Таныс болыңыздар: araika

araika — Мұстафақызы Арайлым. 1990 жылы 23 (24) қарашада Қызылорда облысының Қорқыт өңірінде дүниеге келген. Қазір Астана қаласында білім, шен қуу мақсатында жүр. Алайда болашағын осы қаламен байланыстырғысы келеді. Мамандығы – бағалаушы (оценщик). Қазіргі уақытта экономика саласында білім алуда. Кешігіп жүретін жаман әдеті мен жалқаулық деген жансерігі бар.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қазақша әндердің сөзін іздеп отырып, кездейсоқ келдім. Ұмытпасам АКУ-ның посты болды. Онан соң қызығушылықты аспаздық тақырыбындағы жазбалар қызықтырды да, тіркелдім. Алғашқы пікірімде соларға жазылды. Бірақ, орта өзгешелеу болғандықтан, уақытша жүрмін деп ойладым. Ал қазір әбден үйренісіп кеттім, қолданушылардың көбісін сырттай танимын, вордпресс арқылы.
Әрі қарай

Асығыс жасалған жоба!

«Екі жұлдыз» басталды тағы да. Нешіншісі екенінен шатасып қалдым шынымды айтсам. Әрбір жерінен бақылайтынмын бұрындары да(Бір қатын, бір телебзірге қараған күнің құрысын!). Асығыс жасалғаны көрініп тұр.
Жанболат пен Жазира.Неге олар? Ол кісілер онсызда бірге ән айтып жүрген жарасымды жұп қой. Қызықтырақ болар еді, егер: Қыдырәлі мен Жазираны, Жанболат пен Қарақатты жұптастырса...«А-лау» дует жайлы да осыны айтар ем…
Әрі қарай

Құрылтайшылардың назарына!

Құрметтi Блог Құрылтaй қaтысушылaры,

Сiздердi қaзiргi жaғдaймен тaныстырып өтсек деймiз.

Блог Құрылтaйдың негiзгi мaқсaты – қазақ тілді интернеттің дамуына үлес қосып жатқан жандардың кездесiп өзaрa пiкiр және тәжiрибе aлмaсу болып тaбылaды. Осы кездесу aрқылы құрылтайшылар өздеріне қaжеттi ақпарат пен білім алады, жаңа жобалар пайда болады. Блог Құрылтaй үйлестiрушiлерінің мaқсaты — сiздерге осы кездесудің сәтті өтуіне жағдай жасау. Блог Құрылтaйдың сaлмaғы: ұйымдaстыру, өткiзу, контентi, тaғы бaсқaлaры сіздер мен біздер – барлығымызға да ортaқ.
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Zhan

Жансая Сыдықбай — Zhan
4 желтоқсан 1980 жылғы, ОҚО, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында туған. Қазір Астана қаласында «Сарбаз» әскери-патриоттық газетінің тілшісі.

– «КерекИнфоға» қалай келдің?
– Жалпы, «Керекинфоға» Журналистер мерекесі қарсаңында 23 маусым күні тіркеліппін. Шынымды айтсам, бұған дейін осы еркін блог жүйесін де, блог, блогшылар деген қауым барын білмеппін. Биыл наурыз айында блог ашқан соң, көп нәрсеге басқаша қарай бастадым. Ол үшін Асхат Еркімбай мен өзіңе көп алғысымды айта кетсем, артық болмас. Бірде «Жансезім» атты алғашқы блогыма Фейсбуктан сен сілтеме жасаған «Орташа есеппен қазақ журналисі» деген жазбаңды көшіріп салдым (авторын сақтап әрине :) ). Себебі, онда айтылған мәселелер өте өзекті, көптен бері менің де ойымда жүрген нәрселер болатын. Бір қызығы, соны осы «Керектен» алып тұрып, «Керекинфо» екенін аңғармаппын. Кейін 24-25 маусымда Назарбаев университетінде өткен «БАҚ-қа жаңа медиа технологияларын енгізу» атты семинардан кейін мән-жайға қаныға түстім. «Керекке» келу тарихымның қысқаша мәні осы. Сосын бір айта кетерлігі, алғашында тосырқап үйрене алмай жүрдім. Өйткені, кілең «мәдениетті» сөздер өріп жүр екен. Қазір үйреніп кеткенім соншалық, әсер етуден қалыпты :)
Әрі қарай

Көрінбей кеттің сен неге?

ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?
Уақыт өтеді, бір толқынның орнын келесісі басады. Блоггинг те солай. Бұрын белсенді жазып жүрген кей блогшының жазбасын қазір таппайсың. Оның ішінде блогосферадан жоғалып кету жігіттерден гөрі қыздарға көбірек тән сияқты. Себептері де түсінікті: жанұялық өмір, уақыт тапшылығы, қызығушылықтың азаюы т.б. кете береді. Тіпті өзімнің де блогыма тек блогиада басталғалы жан кіре бастағаны өтірік емес. Дегенмен сырттарынан бал ашпай, бұл туралы «ғайып болған» қыздардың өздерінен сұрауды жөн көрдім. Олардың бірқатарынан «Блог жүргізбей кету себебі неде?» «Блог жүргізуді жалғастырмақ ойы бар ма?» деген сияқты сауалдарға жауап алдым.



ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Астаналық Айжан Сапарова (Aizhantabyn ) бір кезде WordPress-те қыздардың сырласу орнына айналған «Қыздар әлемі» атты блогтан бастап, кейін осы Керекинфо блогтұғырында ақ қонжығының сапалы фотоларымен, әдемі ақ өлеңдерімен әйгілі болды. Содан соң Массагет порталында күні кешеге дейін түрлі тақырыптағы жазбаларымен бөлісіп келген сұлу кенет ұшты-күйлі жоқ болып кетті, тіпті Фейсбуктен де таппай қалдым. Астанада өткен «Блогкемп-2012» шарасын үйлестірушілерінің бірін Инстаграмда «тығылып» жүрген жерінен ұстап алдым

«Блог жазбай кетуімнің басты себебі — уақыттың тапшылығы, оған қоса еріншектігім де бар. Алдағы жоспарда блог жүргізуді жалғастыру ойымда бар, алдымен өміріме біраз өзгерістер енгізіп алайын. Фотоблог форматында «аспаздық» тақырыбында жазғым келеді. Анығы – сапалы мәзір және сапалы сурет.»


ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Германияда қызмет бабымен тұрақтап қалған аруымыз Сымбат Айжарық (Simona ) WordPress блогтұғырында сол жақтан күнделік жүргізіп, арасында қыздарға келбет пен сымбат сырлары туралы жазбаларын арнап қоятын. Керекинфодағы пікірталастарға қатысып тұратын, енді қарасам блогы соңғы рет 2013 жылдың желтоқсанында жаңарыпты. Дегенмен Simona Фейсбук парақшасында әлі де неміс халқының өмір салтындағы өзгешеліктер туралы бөлісіп тұрады.

«Блог жүргізуге уақыт жоқ, әрі Муза апай шаршап калған  Оның үстіне жалпы қазақ қоғамында өмір сүрмеген соң, оқырман қауым рухани немен қоректенетінін анық білмеймін. Қазнеттен алыстап кеттім. Негізі блоггер тұрмақ, колумнист боп кеткім бар. Қызықтыратын тақырып: «Қоғамға 40 жерден тыйым».


ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?
Бір кездегі «Балғырған» және "Қолөнер" блогтарының иесі Салтанат Мұратбекованы (Balgyrgan) қазіргі жастар біле бермес. Алматы қаласында өткен ең алғашқы, ең ыстық блогкемптің басы-қасында жүрген белсенді қызды қазір әлеуметтік желілерден де табу қиын. Әйтсе де Инстаграмға баласының суреттерін салып тұрады екен. Салтаның жауабы қысқа да нұсқа болды:

«Блогты қойған себебім — тұрмыс құрдым, ал ол жақта көп уақыт жоқ. Жоспарым — көп бала табу »




ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Астаналық Виктория Әлжанова (Karakyz ) да күнделігін WordPress блогтұғырында бастап, кейін Керекинфода сирек те болса өте-мөте құнды ақпаратпен бөлісіп отыратын. Соңғы «АҚШ құқық мектептеріне магистратураға оқуға түсу» атты жазбасы талай үміткерге көмек болғаны анық. Сол постты жаза сала АҚШ-қа оқуға кетіп қалған «Қарақызымыз» (негізі әппақ) қуанышымызға орай араға бір жыл салып қатарымызға қосылды.

«Блог жүргізбеу себебім ретінде бірінші келген ой «уақыт» болған еді. Бірақ, ниет болса, уақыт табуға болатыны еске түсті. Ең басты себеп — шабыттың, стимулдың, мотивацияның жоқтығы. Бұрын блог жүргізіп бастап келе жатқан кезде (2007 жыл) қазақша контент өте аз еді, сол қазақша контентті көбейту мақсаты итермеледі, күшті мотивация болды. Қазір жағдай өзгерген, кез-келген қазақша жазба «фурор» тудыратын заманы өткен. Белгілі бір мақсат, мотивация болмаса, стихиялық түрде блог жүргізгім келмейді.
Блог жүргізуді жалғастыру жоспарда бар. Енді соны құнттау керек Тақырыпты өзім өмірде не қызықтырады, сол бойынша таңдаймын. Мысалы, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, спорт. Себебі дәл қазір мен үшін өзекті тақырып — денсаулық.»




ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Сонау көне Керекинфодан келе жатқан атыраулық сұлуымыз Анар Қартқожақова (Gulistan ) жаңа Керекинфода гүл өсіру сырларымен бөлісіп, шетелдік сапарлары туралы фоторепке қарық қылып қоятын. Ал қазір тұрмыста, оны тек Фейсбук пен Агенттен табасыз.

«Блог жүргізбей кеткен себебім – бірінші кезекте ортаның өзгеруі. Жаңа толқын жаңа бағдарлама, мақсат, бағдармен келеді де, әдетте оның алдыңғысы көп сұранысқа ие болмай қалады. «Оқырманы жоқ блог жетім» осы жерге дөп айтылғандай. Блог жүргізуді жалғастыру жайында ойлар бар, бірақ нақты жоспар жоқ. Тақырып бір бағытта болғанын қалар едім. Гүлдер тақырыбын ауқымын кеңейтіп жазуға болады. Басындағыдай емес, қазір сұраныс форматы өзгеріп келеді. Сосын халықтық педагогика қызықтырады.»



ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Қатарымызға кейінірек қосылса да Керекинфоның жұлдызына айналып үлгерген Маржан Тулеева (madlen ) Алматы қаласында өтетін шаралар афишасын тиянақты түрде жазып тұратын. Талай кемптің ұйытқысы болып жүрген, Астанада өткен «Блогкемп-2012»-ге алматылықтарды ұйымдастырып, «жинап» әкелген Моржығымыз кейін тұрмысқа шықты да, блогты тастады. Ой, жоқ, басқа да себептері бар екен

«Блог жүргізуді бастамай жатып тоқтатып қойдым. Маған блогтан гөрі сол блогтың авторы қызық. Реалдағы қарым-қатынас маңыздырақ. Керекинфодан өзіме достар тапқанда жазуды қоя салдым.
Дегенмен блог жүргізуді жалғастырғым келеді. Бірақ ол үшін ойды жинақтау керек. Жазған затына жауапкершілікпен қарайтын блогерлер аз. Не жазсам да өзім білем дейтіндердің қатарына косылғым келмейді. Соны білмегендіктен жалғастыра алмай жүрмін. Алматы мен басқа қалалардағы сервис туралы жазғым келеді. Оған көп ізденушілік, креатив және уақыт керек. Жауапкершілікпен қарау керек. Қазір ондай жағдай жоқ »



Дегенмен, қарап отырсақ, үміт жоқ емес сияқты. Қыздардың дені блог жүргізуді жалғастыруға ниетті екен. Әсіресе тақырыптық блог жүргізгілері келетіндігі ерекше көңіл қуантады — салалық блогтар Қазнетте әлі де аз ғой.

Қыздар, блогтарыңды жаңартыңдаршы! Сағыныппын...

Суреттер қыздардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алынды.
Әрі қарай

Ең құсық дыбыстар(((

Өмірлеріңде естіген ең жағымсыз дыбысты айтып, бірі-біріміздің төсімізге басымызды қойып(мен — @madlen-нің төсіне, айтып қойдым) қорс-қорс жльап алсақ деймін, шешесстің. Адамның сөйлегендегі, ән айтқандағы жағымсыз даусы (мысалы — @KILYZAMAN -дыкі) — есепке алынбайд, жеңіссейдоллаұлынсстың. Ал заттардың үйкелісі мен малдың, жануарлардың даусы — плз.
Жеке өзімнің тасыма дейін бүрісіп қалатын дыбыстар:
Әрі қарай

Даяшыларды ұруға болатын мейрамхана ашылды



Жақында Алматы қаласында «Айнуркина» атты ерекше мейрамхана ашылды. Елден ерекшелігі оның тағамдарында емес, тұтынушы рызашылығын 100 пайыз орындауында. Итальян, жапон, түрік, қытай тағамдарын ұсынатын бұл мейрамхана тұтынушыларға басқа қызмет түрін де ұсынуда. Көңілі толмаған тұтынушылар даяшыларды боқтап, балағаттап және ұра алады. Мұндай оригинал және батыл шешімдерімен ерекшеленген бұл мейрамхананың басқалардан бір адам тұрғаны анық. Осы тұрғыда мейрамхана иесі Айнура Воробьевамен сұхбаттасқан едік.
Әрі қарай

Әулие Валентинге Құран бағыштаған жігітті қызы тастап кетті


14 ақпан күні Алматы қаласындағы "Қажы баба" мешітінде Әулие Валентин рухына бағыштап Құран оқытқан Асылбек Көшімханды 4 жылдан бері жүріп жүрген қызы тастап кетті.
Әрі қарай