Алаяқтық синдромынан құтылудың 7 әдісі

  • Автор
Сана мен сезім: Алаяқтық синдромынан құтылудың 7 әдісі

Жоғары біліміңіз бар, жұмыс тәжірибеңіз де жақсы. Бірақ сізді мазалайтын кей ойлар бар. Өйткені бүгінге дейінгі жетістіктеріңізді бір сәттіліктің арқасында, сәйкестік нәтижесінде немесе басқа бір себепші арқылы болды деп ойлайсыз, кей нәрселерді тым оңай көріп, жұртты алдаған сияқты сезімде боласыз, бір күні жұрт біліп қалып, бетпердеңіз шешіледі деп ойлайсыз. Бұның аты — Алаяқтық синдромы.

Алаяқтық синдромы деген не?

Алдымен мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

  • Жетістігіңіз сәттілік, дұрыс жер, уақыт немесе бір қателіктің арқасында болды деп ойлайсыз;
  • «Мен істей алсам, басқалар да істей алады» деп ойлайсыз;
  • Жұмысыңыздағы кішкентай кемшіліктерді қатты уайымдайсыз;
  • Кішігірім сынның өзін тікелей сіздің кемшілігіңіз ретінде қатты қабылдайсыз;
  • Тағы бір жетістікке, табысқа жеткен кезде, тағы да басқаларды алдағандай сезімде боласыз;
  • Бір күні басқалар сіздің жұртты алдап жүргеніңізді, негізінде соншама қиын жұмыс емес екенін түсініп қалады деп қорқасыз.

Алаяқтық синдромының бір қызық жері — сіз табысты адамсыз. Тек мұны қабылдай алмайсыз. Резюмеңізді қарап тым артық жазғандай көресіз, болмашы нәрселер жазғандай боласыз. Жұрт жақсылығыңызды айтып мақтаса, тым артық артқандай болады.

Бұл синдромның себеп-салдарын анықтап, құтылу жолдарын іздеп көрейік.

Неге бұлай?

Әлемдегі мәселелердің негізі — ақымақтар мен фанаттар өздеріне қатты сенімді, ал ақылдылар күман толы.
Бертран Рассел, ағылшын философы

Психологтардың айтуынша бұның бір себебі: Даннинг — Крюгер эффекті. Яғни ақымақтау адамдардың өз деңгейлерін шынайы бағамдаулары үшін тәжірибелері және біліктілігі жетіспейді. Сондықтан да олар өздерінің кереметтіктеріне аса сенімді, тіпті негізінде олай болмаса да. Ал тәжірибелі адамдар бұрынғы қателерін, кемшіліктерін білгендіктен, сараптай алу қабілеттері болғандықтан өздерінің мүмкіндіктерін төмен бағалайды, тіпті өздерінікі дұрыс болса да. Бәлкім осының салдарынан болар, төмен деңгейдегі немесе интеллекті төмендер жақсы жерде қызмет етеді де, ақылдылар оларға қызыға қарайды?

Жыныстық тұрғыдан қарайтын болсақ, синдром әйелдерде көбірек кезігеді екен. Мұның бір себебі — әйелдің өзін еркектен төмен көруі болуы әбден мүмкін. Бірақ соңғы зерттеулерге қарағанда, табысты еркектерде де бұл синдром байқалады. Өнер адамдарында, ғалымдарда, шығармашылық адамдарында жиі байқалатын құбылыс. Мысалы, Эйнштейн өзін алаяқ сезінген, «неге адамдар мені соншама қатты бағалайды, пәлендей қиын ештеңе ойлап тапқаным жоқ қой» деп.

Отбасы факторы да маңызды. Кішкентайынан ең мықты нәтиже көрсету талап етілген отбасының балалары есейген кезде өз жетістіктеріне сенбейді-мыс. Олардың ойынша біреудің көмегі, жақындардың қолдауы немесе сәтті оқиғаның арқасында болған нәрсе деп қабылдайды. Сондай-ақ кішкентайынан көп сыналатын балаларда да болады. Өскен кезде әр ісінің сыналуынан қорқатын болады.

Қалай жеңуге болады?

1. Мәселені түсініңіз
Алдымен сізде осындай мәселе бар екеніне көз жеткізіңіз. Алаяқтық синдромы байқалатын адамдармен сөйлесіңіз. Пікірталасыңыз. Қолдаңыз бір біріңізді.

2. Сараптама жасаңыз
Жетістік, табыстарыңызды саралап шығыңыз. Шынымен кездейсоқтық немесе сәттілік пе, әлде шынымен өзіңіз қол жеткіздіңіз бе? Ой елегінен өткізіңіз. Батыл болыңыз. Өзіңізге сеніңіз. Өз бағаңызды біліңіз.

3. Кәсібилігіңізді тексеріңіз
Өзіңізден тәжірибелі адамдармен салыстырудың қажеті жоқ. Жас мамандармен, жаңа түлектермен жұмыс істеңіз. Нені жақсы істей алатыныңызды, тәжірибеңізді байқай аласыз.

4. Перфекционист болмаңыз
Әр нәрсенің ең кереметін жасауға тырыспаңыз. Ең мықтысы сіз болу керек деген нәрсе жоқ.

5. Жетістікке қуаныңыз
Болмашы нәрсе, кішкентай жетістік демей әр табысыңызға қуаныңыз. Оны иемденіңіз. Атап өтіңіз. «Жуу» дәстүрін ұстаныңыз. Бұл маңызды!

6. Өзіңізді дамытыңыз
Біліктілігіңізді арттыратын дәрістер алыңыз. Өз салаңыз бойынша білім іздеңіз. Бір нәтижеге жету үшін емес, өзіңізді дамытуға тырысыңыз.

