Ақымақтардағы сенімділік және қателерді түсінбеу - Даннинг-Крюгер эффекті

Даннинг-Крюгер эффекті — ақымақ адам қателеседі, бірақ өзінің топастығынан қателігін түсіне алмайды. Толығырақ айтқанда: Білімі, біліктілігі төмен адам қате шешім шығарады, сәтсіз әрекет істейді, алайда төменбіліктілігінің кесірінен өз қателігін түсіне алмайды.

Қателігін түсіне алмау өзінікі дұрыс екеніне сенімді ете бастайды, осылайша өзіне деген сенімділігі арта бастайды және өзін жоғары бағалай бастайды. Даннинг-Крюгер эффекті психологиялық парадокс, төменбіліктілер өздерін профессионал санайды, ал жоғарыбіліктілер өздеріне күманмен қарайды.

Яғни, ақымақтау адамның өз деңгейін шынайы бағамдауы үшін тәжірибесі және біліктілігі жетіспейді. Сондықтан да өзінің мықтылығына аса сенімді, тіпті негізінде олай болмаса да. Ал тәжірибелі адам бұрынғы қателерін, кемшіліктерін білгендіктен, сараптай алу қабілеті болғандықтан өзінің мүмкіндіктерін төмен бағалайды, тіпті өзінікі дұрыс болса да. Бәлкім осының салдарынан болар, төмен деңгейдегі немесе интеллекті төмендер жақсы жерде қызмет етеді де, ақылдылар оларға қызыға қарайды?

Қазіргі заманның нашар тұстарының бірі: өзіне сенімділердің ақымақ болуы, ал кішкене болса да ой-қиялы мен түсінігі барлардың күманға толы болуы және тәуекелге бара алмауы. © Бертран Рассел

Алаяқтық синдромы туралы бұрын жазған едік, мына жерден оқыңыз.

Крюгер мен Даннинг осы тақырыпта түрлі эксперименттер жасаған екен. Солардың нәтижесі бойынша адамдар қай салада болмасын мына басты 3 пункт төменбіліктілерде кездеседі:

  • Өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды;
  • Басқалардың жоғары деңгейін адекват бағалай алмайды;
  • Өз біліксіздіктерінің тереңдігін түсіне алмайды.

Бір эксперименттен кейін бір бірінің нәтижелерімен танысып шығуға беріпті. Жоғарыбіліктілер өздерінің деңгейлері жоғары екенін түсініп, өздерін төмен бағалауды қойып, өздеріне деген сенімділіктері арта бастаған.

Ал төменбіліктілер жоғарыбіліктілердің нәтижелерімен танысса да, бәрібір өз ойларынан айнымапты, өйткені басқалар өздерінен жоғары болады деп ойлай алмайды.

Жалпы таныс жағдай ма? Біздің қоғамда, саясатта, өнерде, ақпарат саласында, спортта, мемлекеттік қызметте, ғылымда көп кездеседі. Менмендік, тәкаппарлық, өзімбілемшілік, менсінбеушілік басым болады мұндай типтерде. Резюмесінде «ағылшынды сөздікпен білем, Ворд білем» деп жазатындар, кез келген тақырыпта сарапшы болып пікір айтатындар, болмашы нәрселерді ғылым деп лепіріп отыратындар, Шыңғысханды қазақ дейтіндер, интеллектсіздіктерін костюм-шалбармен жауып жүретіндер, өз саласын жақсы білмесе де басшылығымен бірге көтеріле беретіндер, талантсыз «шығармашылық» адамдары, токшоуларда су әңгіме айтып отыратын «тұлғалар», логикасыздықтарын дін, діл, тілмен бітейтіндер, нашар семинар-тренингшілер, тобыр юмористері — осы эффектке сай адамдар.

«Надандықтан білім іздеу емес, өзіне сенімділік көбірек туады» © Дарвин

1-бөлім. Соғыстың басталуы

Солдат күнделігі: 1-бөлім. Соғыстың басталуы
Мирный уақытта мен атақты Фин соғысында «Маннергейм» қамалын (Маннергеймская линия) бірінші болып алған Ленин орденді 100-атқыштар (стрелковая) дивизиясындағы 183 ОЗАД-ның ІІІ-батареясында 1 жылдай солдат болып қызмет еттім. Батареяның қаруы 76,2 мм зенитная пушка, приборы ПУАЗО-2 прибор управления артиллерическим зенитным огнем). Мен осы бір жыл ішінде 4-нөмер (прибордың) установщик 1 жыл ішінде дұшпанның самолетін ауада тез жоқ етуді үйретті. Қысқаша айтқанда 29.08.1940 ж. бастап 21.06.1941 ж. күніне дейін соғыс ғылымын үйрендік.

