Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?
Көбіне достарымызбен жинала қалсақ та, үйге қонақ шақырсақ та дайын нәрсеге тапсырыс бере салуға құмар болдық қой… Ол түсінікті-ақ, уақыт аз, ал кез келген супермаркетте бүгінгі күні тоқаштан бастап түрлі салаттарыңа дейін бәрін жасап сатады. Тіпті қазақы ет пен қамырға да тапсырыс берсеңіз ол да дап-дайын!
Бүгінгі жазбамда күнделікті жеп жүрген, алайда үй жағдайында да жасауға болатын дәмді тағамдардың біразының қанша теңгеге жасауға болатынын айтып, дүкеннен(кафе, асхана, фастфуд) қанша теңгеге сатып алатындығымызбен салыстырмақшымын. Жазбамды түскі шай ішкенде десертке жейтін тәтті тортымыздан бастап, кешкілік достармен бас қосқанда дастарханымыздың сәнін келтіріп тұратын пиццамен аяқтаймын l-)
Ендеше кеттік… \m/
Бүгінгі жазбамда күнделікті жеп жүрген, алайда үй жағдайында да жасауға болатын дәмді тағамдардың біразының қанша теңгеге жасауға болатынын айтып, дүкеннен
Ендеше кеттік… \m/
"БИСКВИТНЫЙ ТОРТ" Қажетті ингредиенттер:
435 ТЕҢГЕ |
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫНҒАН ТОРТ ---------------------------------------> Киллограмы 2500 теңгеден басталады, 1 торт орта шамамен 3000 ТЕҢГЕ-дей болады |
ШАБДАЛЫ КЕКСІ Қажетті ингредиенттер:
395 ТЕҢГЕ |
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫҒАН КЕКС ---------------------------------------------------------------------> Киллограмы 1500 теңгеден, бір кекс орта шамамен 2000 — 2500 ТЕҢГЕ-дей болады |
СҮЗБЕ ҚОСЫЛҒАН БӘЛІШ Қажетті ингредиенттер:
525 ТЕҢГЕ |
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫНҒАН БӘЛІШ ----------------------------------------> Киллограмы 1000 теңгеден басталады, бір бәліш орта шамамен 2500-3000 ТЕҢГЕ болады |
КИМБАП/МАКИ Қажетті ингредиенттер:
650 ТЕҢГЕ |
СУШИГЕ ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ ---------> Түріне қаратай 800 теңгеден басталады, ең көп тапсырыс берілетін «Филафельфия» маки 1400 ТЕҢГЕ тұрады |
ДӨНЕР Қажетті ингредиенттер:
420 ТЕҢГЕ |
ДӨНЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ ---------------------------------------------------------------> Дөнердің ең қарапайым түрі 800 ТЕҢГЕ-ден басталады |
ПИЦЦА Қажетті ингредиенттер:
530 ТЕҢГЕ |
ПИЦЦАҒА ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ -------------------------------------> Пиццаның ең қарапайым түрі «Маргарита» негізінен 1100 ТЕҢГЕ-ден басталады |
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ КҮНДЕ БОЛМАСА ДА, АПТАСЫНА 2-3 РЕТ ЖЕЙТІН ТАҒАМДАРЫМЫЗДЫҢ БАҒАСЫ ОСЫНДАЙ.
ҮЙ ТАМАҒЫ МА, ӘЛДЕ ФАСТФУД ПА? Таңдау өзіңізде :-/Тамақты үйден дайындап ішіп-жейтін болсақ қааанша ақшамыз қалтамызда қалады екен иәәә?! ;;)
- *Тағамдарды дайындаған автор, ал азық-түліктердің бағасы Астана қаласының бағасымен есептелінді.
- ** Үй жағдайында дайындалатын тағамдардың құнын есептегенде әрбір үйден табылатын қант, тұз, сода, ашытқы бағасы қосылған жоқ.
P.S. «Барлық» жастардың сүйікті асы KFC жайында жазар едім, бірақ оның құпия түрде сақталатын дайындалу әдісін әлі білмеймін. Біліп жатсам міндетті түрде қосып қоямын :d
тойыңқырамай қалдым
Бұл деген сөз керемет қызсың деген сөз, өзі үнемдеуді ғана білмейді, сонымен қатар қолынан бәрі келеді. Бірақ Мен Өзім жасағаннан гөрі біреудің дайындағанын жақсы көрем бәрібір. Супер!