2-бөлім. Соғыстың орта тұсы

Солдат күнделігі: 2-бөлім. Соғыстың орта тұсы

1.01.1942 ж. Күні немецтер наступать етіп, бізді көп жерге шегіндіріп жіберді. Біздер хут. Трудомераевода тұр едік. Әскер паникаға түсіп, өз беттерімен қаша бастады. Осы күні бізге қаралы күн болды.

Апрель айының ішінде Воронеж еңбекшілерінің жіберген 4 зенитная пушкасын алдық. Әуелгі уақытта ешкім де пушканы пайдалануды білмеді. Көп қиыншылықтарға түстік.

Бізді поезбен Харьков қаласының астына әкеліп жеткізді. Адамдарды алып толыққаннан кейін бізді фронтқа жіберді. Северный Донец өзенінің бір бетінде (бір жағында) немецтер, екінші жағында біздер болдық – 1-ое Советское село. Біздің дивизия Старица деген дер. наступать етті. 2-3 күн ішінде жартысын немецтерден босатты. 4-5 күн дегенде адам және техника жағы кеміді. Әрі қарай наступать етуге күш жеткілікті болмады. Кейінгі уақытта біздерді танкіге қарсы қойды. Қыстың ішінде көп қиыншылықтарды көрдік. Немецтердің самолеттері қарақұстай топ-тобымен ұшып келіп тұрды.

26.04.1942 ж күні осы бағыттан бізді алып, станцияға әкеліп, поезға тиеп, Воронежге қарай жөнелтіп жіберді. Воронежге жетпей бізді басқа жаққа бұрып жіберді. Н. станциясына келіп түстік. Екі айдай Сталинградқа келіп жеткенде, бізді фронтқа айдап жіберді. Елец қаласына қарап наступать етіп келе жатқан немецтерді тоқтаттық. Станция Тербунда 3 айдай оборонада тұрдық. Осы оборонада тұрғанда біздің 5-ая ГОЗАБ немістің 1 разведчик самолетінің құйрығын атып түсірді. Командир орудия мен бір наводчикті наградит етті.

Октябрь айының басында біздерге гвардейский значокты берді.

Октябрь айының орта кезінде оборонадан алып, поезға тиеп, Саратов облысының Атхар қаласына алып келді. Келісімен бізге айтты – біздің 100 ГОЛСД-ны үлкейтіп 1 ГОЛМК – 1 гвар. Орден Ленина механизированный корпус қылады деді. Составы корпуса:
1) 3 механиз.бригады – 4 полктан құралады
2) 16 Арт.полк
3) 5 Танковый полк
4) 1 зенитная батарея және тағы басқалары

Корпус көп адам алды осы қалада.

7-ноябрьден кейін поезбен Рупенск қаласына алып келді. Осы қалада әкеліп қойған машина көп екен. Соны алдық. 5 танковый полк танк алды. Толық техниканы алып болғаннан кейін Дон өзенінен өтіп, Астахов хуторының түбінде елсіз далада екі күндей жиналдық. 16-декабрь күні генерал-майор Руссиянов приказ берді. Немецтің оборонасын бұзып, немецтердің тылына шығу керек деп. Немецтердің оборонасын бұзып, 18-19 күндері немецтің тылына шықтық.

Астахов хуторында истребительдер корпусын немец самолеттерінен қорғап тұрғанымызда, ертемен бұл арасынан 17 немецтің самолеті шығып, біздің батареяға бомба тастады. Бомбадан 2 адам өлді, 3 адам жаралы болды. Наводчик Кинашты «Орден отечественной войны ІІ-степени» орденімен наградить етті.

Қыз өте суық болды. Осы наступлениеде күні-түні далада қардың арасында түнеп жүрдік. Өте ауыр қиыншылықтарды көрдік.

Немецтерді ұрыспен қуып отырып, 26 декабрь күні 30 км жер қалғанда Морозов қаласына немецтер көп самолетпен жіберіп, біздің жаңа корпусты бомбить етті. Осы күні бізден 17 адам, 3 пушка, 3 машина стройдан шықты. Біздер бомбаның түскеніне қарамай, немецтердің самолеттерін атып жығып жаттық. Осы күні өте қиыншылықты көрдік. Кешке қарай бір машина мен барлық техниканы, адамдарды алып шықтық.

Солдат күнделігі: 2-бөлім. Соғыстың орта тұсы3 күннен кейін қайтадан ұрысқа түстік. Менің орудиям 1 самолетті жықты. Командир орудияны наградить етті.

Осыдан кейін 1943 жылдың январь айының аяғында Ворошилов қаласының маңындағы фронтқа жіберді.

Бір күні жол үстінде басқа участокқа қарай келе жатқанымызда немецтің разведчик самолеті корпуске жол бермеді.

Біздің батарея жол үстінде тоқтап, 2 разведчикті атып жықты. Осы үшін мені «За отвагу» медалімен наградить етті.

1943 жылдың февраль айының аяғында батареяны 120 ГОЗАД етті. Осы уақыттан бастап командир орудиямын.

1943 жылдың март айының аяғында біздің корпусты фронттан алып, Сватово ауданындағы Преображенская деревнясына әкеліп, демалысқа қойды. Біздің дивизионды жаңа 1-бригадаға Чугуевка фронтқа жіберді. Біздер осы жерде немецтерді тоқтатып, Северный Донецтен өткізбедік.

27 апрель күні приказ бойынша Преображенская деревнясына қайтып келдік. Чугуевкада 2 самолетті атып құлаттық.

Жазғытұры немецтер (5 июнь) Курск қарсысына наступать етті. Содан кейін біздің корпус 14 июнь күні фронтқа қарап жүріп кетті.

