Таныс болыңыздар: Zhan

Жансая Сыдықбай — Zhan
4 желтоқсан 1980 жылғы, ОҚО, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында туған. Қазір Астана қаласында «Сарбаз» әскери-патриоттық газетінің тілшісі.

– «КерекИнфоға» қалай келдің?
– Жалпы, «Керекинфоға» Журналистер мерекесі қарсаңында 23 маусым күні тіркеліппін. Шынымды айтсам, бұған дейін осы еркін блог жүйесін де, блог, блогшылар деген қауым барын білмеппін. Биыл наурыз айында блог ашқан соң, көп нәрсеге басқаша қарай бастадым. Ол үшін Асхат Еркімбай мен өзіңе көп алғысымды айта кетсем, артық болмас. Бірде «Жансезім» атты алғашқы блогыма Фейсбуктан сен сілтеме жасаған «Орташа есеппен қазақ журналисі» деген жазбаңды көшіріп салдым (авторын сақтап әрине :) ). Себебі, онда айтылған мәселелер өте өзекті, көптен бері менің де ойымда жүрген нәрселер болатын. Бір қызығы, соны осы «Керектен» алып тұрып, «Керекинфо» екенін аңғармаппын. Кейін 24-25 маусымда Назарбаев университетінде өткен «БАҚ-қа жаңа медиа технологияларын енгізу» атты семинардан кейін мән-жайға қаныға түстім. «Керекке» келу тарихымның қысқаша мәні осы. Сосын бір айта кетерлігі, алғашында тосырқап үйрене алмай жүрдім. Өйткені, кілең «мәдениетті» сөздер өріп жүр екен. Қазір үйреніп кеткенім соншалық, әсер етуден қалыпты :)

– Күніне неше рет кіресің?
— Аптаның бес күнінде сағат 9-дан кешкі 6-7-ге дейін отырамын. Тек сенбі, жексенбі күндері ғана кірмеймін. Егер үйде де Интернетім болса, онда күндіз-түні «Керекте» отыратын шығармын. Мен кірмей қаламын, тек редакцияның шаруаларымен бір жаққа кеткен кезде ғана.

– Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Суретті репортаждар бен сауалнама ұнайды. Мәселен, супермаркет, төсектер туралы, шетелдегі әйелдер түрмесі, ыдыс-аяқтар т.б. Одан басқа, Нұрберген Мақым, Гаста, Сатыбалды, Бальзам, Әбіләкімнің жазбалары ұнайды. Ойлары неординарный, болмашы жерден қызықты тақырып таба біледі, идеялары да, сөздері де тірі. Және ең ұтымдысы эмоцияны сол күйінде еш өзгеріссіз жеткізе алатындықтарында.

– Кімдердің пікірлері ұнайды?
– Бұл көштің басында Асаубота деген мырза, Сатыбалды, Гаста, Қилызаман, Теріскей, Бальзам, АКҮ, Айжантабын т.б. деп кете береді ғой. Жалпы, ешқайсысы осал емес. Бұл менің жалпақшешейлігім емес, расында «Керектің» аудиториясында интеллектуалды жастар шоғыры жиналған. Негізі табиғатымнан тез жалыққыш адаммын. Осы уақытқа дейін қазақ тілді басылым, телеарналардан жалығып жүретінмін. Мені қазір «Керек» қана жалықтырмайды. Себебі, күн сайын өлді дегенде мен білмейтін су жаңа 2-3 ақпарат алып отырамын. Бұл бір. Екіншіден, пікірлерден де сен бір өзің емес екеніңді, жазған-сызғаныңа кері байланыстың тез болатындығы қызық. Ал газет, журналға шыққан мақалаңа, пікіріңе осындағы сияқты жауапты жылдам ала алмайсың.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Шынымды айтайын, әулетімде журналистика, БАҚ деген нәрсеге менен басқа ешкім қызықпайды. Демек, бәрі оқиды деп айта алмаймын, бірен-саран ғана. Құрбыларымның біразы біледі. Әсіресе Рима деген әріптесім оқиды. Ол қазір менен бұрын «Керекке» кіріп алып, жұмыстан қолым тимей жатса қызықтыратынды шығарды :)

– Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
– Өзгеріс? Мм, осындай қысқа мини-сұхбат ұйымдастырып тұрсаң. «Керектегілерден» бастадың ғой, ендеше алдағы уақытта да Үкіметтің, партияның, саясатта жүрген әсіре, айқайшыл патриотшылдарды сұхбатқа тартып көру керек сияқты. Қазір Мәжіліске сайлауға талас жүріп жатыр. Осыны «Керекте» де тамырын басып көрсе болар еді. Қашанғы жастар өзімен өзі бір шетте отыра бермек. Осындай блог арқылы оларға запроспен шығу керек сияқты. Бұл енді менің ұсынысым. Қабыл аласың ба, жоқ па, ол жағы сенің еркіңде ғой.
Бөлісу:

112 пікір

Nurgisa
Керемет!!! Ойды бүкпесіз білдіруден де үлкен күш байқауға болады-ау, осы.
Жансая, өзіңді толығырақ тани түссек. Семьяларыңда қанша бауырсыңдар, қай елдің тумасысың?
Түркістанда оқығаныңды білем. Бекарыстар айтысты аз ұйымдастырмаған шығар. Соларға қатыстырылатын ба едіңдер? Айтыс ақындарынан кімге симпатияң бар?
Zhan
Семьяда бесеуміз, үйдің «старшагымын» тоесть ата-апамның қызымын. Жыныма тисең атама айтып берем. ))) Руым сиқымның ішінде Қусирақ. Бекарысқа шыны керек, симпатиям жоқ. Өзінше тәкаппар жігіт. Айтысты негізі онша ұнатпаймын. Айтыскер Ақмарал Леубаеваға осыны бетіне айтам деп, ренжітіп қойғаным бар. Сұхбат бермей қойды сосын. Сосын бастықтан да ұрыс естідім осыным үшін.
dark_nazgul
оо. танысқаныма қуаныштымын!
asaubota
Жансая, жауаптарың өте ұнады. админ ретінде жұрттың сайтқа қатысты пікірлерін білу мен үшін маңызды.

Себебі, күн сайын өлді дегенде мен білмейтін су жаңа 2-3 ақпарат алып отырамын. Бұл бір. Екіншіден, пікірлерден де сен бір өзің емес екеніңді, жазған-сызғаныңа кері байланыстың тез болатындығы қызық. Ал газет, журналға шыққан мақалаңа, пікіріңе осындағы сияқты жауапты жылдам ала алмайсың.

қуаныштымын, сайттың негізгі мақсаттарының бірі де осылар ғой.

осындай қысқа мини-сұхбат ұйымдастырып тұрсаң. «Керектегілерден» бастадың ғой, ендеше алдағы уақытта да Үкіметтің, партияның, саясатта жүрген әсіре, айқайшыл патриотшылдарды сұхбатқа тартып көру керек сияқты.

ондай ой бар. бірақ, мен танымал адамдар емес. қарапайым адамдар, өз өміріміздегі көрінбейтін адамдармен сұхбат жасағым келеді. мысалы бір ментпен, проституткамен, хакермен, қарапайым мұғаліммен, гомосексуалиспен, т.б

басқаша интервьюлер істегім келеді.
talgatjez
мысалы бір ментпен, проституткамен, хакермен, қарапайым мұғаліммен, гомосексуалиспен, т.б
))) қатырдыңыз.
Қарапайым халықпен араласу керек. Өте дұрыс. Осымен де Керекерекше!
asaubota
Жансая, сенімен сол семинарда таныстық қой. сендегі ұнаған қасиеттерден бірі — ізденімпаздығың, білімге құштарлығың. журналистерге 2 жылдан бері сабақ беріп жүрмін ғой, сұрақ қоятын, шынымен үйренгісі келетіндерді жақсы көремін. сен сондайсың.

мында қазақ журналистерін көп сынға алып жатамыз, сол кезде сен ара түсіп жатасың. шыныңды айтшы негізі сол сындармен келісесің бе? Қазақ журналистерінің репутациясының түсуінің басты себебі не сенің ойыңша?
Zhan
Орташа Есеппен Қазақ Журналисті
— Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. Жалпы бар ойы – осы ғана. Бұдан басқа ойларын Инеттен көшіріп алады;
— Міндетті түрде ауылда туған болады (қалада туғандары — орыс редакциясында);
— Газетке, ТВ-ге біреуді шығару арқылы, оны бақытты қылдым деп есептейді, қарсылық білдірсе түсінбейді.
— Оның ойынша ҚЗда мәселе бітпейді, әсіресе тіл мәселесі және қазақты өте бейшара қылып суреттейді;
— Неге екенін қой білед: Замбия мен Қырғызстан міндетті түрде Қазақстаннан артта келе жату керек деп ойлайды;
— Интернеттегі материалды сілтемесіз ұрлай салу — талантсыз журналистің бас кәсібі;
— Ұйқасқа үйір келеді.
— Жалпы, «глав.редтерінссс» дегеннен басқа сөз келмей отыр бұларға, нақтың.
P.S егер сіз журналист болсаңыз және мұны оқып отырған болсаңыз, демек сіз Орташа Есеппен Қазақ Журналисті емессіз деген сөз, олар Моймир мен Абай кизеттен басқа қазақша сайттарды білмейді.

