіне өте жойқын күшпен соғылады. Мысалы, бір кесегі екінші кесегіне зеңбірекпен атылады.


Тотының "Іздеп келген бала арман" жазбасын оқып, өзімнің армандарым есіме түсіп кетті… Солардың ішіндегі ең тәттісі — қаламгер болу еді. Республикалық "Ұлан" газеті, «Ақжелкен» журналдарына өлең, мақалаларымды үздіксіз жіберіп тұратынмын. Бірсыпырасы жарияланды да. Бірақ "Ұланның жас тілшісі" деген куәлікке қолым жетпей-ақ кетті. Мектептің соңғы жылдарында жазуды мүлдем қойып кеттім. Мамандық таңдау барысында ойлана келе ортақол журналист болғанша, ортақол технарь болсам, елге пайдам көбірек тиер деген желеумен «Есептеу техникасы» мамандығына оқуға түстім. Әлі де сол мамандығым бойынша оқуды жалғастырудамын.
Көбіне достарымызбен жинала қалсақ та, үйге қонақ шақырсақ та дайын нәрсеге тапсырыс бере салуға құмар болдық қой… Ол түсінікті-ақ, уақыт аз, ал кез келген супермаркетте бүгінгі күні тоқаштан бастап түрлі салаттарыңа дейін бәрін жасап сатады. Тіпті қазақы ет пен қамырға да тапсырыс берсеңіз ол да дап-дайын! 






Әкемнің туған апайы біртүрлі қызық әйел. Жұрт жын соққан деп шет-қақпайлайтын. Бірақ сөзі, кимі киісі, іс-әрекеті задында жақсы адам болғанынан хабар береді. Қыз кезінде сен тұр, мен атайын дегендей белсенді, жиын-тойдың гүлі болған. Қазір үнемі тұнжыраңқы күйде ой үстіне жүргені. Тек мені көрсе болды, мәре-сәре болып жас балаша шаттанып, жылы-жұмсағын ауызыма төсейтін. Шешіліп әңгіме айтып, екеуіміз тәтті-пәттімен дәмдеп, ұзақ шай ішіп отыратын едік.