21.06.1941 ж күні кешкі тамақтан кейін 15 адамды асханаға картошка тазартуға жіберді. Соның бірі мен едім. Картошканы ертеңгі сағат 5-те тазартып болдық. Осы түні қабағымызды қаққанымыз жоқ. Сағат алтыда ертеңгі тамақты біздер (жұмысшылар) ішіп бола бергенімізде старшина велосипедпен келіп, бізді тревога арқылы көтеріп алып кетті. Казармаға келсек жүгіріп барлық адамдар соғыс басталды деп паркке кетіп қалған екен. Біз де керек заттарымызды тез алып, паркке келсек трактор пушканы тартып шығып жатыр екен. Осы уақытта ауада біздің истребительдер көріне бастады. Сағат 7-де ОП занимать еттік. Осыдан кейін орудия мен прибордың астына окоп қаздық. Қазып болғаннан кейін маскировка жасадық. Бұл орнымыз Минскден 5 км жер болатын. Сағат 1-дің шамасында 3 партия немістің қарақұсы (самолеті) Минск қаласын бомбалай бастады. Минск қаласын қорғап тұрған зенитный полк бірнеше немістің жыртқыш қарақұсын атып түсірді. Минск қаласы жана бастады. 3 аэродромды бомбить ете бастады. Сағат 4-5-терде немістің самолеттері тылға қарап ұша бастады. Осы күні 1-ші боевое крещение алдық. Самолетті атып жыға алмадық. Осы күні түнде орманның ішінде көп атыстар болды. Паника көтерілді. Қалада да, және әскер арасында да.

Келесі күні қала халқы қаланы тастап қаша бастады. Кішкене жас балаларды жетектеп әйел-еркектер құр қол, ешнәрсе алмай тылға қарап асығып-аптығып, үздіксіз кетіп жатты. 3-күні қаланы милициялар да тастап қаша бастады. Минск қаласы үздіксіз жанып жатыр.

Дивизия 3-күні немецтердің танкісі мен пехотасын кездестірді – Личисанский городок. Қатты соғыстар болды. Екі жақтан да көп шығындар болды.

Түс кезінде батарея командиріне, лейтенант Чернышевқа, капитан формасында бір адам келіп, осы жерде менің машинам бар, машинаның астына кіріп, автоматпен атып мені жолатпай тұр. Сондықтан мен сізден сұраймын, маған 4-5 красноармеец берсеңіз екен, машинаны құтқарып алу үшін. Комбат 2 адам беріп оларға ескертті – сақ болыңдар деп. Барып қараса айтқаны рас көрінеді. Бірақ осыны айламен істеп жүргенін сезіп қалады. Машинаға жетпей олар қайтып келді.

4-күні приказ бойынша шегіне бастадық. Әуелгі күні үлкен паника болды. Жол үстінде бұзылған, бомбежка болған машиналар көп болды. Шпиондар қатты жұмыс жасай бастады. Көп кесел келтірді. Көп қиыншылықпен Береза деген өзенге келіп жетсек, немецтер көпірді алып қойған көрінеді. Көпір үшін күн жарым қатты соғыс болды. Кейбір соғыс бөлімдері соғыс арқылы переправится етті. Менің қасымда қазақ баласы Қарасаев Бақытжан снаряд пен минаның жарылғанынан қорқып, осы күндері тамақ ішпеді. Ауыр ойларға қалдық. Біздің разведка басқа жерден көпір тауып, осы тапқан көпір арқылы өттік. Соғыса отырып күн сайын кейін қарай шегіне бастадық.

10.07.1941 ж. күні Днепрден өттік.
11.07.1941 ж. күні ертеңгі сағат 6-да 27 немістің 10-87 деген самолеті 30 минут біздің батареяны бомбить етті. Және пулемет, пушкамен атты біздерді. 1 адамды өлтірді, 6 адамды жаралады. Осы екінші боевое крещение.

Осы күні сағат 1-де аудандық қала Горькийге келіп түстік. Осы қалада почта жұмыс жасайды екен. Біздер отыра қалып елге, таныс жолдастарымызға әрбіреуіміз бірнешеуден хат жаздық. Жиналған хаттарды қыздарға беріп, өзіміз жуына бастадық. Халықтың сұрақтарына жауап беріп жатты. 2 сағаттай тұрғаннан кейін орындарыңызға деген команда болды. Қозғалып кеттік. Қаладан шықпай-ақ халық арасында және әскер арасында тағы да паника көтеріле бастады. Немецтердің самолеті ұшып, жолды бөгеді. Машина, техникалар жол үстінде өртеніп, жанып жатты. Жаралы, өлген адамдарды көріп жаттық. Приказ бойынша Елец қаласын басып өтіп, орманның ішіне кіріп тоқтадық. Елец қаласынан 20-30 км жер болатын. 20 күндей осы орманның ішінде формариваться еттік. Содан кейін қайтадан соғысқа кірістік. Немецтер осы бағытта күні-түні үздіксіз наступать етіп, біздерді қорқытып тұрды. Москваны қалайда болса аламыз деп ойлады. Күні-түні екі жақтан да бірдей орудияның гуілі үздіксіз болып тұрды. Біздер екі рет арт.налет (артиллерия атысының) астында болдық. 10.08.1941 ж. күні 15 немістің самолеті батареяға бомба тастады. Біздер оларды аттық. 1 самолетті жықтық. 2 адам жаралы болды. 3 адам контузия алды. Жолдасым Ходан Еркебаев дегеннің шинелін, рациясын бомба жерге тығып жіберді. Немецтердің самолеті күндіз-түні топ-тобымен ұшып жүрді. Біздің самолетіміз аз болды. Бір күннің ішінде 3 самолет жықтық. Генерал приказ берді: күн сайын 3 самолеттен кем жықпауларыңыз керек деп. Осы жерде – Елец қаласында 20 күндей қатты соғыстан кейін немецтің күшін азайтып, біздің армейская группировка Елец қаласынан немецтерді қуып шыға бастады. Немецтер бірінші рет қызылдардан соққы көріп, кейін шегінді. 20 км-дей Елец қаласынан шегініп кеткеннен кейін біздің дивизияны басқа участкіге жіберді.