Осы айтылғандарды алғаш оқыған кезде ұялып кеттім. Себебі, менде «Абай кз» пен «Мой мирдан» басқаны білсем де, онша мән бермейтінмін. Кейін мен іздеген, мен араласып, ой бөліскім келетін интеллектуал орта барын тапқан кезде қуанып кеттім. Аршат, айта берсе әңгіме көп. Талай журналистер жаңағы посттың көлеңкесінен шыға алмай жүр әлі. Ізденгісі келмейді. Адам талпынса уақыт табады, ал ізденгісі келмей ме, ол значить сылтау и еріншек журналист. Өзіне сенімсіз адамнан жақсы маман шықпайды.
ErNur
Өте жақсы Жансая замандас, пәчти бір жас құрдас дейм бе :) Жанның саясына сай келеді ме деп қалдым болмысыңды. Бір нәзіктік, ақкөңілділік аңғарылатын сияқты өзіңнен. Әрі екеуміздің аталарымздың есімдері аттас екен, аздаған айырмашылығы бай ғана :)
Сұрағым: Той қашан? :))))
Zhan
Той ма? Білмеймін… Бойдақ жігіттер болса таныстырсай )))
ErNur
Батысқа келін болуға келіссеңіз болды, табылады ғой бойдақ жігіт :)
Опщым дайындал алып қашамыз! :))))
Zhan
Айжантабынның кейіпкері болып жүрмесем болғаны ))))
ErNur
Ол енді өзіңе байланысты ғой :)
Қалжың ғой құрдас ретінде, көңіліңізге жақын алмассыз деп сенем!
Мен өзім еркінен тыс алып қашу дегенді жек көретіндер қатарынанмын
Aizhantabyn
уот, нағыз жігіттің сөзі))))
Gulistan
Танысқаныма қуаныштымын, ЖансаЯ!
araika
Жансая, сіздің қателеспесем, ата-анаңызға арнаған бір мақалаңызды оқығанмын. Сондай әсерлі. Шығармашылық табыстар тілеймін!
Abilakim
Жансаяның сөздерінен-ақ оның жан-жақты қыз екені белгілі болып тұр. Жансая, әскери газеттерді(осы қызметіңе тұрмас бұрын) бұрын оқушы ма едің?
Әскери борышты өтеу мерзімінің қанша болғаны дұрыс 1 жыл, 1 жарым жыл, әлде екі жыл?
Zhan
Шыны керек, ваще оқыған емеспін. и тағы да шынымды айтайын, әскери газетте жай күнкөріс үшін жүрмін.Әскери тақырып маған қызық емес. Ол ұзақ әңгіме. Военчасттарға барсам кейбір солдаттар 1 жыл аз дейді, кейбіреуі осы 1 жыл жетеді дейді. Менің жеке пікірім 1 жыл жетеді. Өйткені, бір сарбазды казармада ұстауға қанша қаражат кетеді. Құдайға шүкір қазір соғыс болып жатқан жоқ, әскерге қажеттінің бәрін даже бір жыл емес, надо будет 6 айда үйренуге болады.
Abilakim
Иә, шын мәнінде аузын ұрып тұрып 6 айда үйретуге болады
talgatjez
Танысқаныма қуаныштымын!
bazuka
шашыңыз табиғи бұйра ма?
KILYZAMAN
Қашанғы жастар өзімен өзі бір шетте отыра бермек. Осындай блог арқылы оларға запроспен шығу керек сияқты.
— Дөп түстің!
sammita
Ау,құрдасым, құрдасым,
Көкірегіңе нұр жаусын!
Мен туғанда сен неге
Жағаласып туғансың:)) А?
Abilakim
«Жағаласып жүру үшін» десе
Zhan
Аршатқа енді сен туралы жазшы деп кеше айтқалы отырғам. Сен туралы білгім келеді. Че-то құрдастарым көбейіп келе жатыр!!!)))
sammita
ұсыныс болды, Аршатқа рахмет. Ал құрдас дегенде 3 күн үлкендігің бар екен))
madlen
Сұрақтар:
1. Тілшінің қызметі қызықтарға толы болар. Жалпы, жұмысың өзіңе ұнай ма? Тілші болмасаң, басқа қандай мамандықты таңдаған болар едің?
2. Шашыңа қандай күтім жасайсың? Жалпы, қандай косметикамен қолданасың?
Zhan
Мадлен, сені өткенде «Керектегі» видеоны қостың ғой, сол жерден көрдім. Так что виртуалда жақсы таныссың, Алла бұйыртса өзіңмен реалда да танысармын деген үміттемін. Жалпы, жұмысым өзіме ұнайды. Шымкенттегі бұрынғы бастығым өте қытымыр адам болатын. Соның мінезіне шыдамай бір күні, ваще журналистикадан кетемін деп шештім. үйге келіп жылап жатып ұйықтап кетіппін. Орнымнан тұрсам таң атып қалыпты. Оянсам миымда, жүрегім де журналистикадан кеткім келмейтінін ұқтырды. Содан кейін журналист менің призваниям екенін түсіндім. Басқа мамандық болса онда мен не социолог или психолог болар едім.
Шашыма ешқандай күтім жасаған емеспін. Бары осы табиғи. Жылына екі рет темный каштанға бояйтыным рас ))) Орифлеймнің кремдерін жағамын. Оны да жақпас па едім, сіңлім сол сетевойға кіріп, маған заттарын әкеліп тықпалайтын. Содан амал жоқ, туысқанымның көңілін жықпайын деп сол күйі Орифлеймнің үмбеті боп кеттім.
madlen
Сұхбатыңа рахмет :)
Aldeken
Мм, осындай қысқа мини-сұхбат ұйымдастырып тұрсаң. «Керектегілерден» бастадың ғой, ендеше алдағы уақытта да Үкіметтің, партияның, саясатта жүрген әсіре, айқайшыл патриотшылдарды сұхбатқа тартып көру керек сияқты. Қазір Мәжіліске сайлауға талас жүріп жатыр. Осыны «Керекте» де тамырын басып көрсе болар еді. Қашанғы жастар өзімен өзі бір шетте отыра бермек. Осындай блог арқылы оларға запроспен шығу керек сияқты

