ЕҢ АЛҒАШ СҮЙІСКЕНІҢ ЕСІҢДЕ МЕ?



Әліштің «Құлап жүр» деген әңгімесін оқығаннан кейін, өзімнің балалық шағымда басымнан өткізген мына қызық оқиғаны жазуды жөн көрдім. Сегізінші бітірген жазғы каникул кезі болатын. Ойынды азайтып, өзімізше «жігіт» атандық. Гитара үйреніп жүргенмін. Туыс ағамның ініме сыйлаған керемет гитарасы болды. Жұрттың бәрі сұрайтын. Көшеміздің шет жағында Нұрлыбек деген 74-жылғы керемет «гитарис братан» болған. Ол гитара тартып, әндеткенде жанына жиналып қалатынбыз. Қолыма гитара тиісімен сол «братанға» бұрауын келтіріп бер деп алып баратынмын. «Тастап кет, келтіріп қоямын» деп алып қалады ол. Сосын екі-үш күнсіз гитара жоқ, барып сұрасам ертең келмен қайтарады. Сүйтіп өтіп жатырды күндер.
Әрі қарай

Мамандығым - ...

«Мамамның мамандығы да папамның мамасындай, тфьуй — мамандығындай» © Дәрігерлер отбасынан шыққан бозбаланың сұқбатынан.

Пафосты сипатсыз дәл қазіргі қызмет[тер]іңізді жәй жаза салыңдар. Мысалы — «Мұғалім, арасында вагон түсірем».
Әрі қарай

Мақсат күлдіру емес



Алдында Крис пен Олиден сұрағанбыз сіздер флудпен, троллингпен қалай күресіздер деп. Олар негізі сұрақты түсінбеді, яғни ондай мәселе жоқ деді олар. Оларда өйткені бір қолданушы этикасы бар, басқаны сыйлау, басқаның ойын сыйлау түсінігі бар. Ал бізде өкінішке орай бұл әлі мәселе болып келе жатыр. Мақсат басқаларды күлдіру сияқты болып тұрады. Күлу, күлдіру әрине жақсы, Құдайға шүкір күлдірткіш таланттардан кенде емес екенімізді де көріп жүрміз. Бірақ, осыны азайтсақ қайтеді? Күлкінің де реті бар ғой, күлдіруге, күлуге арналған посттар да жетіп жатыр. Салмақты тақырыптар, каменттерді де әрі қарай келеке, мазақ қылып кетпесек қайтеді? Одан да сол тақырыпта жақсы ойымызды жазып, басқаның ойына да құрметпен қарасақ жақсы емес пе? Бұл жерде бәрі бір ойда болуы мүмкін емес қой, пікір жазу, пікірталас та сол үшін емес пе адамдар салиқалы пікірталас жасаулары керек. Бұлай кете берсек сайтымыз арзан сайттардың бірі болып кетеді.
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: talgatjez

Талғат Байназаров — talgatjez
Студенттік өмірін Жезқазған қаласында өткізген бұл жігіттің туып өскен жері – Қостанай. 1995 жылы қаладағы енді ашылған 2 қазақ мектептің біреуіне ата-анасы туған тілін үйренсін, оқысын деп берген. Кейін университеттегі оқуын бітіріп, өзінің оқыған С. Мәуленов атындағы гимназиясына математика мұғалімі болып оралады. Қазір Назарбаев Университетінде мұғалімдердің біліктілін арттыру курстарында оқып жүр.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Менің де КерекИнфоға келуіме Блогқұрылтай себепкер болды. Бірақ менің мақсатым — Назгүл сияқты репортаж жасау емес, бәйгеге қатысып жүлде алу деген «арам» ойым болған :). Ал Блогқұрылтай туралы Уордпрессте енді блог ашқанда, кк.уордпресстің басты бетіндегі ең қызықты блогтардың біреуіндегі (қайсында қазір есімде жоқ) баннерден білдім. Сөйтіп, Блогқұрылтайдың жаңалықтарынан хабардар болу үшін Керекке де тіркелдім.
Әрі қарай

"Махаббат қызық мол жылдар" кітабы

Астанада өзіме соңғы кездер жақсы ермек тауып алдым..Ұлттық кітапханаға жазылып, сол жерден кітап алып оқитынды шығардым… Таппай жүрген біраз кітаптар бар екен, соларды шетінен алып парақтап жатырмын… Бүгін, айдың басында алған бір кітапты апарып тастап, орнына басқа кітап алайын деп барсам, кітапханаш апай «атаңызға кітап іздеп жүрсеңіз „Махабат қызық мол жылдар“ деген кітап апарып беріңіз, қазір шалдардың арасында сол мода» дейді…

«Жоқ, кітапты өзіме аламын» дей салдым, бірақ ойлап қоямын осы кітапты алып оқысам ба деп… Талай естігем бұл кітап туралы… Келесі жолы көрерміз деп, Соқпақбаевтің "Қайдасың Гауһар" деген повесттер мен әңгімелер жинағы және Садуақас Ғылманидің кітабын алып шықтым…

Осы форумда біраз кітап кеміргіш қауым бар еді, «Махаббат қызық мол жылдарды» оқығандарың бар ма? Қалай, оқуға тұрарлық кітап па?
Әрі қарай

ҮЗДІК 10 "ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ". Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

— Олар не істеуші еді маған? Көп болса укол салар… Әйтпесе, алып кетер...

«Тамақтан ұшындым» деп қысылып жатқан құрбымнан неге жедел жәрдемге хабарласпағанын сұрағанымда алған жауабымның сиқы осы еді.
Рас, еліміздің науқастарға жедел көмек көрсету жылдамдығы мен сапасы кейде сан соқтырып, бармағыңды шайнатады. Оған жақсылы-жаман сан себептер бар. Дегенмен, жеке өз жауапкершілігіміз қайда?!
Айталық, ол жай улану емес — «сальмонеллез» не бір вирустық жұқпалы ауру болса ше?! Алып кетсе, дәрігерлер аурудың себебін анықтауға тырысып, жазылғанша оқшаулар ма еді?!
Бірақ, жо-о-оқ. Біз дәрігерге сенбейміз. Одан да жағдайды әбден асқындырып, алтын уақытты өлтіріп, бәрібір сол «жәмән» дәрігердің алдына барғанды артық көреміз…
Ал оған дейін не істейміз?
Әрі қарай

Балборсық. Ең шатақбас хайуан

Жануартану: Балборсық. Ең шатақбас хайуан

«Балборсықтай ержүрек.»
— Оң түстік Африка теңеуі

Омар бырат нун-чакиді қалай ойнатса, бұл амиго да ең қауіпті әбжыланды дәл солай шыр айналдырады. Иә, бүкіл ютубқа әйгілі, ең айбарлы, қатыгез, көлденең келген арыстаныңды тасынан ұрып талдыруды «шаруа» деп білмейтін тура да, ауыспалы да мағынасында көтінің түгі бар Африкалық Балборсық жайлы бүгін айтпағанда қашан айтамыз?!
Әрі қарай

Ғажайып


Осыдан тура жеті жыл бұрын… Дәл осы күні, дәлірек айтса, түні, мен өмірімде алғаш рет сол бір керемет сезімді бастан кешірдім. Дүниенің ешбір рахаты онымен тең келмейді екен. Алдымен не болғанын ұқпай қалдым, содан кейін күлдім, содан кейін ағыл-тегіл жыладым. Өзімнің енді шынымен басқа адам екенімді, енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайтынымды сол сәтте ұғындым.
Шын мәнінде жақында ана болатынымды сол кезде бірақ мойындадым.
Әрі қарай