Неке куәлігінің зайыптары

Неке куәлігін кеше алдым. Тойым қазанда болып еді ғой.

Жалпы негізгі қалыптасқан дәстүр былай ғой: Некеге тұрушылар тойдан бір ай бұрын неке сарайына барады. Алдын ала жазылып, тойдың күнін тіркетіп кетеді. Сосын той күні қыдырып жүріп, неке сарайына бас сұғады.

Ал біздің ауылда неке сарайы жоқ. Қалаға тіркелейін десем, қаладан 300 км алыстамыз. Қаладан ауылға жеткенше 4-5 сағат уақыт кетеді. Сондықтан некені тек формалды, тойдан кейін тіркетуге бел будық. Тойдан кейін ауылдағы әкімшіліктің әділет бөлімшесіне/кабинетіне барып тіркелдік. Тіркелдік те Алматыға кетіп қалдық. Бір айдан кейін хабарласты. Бірақ, бізде еңбек демалысы бітіп, жұмысқа кірісіп кеткенбіз. Бара алмадық. Ортаға ағайын-туманы салып, нотариалды келісім арқылы алмақ болғанбыз. Бірақ оларға әділетті қызметкерлер бермепті.

Енді өзіміз барамыз деп жиналып жүргенде 1 ай уақыт өтіп кетті. Куәлікті аз күннің ішінде алуға келмесе, ол күшін жояды екен. Сөйтіп зайып алым шығып жүргенде, жұмыстас қат… әйел нотариуста танысы бар екенін айтты. Ол прәпіскісіз Алматыдан алып беруге көмектесе алады екен. Сөйтіп онымен жолығып, 2 апта өткенде әрең дегенде шаруаны реттеп, парасын беріп құжаттарымды рәсімдеуге жібердім. 4 наурызда дайын болады деді.

4 наурызда кемпірімді ілестіріп алып, Жетісу ауданының АХАЖ бөліміне барып алдым. Әбілдің, бұл күнге де қол жеткізетін күн бар екен ғой деп ойладым, көк куәлікті қолға ұстап тұрып. Міне, енді мен де заңды некедемін.

ПыСы. Жұмыстан үйленгендерге ақшалай материалдық жәрдем беріледі. :)
Әрі қарай

Ойын: Қатесіз 1 сөйлем тап!

Не болғанын білмеймін, әншейінде

Сынаймыз, сыйламаймыз!
Мемлекеттiк тiл мазағы қазақ футболы басшылығында да көрiнiс бердi

деп жазатын Аламан.кз жігіттері бұл жолы «Сынамайық, сыйлайық», «Мемлекеттiк тiл мерейi қазақ футболы басшылығында да көрiнiс бердi» деген мақалалар шығарды.

Ал біз тақырыбымызды одан әрі жалғастырайық. Федерация сайтында әзірше өзгеріс жоқ, сайт ашылғаны туралы жаңалық беріліпті. Осы жаңалықтан қатесіз сөйлем табуға тырысайық.


Қазақстанның Футбол Федерациясы жаңа ресми сайттың ашылу салтанатын өткізді

24 ақпанда Қазақстанның Футбол Федерациясы жаңа ресми сайттың ашылу салтанатын өткізді. «Креатида» компаниясымен аріптестік таныта отырып, жаңа Интернет-проект жасалынды. Бұрында компания Казнетке байланысты «Шахтер» (Қарағанды), «Тобол» (Қостанай), «Локомотив» (Астана) сыяқты футбол командаларының web-ресуртарын жасаған.
Әрі қарай

Іріп-шіріп бара жатқан қазақтардың тілі

Тәлібтің, өздерінің сөйлейтін тіліне өз елінде отырып, тышып отыратын қазақ сияқты басқа халықты көрмедім. Әңгіме айтқыларың келед ә оның үстіне, қазззақтар! Қаззақсыңдар сендер, осымен құдай үкімдеріңді шығарып қойған ба дейм:


«Кілегейлене» беріңдер, ептібайымайд көрші халық, әбден құрып біткесін, шыбын сияқты ұрып аламыз келіп. Дайындалыңдар, әбілдер!
Әрі қарай

"Ғаламарт" - шығармашыл жастар клубы!

Сөйтіп шығармашыл жастар клубының бейресми ашылуы болып өтті. Өткізетін орын тауып берген суретшілер одағына алғысымызды білдіреміз! Алдынғы посттарымның бірінде клуб атын ойластырып жатқанымызды айтып кеткен едім. Ойланып, толғанып ақыры "Ғаламарт" болсын деп шештік. Бірінші кездесуге жиырма шакты адам келер деп үміттенген едік, ұзын саны елуден асып кетті))

Бір бірімізді көріп отырайық деп орындықтарды айналдыра қойып шықтық.
Әрі қарай

Пірән-Суан Кафка. «Процесс»

«Шегетін дым жоқ» ©Ақзере

Зал лық толды. Сотты Опера және Балет Театрында ұйымдастырған бір-түрлі екен: ана жер, мына жерде балериндердің дамбалдары, кірлеген мәсілері шашылып жатты. Бірақ амал жоқ: шағымданушылар Әділет Үйінің залына сыймады. Қазірдің өзінде бес мыңдай адамның, сотты далада плазмалық панельден
Әрі қарай

Пингвинді құлатпаңдар



Антарктиданың үстімен тікұшақпен (вертолет) ұшуға болмайды екен. Себебі мойыны қысқа пингвиндер тікұшақ гүрілдеп келе жатқан кезде “мынау не зат?” деп бастарын көтеріп қараған кезде шалқаларынан құлайды екен. Сондықтан оларға құлауға болмайды, дәлірек айтсақ жоғарыға қарауға болмайды.