Павлово деген станцияда погрузка болды. Аман-есен бірнеше күн жол жүріп, Лебеден қаласына келіп түстік. Осы қала Сум облысына қарайды екен. Осы қалада 1 күн тұрғаннан кейін 60 км жердегі соғысқа-фронтқа жүріп кеттік. Лебеден қаласында тұрғанда Сталиннің біздің дивизияға және екі дивизияға бірінші рет советская гвардия атағын берген ПРИКАЗЫН (1941 ж. 18/ІХ. Күні жарыққа шыққан) оқыды. 100-ші Ленин ордені атағындағы дивизия – 1-гв.О.Л.С.Д. атағына ауды.

1 түн жүріп фронтқа келіп жеттік. Екі күн қатты ұрыстан кейін дивизия кейін шегіне бастады. Неге десең немістің күші өте басым болды. 50 км кейін шегініп, Лебеден қаласынан 8-10 км-дей жерде қорғану (оборона) ұрысына кірістік. Немецтердің самолеті сирек-сирек келіп бомбалап кетіп тұрды. Зенитчиктер дәл бомба тастауға жол бермеді. Зенит снарядтарынан қорыққан неміс летчиктері көзделген жерге бомба тастап, қашып отырады. 1 жетідей оборонада тұрғаннан кейін приказ бойынша шегіне бастадық. Әуелгі күндері ешнәрсе білмедік. Соңғы уақытта айтушылардан естідік; біздің дивизия қоршауда қалды дегенді. Немецтер оң мен солдан кіріп кеткен екен. Осы кезде ауа-райы өзгеріп, керім қатты үздіксіз жауын жауып тұрды. Машина техниканы тарта алмады. Украина жері қара сазды болады екен. Машина батпақтап жүре алмады. Күндіз-түні біздер мойынға арқан салып машинаны және техниканы сүйреп жүрдік. Өте көп қиыншылықтар көрдік. Көйлек-дамбал мен аяқ киімді құрғатып алуға мұрға болмады. Ыстық тамақ ішпегенімізге бірнеше күндер болып барады. Қарын аш. Алдымызда орман. Орманның арғы жағында ел, осы елде немецтер. Орманның ішінде ұрыс жүріп жатыр. Біз осыған келіп жеттік. Салом скирдінің жанына келіп тоқтадық. Жауын жауып тұр. Мен және менің жолдастарым от жағып, шұлғауларын кептіре бастадық. Екі шофер котолекпен ет асып, отқа ұстап тұрды. Осы уақытта котолекті ұстап тұрған шофер айтты: мен жаралы болдым деп. Оқ келіп қолдың жоғарғы жағынан өтіп кетіпті. Қалғандарымыз дереу қолға мылтық алып дайын бола бастадық. Көп кешікпей немецтер бізді мин снарядымен ата бастады. Машина мен техниканы тасаға түсіре бастадық. Снаряд өте жақын түсіп жатты. Машинаны стройдан шығарды.

Екі күн бір ойда жасырынып (жүруге жол болмай тұрғандықтан) тұрдық. Командир дивизии Белоглазов приказ берді: Техниканы және машинаны жоқ етіп, өздеріміз кешкі қараңғыны пайдаланып, қалайда болса қамаудан шығуымыз керек деген. Кешке қарай машина мен техниканы көз жасын төгіп бұза бастадық. Кешкі қараңғылықпен жолға шықтық.

Командиріміз алдымызда, жолсыз елсіз жермен жүріп келеміз. Немецтер бар деревнялар мен даланы айналып өтеміз. Екінші күні кешке қарай бөлініп қалған біз сияқты частьге қосылдық. 7-8 км жерде ұрыс жүріп жатыр. Бір деревняға түнеп, ертемен қозғалып кеттік. Алға разведканы жіберіп, қалғанымыз кейінде келе жаттық. Разведка айтты: алдағы деревняда немістің разведкасы бар деп. Начальник штаба Брагин екі группаға бізді бөліп, осы деревняға атака жасап, немецтер аз болса соғыспен ілгері қарай қозғалып кетеміз деді. Кішкене қырдан көтеріле беріп едік немецтер батальонға жақын бізге қарап соғыс порядкасын алып, жүріп келе жатыр екен. Осы жерде біздер атысып, кейінгі деревняға келдік. Менің жолдасым Х. Еркебаев жаралы болды. Оқ бір жағынан тиіп, екінші жағынан өтіп кеткен. Айналамыз толған немецтер болды. Біздің қолымызда 1 деревня. Жарымыз түнде дем алып, жарымыз оборонада тұрдық. Ертемен немецтер деревняға бірнеше автоматчиктерін жіберіп, біздің арамызда паника туғызуды ойлады. Біздер паникасыз 1 артполк және 1 пехота батальонмен жолсыз сай жүлгелер арқылы жол шегуге шықтық. Жолда немецтердің 1 пехота ротасын және көп жол бойымен кетіп бара жатқан обозын жолықтырып, 1 сағаттай ұрыс болды. Осы күні кешті күттік. Кешкі қараңғылықпен жүріп келе жатырмыз. Осы түні 3 жерден неміс охранын кездестірдік. Қолға түскенін өлтіріп, будкіде қалған нан сияқты тамақты талап алып кете бердік. Аяқ астынан қараңғыда қолмен сипап тауып, шинельмен сүртіп жеп келеміз. Өте қатты шаршадық. Аяқ ілгері басқысы келмейді…