7. Бетпердеңізді шешіңіз
Алаяқ болмаңыз. Маскаңызды шешіп тастаңыз. Жалғыз сіз ғана мұндай емес екеніңізді біліңіз. Батыл әрекеттер қылыңыз.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

14 пікір

neoaskar
5. Жетістікке қуаныңыз
Болмашы нәрсе, кішкентай жетістік демей әр табысыңызға қуаныңыз. Оны иемденіңіз. Атап өтіңіз. «Жуу» дәстүрін ұстаныңыз. Бұл маңызды!
осы әдіс ұнады. кейде үйде болмайтын дүниені атап өтеміз. негізі болмашы нәрсе де емес, айлап немесе апталап күткен жобамыз. балалар бір қуанып қалады әйтеуі.
asaubota
маған да осы ұнады :)
Basic
Отбасы факторы да маңызды. Кішкентайынан ең мықты нәтиже көрсету талап етілген отбасының балалары есейген кезде өз жетістіктеріне сенбейді-мыс.
Осы жері 100%
GalymzhanOrazymbet
Бір нәрсені жұрыс түсінбей қалдым. Бұл өзің солай санамасаң да, басқалар сені солай көретіндерге де қатысы бар ма? Олай болса, мен нағыз алаяқпын. Біреулер келіп кәдімгідей құжат рәсімдеу, заң бойынша ақыл сұрап жатады. Білмеймін десең, ерінген, жақтырмаған адам сияқты боп қаласың
asaubota
оған қатысы жоқ
GalymzhanOrazymbet
Осыған лайық емеспін-ау. Керек уақытта керек жерде болып қалдым дейтіндей де табысқа жетпеппін. Қазіргі жұмысыма шамам жетеді, керек деңгейде істеп те жүрмін, соншалықты айтарлықтай жетістік те емес. Демек, алаяқтық синдромы маған жат )
MeihuaZheng
Жетістігіңіз сәттілік, дұрыс жер, уақыт немесе бір қателіктің арқасында болды деп ойлайсыз — Жоқ. өмірімдегі барлық жетістігім мен жетіссіздіктерім тек қана өзімнің еңбегім. ешқандай да қате әлде күтпеген қуаныш нәтижесі емес. өз есебім, оңтайлы деп тапқан уақыт пен жерде табыла білуімнің арқасы. ЕҢ бастысы — дұрыс адамдармен афщение ұстай алуымның арқасы.
«Мен істей алсам, басқалар да істей алады» деп ойлайсыз — әлбетте істей алады, тіпті менен де жақсы істейді. біреу менен жақсы істей алатынын білсем — тіпті жоламаймын да ондай іске.
Жұмысыңыздағы кішкентай кемшіліктерді қатты уайымдайсыз — жоқ, здравый похуизм жеткілікті деңгейде дамыған.
Кішігірім сынның өзін тікелей сіздің кемшілігіңіз ретінде қатты қабылдайсыз — жоқ. мен одан сабақ аламын. өзімді каждый боққа бола жей берсем, нем қалады — ни сердца, ни нервов.
Тағы бір жетістікке, табысқа жеткен кезде, тағы да басқаларды алдағандай сезімде боласыз — ешқашан. жоғарыда айттым — тек қана еңбек.
Бір күні басқалар сіздің жұртты алдап жүргеніңізді, негізінде соншама қиын жұмыс емес екенін түсініп қалады деп қорқасыз — жоқ. ешкімді алдап жүргенім жоқ. өзге түгіл, өзімді де алдамаймын.
asaubota
сіз демек бұл синдромнан адасыз. құттықтаймын!
e_zhalgas
4. Перфекционист болмаңыз

Нахуй так жить? :P
zholantai
1. Мен өзімнің қазіргі қызметімді кездейсоқтық деп есептеймін.
2. Иә, үнемі сондай ойдамын.
3. Қатты уайымдап кетпеймін. Өйткені, өз жұмысыма көңілім толмайды.
4. Жоқ. Қатты қабылдамаймын.
5. Үнемі емес, бірақ мұндай болып тұрады. Мен лайықпын ба өзі, менен де мықтылар бар еді ғо, деген ой мазалайды.
6. Түсініп қалады деп қорықпаймын. Мұндай жұмысты атқару соншалық қиын емес екенін біліп қояды деп қана ойлаймын.
zholantai
Болмашы нәрсе, кішкентай жетістік демей әр табысыңызға қуаныңыз. Оны иемденіңіз. Атап өтіңіз. «Жуу» дәстүрін ұстаныңыз. Бұл маңызды!
осы маңызды екен, дәл қазір мына постыны оқып отырып, жетістіктерімді атап өткен кездерім есіме түсті. естелік болып қалады екен. бірақ, кейін доғардым. бәлкім, өмірімде сондай бір атап өтуге тұрарлық та жетістік болмады ма екен. иә, бірақ, жиналып, атап өтіп, жуудың әсері зор болатынын түсіндім. қайта бастау керек.
MickThatsMyNick
Сәл күмәнмен жүрсең жолдан адаспай алысқа баратын сияқтысың. Ал тым сенімді болып алсаң, раслабонь беріп бір күні опық жейсің. Бірақ Шурик туралы кинодағыдай «кімде кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішеді» дегеннің рас екендігіне бірте-бірте сеніп келятқандайсың ғо.)) Алйда, әлемге жар салмай-ақ сенен де өмірін бал қылып алғандар жетіп артылады ғо деген ой келгенде, аспаннан жерге түсесің. Бағана айтқан синдром бұлтша сейіледі. Керісінше, тойымсыздық синдромы пайда болады. Кейін қарай перемотқа жасап, қай жерде ұтылдым деген ойлар кетеді))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.