Ескертіп жатқаным ғой, егер тікұшағыңыз бар болса Антарктиданың үстінен өтпеңіз, ұят болады.
Әрі қарай

Қош бол, "Али Сами Йен"!



Қазақта «Мың рет естігенше бір рет көр» деген сөз бар. Оның үстіне Түркияда өмір бақи оқымаймыз, елге оралғанға дейін сол елде аты аңызға айналған Галатасарай клубының стадионын бір көрмесек футбол жанкүйері деген атымызға сын. Міне осы ой көптен бері маза бермей жүрген еді, әйтеуір қаңтардың он бірінші жұлдызында жиырма төрт мың жанкүйермен бірге матчты Али Сами Йен стадионынан көру бақыты бұйырды. Көру бақыты бұйырды деп екпін түсіріп айтуыма негіз де жоқ емес, өйткені дәл осы күні мен түгілі, Галатасарайдың бағзыдан бері келе жатқан бірталай жанкүйерінің өзі билет таба алмай, жер сипап қалған-ды. Енді ше, Али Сами Йендегі соң матч, әр әркімнің-ақ куә болғысы келеді.
Әрі қарай

Миға "жабысып" қалған әннен құтылудың жолдары

Сана мен сезім: Миға жабысып қалған әннен құтылудың жолдары

Кейде бір ән басымыздың ішінде айналып тұра береді, кетпей қояды. Жаман ән де емес, бірақ жұмыс істеуге, басқа іске толық зейін қоюға кедергі келтіреді. Қалай құтыларымызды білмей дал боламыз.

Ғылым не дейді бұл туралы?

Алғашқылардың бірі болып бұл феноменді Джеймс Джей Келарис атты Цинциннати университетіндегі бір ғалым зерттеген екен. Оның айтуынша түрлі дыбыс, музыкаларды тыңдаумен айналысатын мида бір есту аймағы бар. Музыка қосылған кезде бұл аймақтың қабығы қозғалып, дыбысты қабылдай бастайды. Кейін миға бір ән естілгендей болып, жалған сигналдар түскен кезде осы қабық қайтадан қозғалып кетеді де, соңғы тыңдалған әнді қайтадан "қосады".

Дартмут колледжінде қызық эксперимент жасалыпты. Адамдарға өздеріне таныс әнді тыңдатып, кейін ортасынан тарс үзе салған кезде мидағы есту аймағы тыныштық орнаған кезде өзінен өзі қосылып, әнді мидың ішінде өзі әрі қарай "қоса" берген. Ал, таныс емес әнді қосып, кейін тоқтатқан кезде МРТ-сканер ондай толқындарды байқамаған.

Айра Хайман атты ғалымның айтуынша адамның миындағы бұл «плеерде» сүйікті әндер плейлисті болады екен. Ми қабығы яғни бостан босқа кез-келген әнді қоса бермейді, тек адамның өзіне шынымен ұнайтын әндер ғана қосылады. Мысалы, Қайрат Нұртастың әндерін «айтып» жүрсеңіз — демек, ол сізге ұнайды деген сөз ;)

Жабысқақ әндер хит-парадын әлем бойынша мыналар бастайды екен




Құтылу жолдары қалай?

— Басқа бір әнді айтып көріңіз ішіңізден немесе басқа бір әуенді музыкалық аспап болмаса саусақтарыңызбен үстелді тарсылдатып;

— Сана мен денеңізді басқа арнаға бұрып көріңіз. Мысалы, жүгіру немесе бір жаттығулар жасау;

— Жаңағы әнді басынан соңына дейін мұқият тыңдап шығыңыз. Бәлкім әннің бір сөздері «тұрып» қалған шығар еске түспей қалып?

— Радио немесе басқа ән қосыңыз;

— Жабысқақ әнді басқа біреуге тыңдатып көріңіз. Эстафета эффекті де көмектесуі мүмкін;

— Қатты бір нәрсені тістеп, шайнап көріңіз.

Егер бұл әдістер көмектеспесе немесе жиі қайталанатын болса психологқа барған жөн. Мұндай нәрсе әйелдерде және психологиялық обсессивтілігі бар адамдарда көбірек байқалады екен.

Айтпақшы, бүгін қай ән сізге жабысып қалды? :)
Әрі қарай