Күн шыға бір қырдың басынан немецтер минометтен атып бізді жүргізбеді. Көп адамды өлтірді және жаралы қылды. Адамдар кез келген жаққа қаша бастады. Біздің комбат «За мной» деп айқайлап бізді ойға жинап алды. Артиллеристер қалған снарядтарды атып-атып, пушканы тастап кетті.

Бізге қарап бір пулеметчик және автоматчиктер оқ атып жатыр өте жақын жерде.

Мен Қарасаев Б. екеуміз сайдың бауыр бетіндегі сирек ағаштың арасына кіріп оборона ұстап жатырмыз. Көп кешікпей 6-7 неміс біздің командирлердің артынан білдірмей келіп пленге алды. Бізді көрмей кетті.

Түстен кейін жауын жауып бізді қатты сулады. Кешкі қараңғыға шейін осы жерде жатып алдық. Дәретті жатқан жерімізге жіберіп жаттық.

26.10.41 ж. Күні кешкі қараңғылықпен орнымыздан тұрып, қалай қарай жүреміз деп ақылдастық. Жауын үздіксіз жауып тұр. Бағытжанның жанында компас бар екен соны алып, Шығысқа қарай жол тартып отырдық. Түн ішінде көрінген қарадан қорқып, батпақтап аз жүрген шығармыз деймін. Таң атқасын ойға келіп, саломды жағып жылына бастадық. Отты сөндіріп жүрейік деп тұрғанымызда біздің солдат тап болды. Олар да біз сияқты адамдар көрінеді. 4-еу болып деревня іздеп жүріп кеттік. Көп кешікпей деревняға жақындап келдік. Жауын әлі жауып тұр. Кім барады разведкаға деп ақылдастық. Алыстан көріп тұрмыз, немецтердің арбалары үйлердің қасында тұр. 4-еуміз бірге тәуекел деп шеткі үйге кірдік. Содан кейін Қарасаевті келесі үйге жібердік. Онда немецтер жоқ екен, үй иесі бізді қарсы алып, тамақтандырды. Киімдерімізді кептірді. Киімдерімізді кептіріп бола бергенімізде 2 атты неміс келе жатыр деп үй иесі айтты. Әйелі үйді босатыңыздар деп жылап жіберді. Сендерді ұстап алса біздерді өлтіреді деп. Біздің тілегіміздің дұрыс болғаны ғой, немецтер үйге кірмей сырттан сүт алдырып ішіп кетіп отырды. Осы үй иесі бізді бір өлімнен алып қалыд. Үй иесінің сұрауы бойынша басқа үйлерге тарап кеттік. Осы деревня Курск облысының Тамаров ауданына қарайтын Вознесенский хуторы болады. Осы түні әскерлік сырт киімін колхоз киіміне ауыстырдық.

28.10.1941 ж. Осы күні ертемен жергілікті адамнан маршрут алып, жол жүріп кеттік. Маршрут:
1) Хутор Вознесенский
2) Деревня Альховка
3) Деревня Яковлево. Шоссе проходит через деревню на Курск и Белоград.
4) Покровка – немецтер бізге кездеспеді.
Көпшілігіне елсізбен жүріп, тамақ ішуге деревня Альховкаға келдік. Бір үйге келіп жақсылап (1-2-3-ші тамақ) тамақ іштік. Тамақ ішіп бола бергенде немецтің 1 офицер, 1 солдаты жетіп келді. Келе: мед, масло, сало, давай деп үй иесіне айқайды салды. Бізді көріп қалыпсендер орыс солдаттарысыңдар ма деп сұрады. Үй иесі – менің інілерім деп жауап берді. Олар осыған нанып қалып, өздерінің іздеген жұмысымен бола берді. Үй иесі жаман ескі салоны көрсеткеннен кейін офицер колхоздың балы бар үйін сұрап, көрсеткен үйге қарай кетіп отырды. Тез кетсе екен деп отырған біздер олар кетісімен тездетіп үйден шығып, жол жүріп кеттік. Жолда немецтердің аттыларын және арбада қызмет етіп жүрген солдаттарын жолықтырдық. Ебін тауып олардан да өтіп кете бердік.

Сай-жүлгелермен жүріп Покровка деревнясына келсек колхозшылар айтады, әзір немецтер бұнда келе қойған жоқ деп. Осыдан кейін немецтерді кездестіргеніміз жоқ.