17 июнь күні Северный Донецті, Юзим қаласының қасында 2 сағаттай Арт. Подготовка болғаннан кейін, пехота өзенді форсировать етіп, немецтің 1-2 укреплениесін алды. 6-7 сағаттан кейін танклер, машиналар өтетін мостик құрды… Өте қатты соғыстар болды. Осы күні 1 батарея стройдан шықты. Самолет әрбір 5 минуттан кейін келіп, бомба тастап тұрды. Тамақ ішуге мұрша болмады.

Наступлениеге бара жатқан танкімізді немецтер самолетінен қорғап тұруға приказ алдық. Екі күннің ішінде менің расчетым 4 самолетты атып жықты. Осы күндері 1 орудия істен шығып, 4 адам өлді, 5 адам жаралы болды, біздің батареяда 4 самолетты жыққандығым үшін мені «Орден отечественной войны І-степени» орденімен награждать етті. Содан кейін бізді Донбассқа қарап қозғап жіберді. 8 күн біздің корпус Сталиннен благодарность алды.

Тез қозғалып, немецтің тылына шығып, олардың войскаларын бөліп-бөліп жібердік.

Россоши деревнясында қашып келе жатқан немецтердің көп танкісі мен пехотасын кездестірдік. Бізді көрісімен оқ атып полктың көп адамы мен техникасын стройдан шығарды. Менің расчетымнан екі адам өлді, 2 адам жаралы болды. Машина тиген оқтан жанып кеткенде ғана шофер екеуміз оны тастап шықтық. Нағып өлмей қалғанымызды білмеймін. Біз екеуіміз артта қалған екенбіз.

Қалған батареялардан жинап екі батареяны құрастырып, қайтадан фронтқа жіберді. Бірнеше күн фронтта болғаннан кейін, біздің корпусты Запорожье қаласын немецтен босатуға жіберді. Запорожье қаласы үшін өте қатты ұрыстар болды.

1943 жылдың 21 сентябрь күні немецтер 200-дей танкі жіберді. Осы күні біздің батарея пехотамен бірге алда тұр еді. Пехота кейін қарай шегіне бастады. Біздің батарея техниканы тастап пехотамен бірге қаша бастады. Менің шоферым техниканы алып шығайын деп машинамен пушкаға келіп жеткенде немецтер танкімен атып машинаны жандырды. Шоферды өлтірді. Қан төгіс соғыс алдық. Осы күні оқтың астынан 4 пушканы 1 машинамен кезекте-кезек алып шықтым. Осы үшін мені «За боевые заслуги» медалімен наградить етті.

Көп кешікпей Запорожье қаласын босаттық. Содан кейін біздің корпусты Павлоград қаласын босатуға жіберді. Бірнеше күн жол жүріп Фронтқа жеттік. Тоқтамастан соғысқа кіріп кеттік. Немецтер көп танк пен самолеттер жіберіп, бізді ығыстыра бастады. Жаңадан Петрово, Солдатская сияқты деревняларда оборона ұстадық. Немецтерді тоқтатқаннан кейін біздерді Полтава қаласына аударды. Полтова қаласына 20 ноябрьде келіп жеттік. Содан қыс ішінде соғыс ғылымын үйреніп жаттық. Жазға қарай корпус техника ала бастады. Барлық техника Американікі болды.

1-бөлім: Соғыстың басы 3-бөлім: Соғыстың соңы
Бөлісу:

13 пікір

patick
Әскер паникаға түсіп, өз беттерімен қаша бастады
Біздің батарея техниканы тастап пехотамен бірге қаша бастады

Жалпы біршама мифтің артын ашқан секілді :)
asaubota
күнделігі қазақша болса да тығып жазған сияқты. жалпы 4 жылдық соғыс үшін аз жазбалары. нормально уақыт болғанда жазып отырған сияқты
ken
Полтова қаласына 20 ноябрьде келіп жеттік. Содан қыс ішінде соғыс ғылымын үйреніп жаттық. Жазға қарай корпус техника ала бастады. Барлық техника Американікі болды.
Сәбеттерді әскери техникамен Американың қамтамасыз еткенін бірінші рет естіп отырмын. Айтылмай келген бе, әлде мен өзім естімегем бе екен?
Daniar-Alan
Екінші майдан ашылды ғой, дұрыс қой сол кезде.
patick
Айтылып жүр ғой. Әсіресе механикамен көп қамтамасыз етті.
ken
Әдейі іздеп оқып білмесең көп айтылмайды ғой деймін.
«Неміске атылған он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасынынан құйылған» дегенді енді біздегі кез келген оқушы біледі)))
RymbekIzgali
Ленд-лиз денен программа болған АҚШта сол кездері
berik
Атақты студобеккер тягчтары сол кезде іске қосылған. Интернеттен қарап көр. Жалпы, одақтастар соның ішінде АҚШ Кеңестер біз болмағанда қораға кіретін еді деген сенімде.
Gamk
Негізі рас. Бірдеңе лизинг деген бойынша көп қару-жарақ алған. Оның ақысын беріге, Сәбет тарқағанша төлеп келіпті -міс. Тарқаған соң орыстардан сұраса, орыстар «алған Сәбеттер, солардан сұраңдар» депті. ))
RaymbekEgemberdiev
«Біздер хут» мағынасын түсіне алмадым)
ken
Біздер хут. Трудомераевода тұр едік — Біздер Трудомераево хуторында тұр едік.
Anar70
Нағыз қан майданның ортасында күнделік жазу деген… күнделік жазбақ түгіл тамақ ішуге уақыттары болмаған...3- бөлімін күтеміз.