Енді түсіндім
Мына жердегі пікірімді толықтыру керек болды. Жаңа тақырып етіп аша салуды жөн көрдім.
Сонымен қазақтар неге бұлай шатасып жүр десем, гәп мынада екен. Араб тілінде осы талқыланып жатқан екі сөзге ұқсас тағы бір сөз бар екен. Ол сөз — صلابة (salabat) деген сөз. Араб-орыс сөздігі мағнасын «выносливость; ригидность; устойчивость» деп беріп тұр. Қазақтарға қарағанда араб сөздерін бұзбай айтатын тәжік, өзбек, татарларда да осы сөз осы бар екен, сол мағнада. Енді өзіміздің сөздіктегі салауатТЫ деген сөзге қарайық. Яғни, бірінші мағнасы жоғарыда айтылған салабат деген сөзбен дәл келіп тұр. Демек, «салауатты өмір салты» деген тіркесте «пайғамбарға салауат» дегендегі صلوات салауатсөзі емес екен, ол жерде басқа сөз — «устойчивость, твердость» деген мағна беретін صلابة (salabat) деген сөз екен. Қазақтар жалпақ тілмен бұны да «салауат» деп айтып кеткен болып тұр. Сонда әртүрлі мағна беретін арабтың екі сөзі қазақшада бірдей айтылатын боп тұр.
Осы орайда «сонда *салауатты өмір салты* боп қала бергені дұрыс па?» деген сұрақ туындайды. Меніңше, бәрібір дұрыс емес. Біріншіден «денсаулықтың» мағнасын «саламат» сөзі дәлме-дәл жеткізіп тұр, «салабатқа» қарағанда. Екіншіден, айтқандай, «салабат» сөзі қазақ тілінде мағнасы тым бөлек тағы бір сөз «салауат» сөзімен бірдей дыбысталатын болып тұр. Сондықтан, «саламатты өмір салты» деуіміз керек. Бірақ ешкім олай демей жүр.

Жалпы, қатысы бар ма дегенім ғой.
"-ты" жұрнағы негізі артық. «Саламатсыз ба?», «Сау-саламат болыңыз» — яғни бұл жерде "-ты" жұрнағысыз-ақ «здоровый» деген мағна беріп тұр.
Ал «Здоровый образ жизни» деген былай болады: Саламаттық өмір салты.
Жақсы сұрадың. Бұл жағын ескермеппін. +тадым.
рашканың шошқалары нағыз қазақы сайтқа басын сұға қоймас деп ойлаймын, жоқ әлде мұнда да ресейдің цензурасы жүріп тұрма?
Екіншіден, фильмде орыстар туралы сөз айтқан актерді білетін боларсың, ол Армен Джигарханян, совет киносының белгілі актері, қайраткері, сый-марапаттары жетерлік тұлға.
Үшіншіден, айтып өткенімдей, ол постта мен өзімнен ештене қоспадым, негізі сол себепті, жай кино үзіндісіне сілтеме жасайсалғанға өшіріп тастаған болар деп ойлағам.
Төртіншіден, конкретно жазғанымда ұлтараздық өшпенділік болса, қай сөзімде бар көрсетші.
Тағыда ТИІСТІ органдар туралы жазғаныңа күмәнім бар, солай болса сол тиісті органдарға айта сал, керек болса номерімді жазып жіберем хабарлассын.
Өз еліңде, өз жеріңде, өз көлеңкеңнен қорқып, жалтақтауды қашан қоясыңдар.
Сөздіктегі ару деген сөзге қарайық, ІІ деген белгімен тұрған етістікке. Қазақтарда қазір почти қолданылмайтын «армаңыз» деген сәлемдесу түрі бар. Мағнасы — «шаршамаңыз». Яғни «арма» деп амандасқанда сәлем беруші «шаршама» деген тілек айтады. Бірақ келе-келе «арма» деп сәлемдесудің мағнасы қате түсініліп кеткен — яғни «шаршама» деп емес, «ар ма?» деп түсініп кеткенбіз. Сол қате түсінуден бүгінгі «армысың», «армысыз(дар)» деген сұрақ түріндегі сәлемдесу құрастырылған.
Айта кетерлік жайт, өзбектер жұмыс істеп жатқан адамның үстінен түссе "һормәң" деп сәлем береді. Түкімендерде де бар екен «армаң» деп сәлемдесу. Екеуінде де «шаршамаңыз» деген мағна береді.
Қалыптасып кеткеннен бас тартып, бұрынғы дұрыс түріне қайта көшуіміз керек демеймін. Жәй, біліп жүрсін дегенім ғой.