29.10.1941 ж. Мына деревнялардан өттік:
1) Маяки
2) Грязное
3) Мичуловский хутор
4) Теревенский хутор
30.10.1941 ж, 31.10.1941 ж және 1-2-3-4-5/10.1941 ж күндері:
1) дер. Прохоровка
2) ст. Прохоровка
3) пос. Пехтеевка
4) село Призначное
5) село Скородное
6) село Оставное
7) село Миловое
8) дер. Мылянка
9) дер. Хворостянка
10) дер. Концово
11) дер. Сопрыкина
12) дер. Дубинка
13) дер. Атаманская
14) ст. и город Оскол (15/ХІ 1941 ж.)
Станцияда жаралы болған Еркебаев Ходанмен жолығыстым. Ол госпитальға кетіп барады.
6-1.10.1941 ж күндері кейбір себептермен Новый Осколда комендатурада болдым.
8-9.10.1941 ж күндері жолда болдық:
1) Н. Оскол
2) дер. Жиповка
3) дер. Великомихайловка
4) дер. Малиновка
5) дер. Яблонова – осы деревняда өзім қызмет еткен частіме келіп жеттім. Командир дивизии мені қарсы алды. Мен бірнеше күн жыртық-жыртық колхоз киімімен жер қазу жұмысына қатысып жүрдім. Күзгі қатты суықтар менің сүйегімнен өтті.
Бірнеше күн осы деревняда тұрғаннан кейін бізді – дивизияны фронтқа жүргізіп жіберді. Бұл декабрь айы болатын.

Елец қаласынан біздің Армия немецтері қуа бастады. Бізді осы бағытқа әкеліп салды. Соғыспен бірнеше км-лерді басып өттік. Станция Красная Заряда немецтерді көп өлтірдік. Немецтер пленге түскен көп адамды мешітке қамап, автоматпен атып өлтіріп кеткенін көрдік. Осы бағытта біздер немістің 20 мм пушкасын қолға түсіріп алдық.

Немецтер Орел қаласына 100 км жер қалғанда біздерді тоқтатты. Біздің дивизияны басқа участокке аударып жіберді. Бірнеше км немецтерді қуғаннан кейін бізге 2-ая Зиневьевка деген деревняда қатты қарсылық көрсетіп, кейін аздап шегіндірді. Менің командир отделением өліп кетті осы деревняда.

2-бөлім

Керек-Ринг 10/04/2016

Астанада Бирхофф мейрамханалар кешеніне қарасты Сабантуй кафесінде КерекИнфо блогерлерінің ұйымдастыруымен Керек-Ринг ойыны өтті. 4 команда қатысқан бұл ойында Тараздағы Блог-Құрылтайда өткен ойынның жеңімпаздары Бақсы командасы тағы да жеңіске жетті. Marco бастаған, Basic AKY Karakyz қостаған команданы жеңістерімен құттықтаймыз!

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 10/04/2016

Іріктеу кезеңіндегі сұрақтар:

— Мемлекет атымен аталған химиялық элементтер бар. Мысалы Полоний – Польшаның құрметіне, Германий – Германияға, Америций – Америка. Ал, қай елдің аты химиялық элементтің атымен аталады?
(by asaubota )

— Ленинге қатысты алғашқы құжатқа Василий Умов атты священник және дьякон Знаменский қол қойған. Бұл қандай құжат еді?
(by asaubota )

— Алексей Добротворский деген ғалымның пайымдауынша, тарихта орны толмас, қайталанбас жалғыз бір тұлға бар. Оның атын атаңыз.
(by asaubota )

— 1775 жылдан бастап Лондонда каучук кубиктер сатыла бастады. Ол не үшін пайдаланылатын еді?
(by asaubota )

— Карелиядағы Кижи аралында орналасқан шіркеу соборында 33 күмбез бар. Неліктен?
(by asaubota )

— Эдмунд Хиллари — Амундсен мен Скоттан кейін Оңтүстік полюсті бағындырған 3-ші кісі. Бұл кісі бірақ әлемдегі басқа бір нүктені бірінші болып бағындырды? Қай жерді?
(by asaubota )

— Неміс ғалымы Классен тас және темір метеоритердің құрлықтар бойынша жайылуын зерттеген екен. Зерттеулер бойынша Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында тас метеориттер темір метеориттерге қарағанда көбірек кездесіпті. Ал, Америка мен Австралияда тең дәрежеде. Классен бұның неге бұлай екенін біледі. Ал сіз ше?
(by asaubota )

— Бұл сөзді Гитлер әр 53 сөзінің бірінде қолданған екен. Муссолиниде 1/83, Рузвельтте 1/100, Чемберленде 1/249. Бұл қандай сөз?
(by asaubota )

— 1915 жылы бір бірімен шекараласатын үш ірі мемлекет АВС атты ортақ келісімшарт жасасқан. Бұл қай мемлекеттер?
(by asaubota )

— Ағылшын сөздерінің басым бөлігінде «q» [кью] әрпінен кейін «u» [ю] келеді. Ерекше жағдай үндіеуропалық тілдерден келмейді, әдетте: мысалы, faqir [факир], qadi [кади], Iraq [Ирак]. Алайда, «q» [кью]-ден кейін «u» [ю] келмеген бір сөз сырттан енген болып табылмайды. Бұл сөзді сіз анық көрдіңіз, алты әріптен тұрады және он тоғызыншы ғасырдың соңында пайда болды.
(by MERmukhanov )

— Сағидолла Мұсақынұлының тақпағы:

Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа».

Тақпақтың бірінші шумағын атаңыз.
(by MERmukhanov )

Финалдық кезең сұрақтары:

— Бұл санды гректер мен римдіктер білмеген. Ал, көне мысырлықтар білген. Иероглифтерінде бұл санды қолдарын таңданыспен көкке көтерген адам кейпінде бейнелеген. Бұл қай сан?
(by asaubota )

— Бұл күн америкалықтардың әзілдеуінше АҚШқа шабуыл жасау үшін ең ыңғайлы күн екен. Тіпті 1984 жылдың 20 қаңтарында Роналд Рейганның инаугурациясы бұл оқиға үшін бір күнге шегеріліпті. Американ қорғанысын әлсірететіндей бұл қандай күн?
(by asaubota )

— Ортағасырдағы араб тарихшысы, саяхатшысы Масуди Жерді алып құсқа теңеген. Оның айтуынша құстың құйрығы – Африка, оң қанаты – Үндістан мен Парсы мемлекеті, сол қанаты – Яджудж бен Маджудж мекендеген жерлер. Ал, құстың көздері ше?
(by asaubota )

— Оның заты – атына қарсы. Бірақ оның бойында құрғақтық пайда бола берген сайын заты атына сай бола береді. Оның мұңды тағдырын еске ала отырып, оны атаңыз.
(by MERmukhanov )

— Сперанский Тобольск қаласына тарихшы досына сый жібере отырып, хатқа: «Саған уақыт және мәңгілік жіберіп отырмын» деп жазды. Жіберген түйіншегінде сағат және екінші сыйлық жатты. Қандай?
(by MERmukhanov )

— Мына суреттердің авторы ХІХ ғасырдың ортасында туылған. Оған КСРО және Қазақстанның пошта маркалары арналған. Сурет авторын атаңыз.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 10/04/2016
(by MERmukhanov )

— 20 ғасыр соңы — 21 ғасырдың басында көше атауларын өзгертуден бұрынғы КСРО қалаларының ешқайсысы қашып құтылған емес. Сол кезеңде Ақмола қаласында Ленин көшесі Абай даңғылы, Октябрьская — Мұхтар Әуезов көшесі болып атала бастады. Ал осы қаладағы Совет Конституциясы көшесі қалай аталды?
(by MERmukhanov )

— 1996 ж. ақпанында көптеген америкалық газеттер бұл адамның портретін шығарып, мысалы, «USA Today» газетіндегідей: «Бұл адам адамзат нәсілі үшін тұрып бере ала ма?» дегендей тақырыптар қойды. Бұл кім адам?
(by MERmukhanov )

— 1850 жылдардың соңында Сатурн сақиналарын зерттеп болған Джеймс Максвелл басқа сақиналара жайлы ойлана бастады. 1858 жылғы мамырдағы Күн тұтылуынан соң, оның айтуынша, ол алдағы оқиғаның уақытын анықтаумен айналысып, шамамен – маусымның басы деген нәтиже алады. Бұл оқиғаны атаңыз.
(by MERmukhanov )

— Людовик XVI, граф Монте-Кристо, Петр I, кардинал Ришелье, Шерлок Холмс. Бұл адамдарды әдеби шығармалардан басқа не біріктіреді?
(by MERmukhanov )

— Сұрақ авторына, яғни маған мына факт әркез қызық көрінетін. Бірінші дүние екіншісінен бұрын ойлап табылғандығы.
Бірінші дүниенің қазіргі типтесін 1823 жылы Иоганн Деберейнер ойлап тапты. Ол химиялық процесстерге негізделді.
Ал қазіргідей Екінші дүние одан 3 жыл өткесін барып ойлап табылды. Джон Уокер 91 см-лік затты 1826 жылы ойлап тауып, 1827 жылы коммерциялық келісім-шартқа отырды.
Ол нәрселер бәрінде бола бермейді, бірақ көбінде бар.
Бірінші және екінші затты атаңыз.
(by MERmukhanov )

— Оның аумағы Флорида, Пуэрто-Рико және айталық, Гамильтон арасын құрайды. Гамильтон ненің астанасы?
(by MERmukhanov )
Әрі қарай

Алғашқы жазбам

Сəлем беріп бастайын сөзімді, өзім жайлы айтайын! Туып өскен жерім Сатбаев қаласы, мектепті <Менделеев шәкірті> наминациясымен тәмамдап, білім қуып Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. Қолөнермен айналысқанды ұнатамын сол себепті де мен осы салада блог жазып, жасампаз оқырмандарымды қуантып отыруға тырысамын. Болашақ мамандығым журналист болғандықтан тек қана қолөнер емес көптеген еркін тақырыптарда жазбалар жазамын деген ойдамын.

Енді түсіндім

Мына жердегі пікірімді толықтыру керек болды. Жаңа тақырып етіп аша салуды жөн көрдім.

Сонымен қазақтар неге бұлай шатасып жүр десем, гәп мынада екен. Араб тілінде осы талқыланып жатқан екі сөзге ұқсас тағы бір сөз бар екен. Ол сөз — صلابة
Әрі қарай

Таныс болайық?

Кеш қайырымен болсын, КИлықтар! Бұрынырақ тіркелгеніммен, пост жазар жерді әрең таптым-ау! Ендеше таныс болайық? Есімім-Құлпынай. Тегім-Жасарал. Сыр өңірінде туылған қызбын, Руым-Әлімнің Қаракесегі. Жасым он жетіде болғанымен, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 2 курс студентімін. Журналиспін болашақ. Өмірлік ұстанымым-шынайылық пен ізденіс. Артынан таяқ жегізетінін біле тұра,үнемі шындықты айтуды жөн көретін жанмын. Өнерден де құр алақан емеспін. Әкемнің қызымын. Біреудің айтқанымен жүрмеймін. Кім не айтса да, бәрін керісінше жасайтын жаман қасиетім бар. Бар болмысым-осы! Сынау да басқасы да өз еркіңізде, оқырман. Дегенмен құшақ жая орталарыңызға қабылдайды деп сенемін!
Блог - KulpynaiZh: Таныс болайық?

"Оскар-2015". Менің болжамдарым.

Киностан: Оскар-2015. Менің болжамдарым.
22 ақпанда кино әлеміндегі ең беделді сыйлық — «Оскар» табыс етіледі. Биыл «Оскарды» кімдер алады? Осындай ой жалғыз мені толғандырмайтын шығар?
Өмірімде алғаш рет (сәтсіз болып жатса, мүмкін — соңғы рет) «Оскар» иегерлеріне болжам жасап көрмекпін. Әрине барлық номинацияларына емес, тек бірнешеуіне ғана. Бәс тігетіндерің болса, кейін өкініп қалмайтындай аз сомалар қоюларыңызды сұраймын.

Үздік фильм

Номинанттар:
— «Америкалық снайпер» («American Sniper»)
— "Бёрдмэн" («Birdman»)
— «Балдәурен» («Boyhood»)
— "Гранд Будапешт қонақүйі" («The Grand Budapest Hotel»)
— "Имитация ойыны" («The Imitation Game»)
— «Сельма» («Selma»)
— «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)
— «Таяқтың күшімен» («Whiplash»)

Өзім «Америкалық снайперді», «Бердманды», «Гранд Будапешт қонақүйін», «Имитация ойынын» көріппін. Физик Стивен Хокингтің өміріне арналған «Барлығының теориясын» көре бастап едім, тым қызықсыз көрінді.

Әдетте, «Алтын глобус» — «Оскардың» репетициясы деп жатады. Қазақша айтсақ: «Алтын глобусты» көріп «Оскарын» ал. Шынымен, көп лауреаттар бір-бірінде қайталанып жатады. Осы талдауымда да биылғы «Алтын глобус» иегерлерін ескеретін боламын.

Сонымен, 2015 жылдың «Алтын глобусында» «Балдәурен» («Boyhood») үздік фильм атанды. Фильмнің сюжетін оқып шықтым, актерлер мен түсіру тобын қарап шықтым. Өзім үшін іліп алатын ештеңе таппадым. Менің ойымша: оның жеңісі «Алтын глобуспен» шектеледі, «Оскар» ала алмайды. Менің фавориттерім мүлдем басқа. Неге? Түсіндірейін.

Америкалықтар өз елдерінің даңқын асқақтата түсетін, ерлігін жырлайтын әскери киноны өте жақсы көреді. Оған 2010 жылдың жеңімпазы "Өлім қорабы" («The Hurt Locker») және 2013 жылдың жеңімпазы "Арго" («Argo») фильмдері мысал. Биыл осы тематикаға сәйкес келетін «Америкалық снайпер» бар. Сосын осы номинациядағы «Имитация ойынын» да естен шығармау керек. Фильм соғыс жайлы, анау-мынау емес Екінші Дүниежүзіліктің нәтижесіне америкалық математикатің ықпал еткені баяндалады, оның үстіне басты кейіпкер (Бенедикт Камбербэтч) — гомосексуалист. Бұл ахуал да қазіргі толеранттылық пен демократияның заманында, адам құқығына көңіл бөлініп жатқан кезеңде ерекше мәнге ие. Сондықтан, академиктердің көңілін осы екі картинаның біреуі жаулап алады деп есептеймін.

Үздік актер

Номинанттар:
Стив Карелл — «Түлкі аулаушы» («Foxcatcher»)
Брэдли Купер — «Америкалық снайпер» («American Sniper»)
Бенедикт Камбербэтч — «Имитация ойыны» («The Imitation Game»)
Майкл Китон — «Бёрдмэн» («Birdman»)
Эдди Редмэйн — «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)

Жоғарыда атаған себептерге байланысты, Брэдли Купер мен Бенедикт Камбербэтчтің «Оскар» алу мүмкіндігі жоғары. Бірақ мен үшін Майкл Китон фаворит. Майкл Китон — кезінде Бэтменді сомдап атақты болса да, қазір көп жұлдыздардың көлеңкесінде қалып қойып, екінші дәрежелі рөлдерімен ғана шектеліп жүрген ортаңқол актер болып қалды. Алехандро Гонсалес Иньярриту өзінің соңғы жобасына дәл осы актерді алуы да негізсіз емес сияқты. Сюжетте, жастау кезінде Бердмэн (Құс-адам) деген суперқаһарманды сомдап, атағы жер жарған, бірақ қазір жолы онша болмай жүрген кәрі актер туралы баяндалады. Символично, иә? Шынымен де, көп сыншылар Майкл Китон бұл картинада өзін сомдады деп айтып жатыр. Оның үстіне, Майкл Китон осы рөлі үшін биыл «Алтын глобус» алды. Осылардың барлығын ескере отырып, "Үздік актер" номинациясында Майкл Китонның бағы жанады деп есептеймін.

Үздік актриса

Номинанттар:
Марион Котийяр — «Екі күн, бір түн» («Deux jours, une nuit»)
— Фелисити Джонс — «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)
Джулианна Мур — "Әлі де сол Элис" («Still Alice»)
Розамунд Пайк — «Жоғалған әйел» («Gone Girl»)
— Риз Уизерспун — «Жабайы» («Wild»)

Финчердің "Жоғалған әйелін" көргенмін, мықты фильм. Әрине Розамунд Пайктың шеберлігіне күмән жоқ, бірақ «Уау» дегізген ештеңе көрмедім. «Алтын глобуста» жүлдені Джулианна Мур алды. Академиктердің таңдауы да ерекшелене қоймас деген ойдамын. Шынымды айтсам, бұл категорияда болжам жасау аса қиындық туғызып тұр.

«Екінші пландағы үздік актер», «Екінші пландағы үздік актриса» номинацияларын да өткізіп жіберейік, бұл категориялардың шешімі біз ойлағаннан мұлдем бөлек болып шығуы әбден мүмкін. Егер қызық болса айтайын, «Алтын глобуста» биылғы жеңімпаздар мыналар:

Үздік режиссер

Номинанттар:
Алехандро Гонсалес Иньярриту — «Бёрдмэн» («Birdman»)
Ричард Линклейтер — «Балдәурен» («Boyhood»)
Беннетт Миллер — «Түлкі аулаушы» («Foxcatcher»)
Уэс Андерсон — «Гранд Будапешт қонақүйі» («The Grand Budapest Hotel»)
Мортен Тильдум — «Имитация ойыны» («The Imitation Game»)

«Алтын глобуста» Ричард Линклейтер үздік режиссер атанды. Бірақ академиктердің арасында есі дұрыс адам қалған болса Алехандро Гонсалес Иньярритуға немесе Уэс Андерсонға дауыс берілулері керек деп есептеймін. Екеуі де биыл «Оскарға» лайықты. Менің түйсігім — Алехандро Гонсалес Иньяррит үздік шығады-ау деп тұр.

Шет тіліндегі үздік фильм

Номинанттар:
— «Ида» («Ida») — Польша
— "Левиафан" — Ресей
— «Мандариндер» («Mandariinid») — Эстония
— «Тимбукту» («Timbuktu») — Мавритания
— "Ерсі оқиғалар" — Аргентина

Мен тек «Лефиафанды» ғана көрдім. Ол картина биыл «Оскар» алып жатса, «Түһ, несіне беріп жүр» деп өкініш білдіретіндер саны аз болатынына сенімдімін. «Левиафан» биыл жеңіп алуға боларлық сыйлықтар мен жүлделердің біршамасын алды. Жаңа Ресей тарихында алғаш болып «Алтын глобусқа» да ие болды. Америка Ресей билігінің шамына тию үшін осы картинаға «Оскарды» ұстатып жіберуі әбден мүмкін.

Үздік визуал эффектілер

Номинанттар:
— "Капитан Америка: Қысқы жауынгер"
— "Маймылдар ғаламшарының таңы"
— "Галактика сақшылары"
— "Интерстеллар"
— "Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері"

Былтыр техникалық жетістіктеріне беретін (монтаж, эффектілер, т.б.) «Оскарлардың» барлығын дерлік "Гравитация" жеңіп алған болатын. Биыл техникалық жағынан өте керемет жасалған фильм бар болса, ол — «Интерстеллар». Ғалымдар тіпті «Интерстеллар» үшін теорияларды визуализациялау кезінде байқаусызда жаңалық та ашып алыпты. Киноның құдіретін көрдіңіз бе?! Биыл визуал эффектілерден «Оскар» алуға бәрінен бұрын «Интерстеллардың» мүмкіндігі жоғары деп есептеймін.

Бар болжамым осы. Қалған номинацияларды өздеріңіз нетіп аларсыздар. Америка киноакадемиясының 87-ші марапаттау шарасы 2015 жылы 22 ақпанда таңда өтеді.

Қосымша:
«Алтын глобус-2015» жеңімпаздары
«Оскар-2015» номинанттары
Әрі қарай