Жақсы ұсыныс… Админнің өз ойымен біріктіре отырып, жүзеге асырса, жақсы нәтиже беретін секілді.
Жансая, бір рет қана кездесу бақыты бұйырс да, көбіне ортақ әңгімеден тысқары отыратындай (бақылаушы секілді ме) әсер қалдырдың (қателессем кешір). Бұл тілшілік қызметтің әсері ме, әлде табиғатыңнан сондайсың ба?

Пы.сы. Күлкің шынайы екенін тағы да атап өткім келеді. ))))))))))
Zhan
Бір сөйлесем сампылдап кетем, ал сөйлемесем сол күйі сөйлемей қоям. Негізі көп сөйлеген ұнамайды, басым ауырып кетеді. сосын аузы жабылмай телефонмен сөйлесіп отыратындарға таң қалам, не тауып айта береді осылар деп. Журналист болмасам психолог болар едім. Мүмкін бақылап отыратыным содан да шығар ))))
Abilakim
Қойш, менімен сампылдап аузың жабылмай ұзақ сөйлесіп ең ғой телефонмен.Тыңдап үлгере алмай қалдым))))
Aldeken
11 тарифіне қосылуды неге сұрап жүр десем… ))))))))))))))
Zhan
Адамның позорын шашпай отырсайш, қанша айтам мен саған )))) Мотоциклің оталмай қойды ма, жоқ «Нағиманың» аруағын іздеп кеттің бе, әйтеуір сенде...))))))))
asaubota
күлкісіне комплимент айтушылар тек сен емессің құрдас :)
Abilakim
-Қарындас, күлкіңіз қоңыраудай екен…
-Рахмет!
-Не ғой, қарындас… мен шіркеудің маңында тұратын ем дә.Сол қоңырау есіме түсіп кетті
a63a1
толық екі қол екі аяғыммен қосыламын! Бақыт сыздықованы шақырып осы жерде сайратса қалай болар екен деген ой жоқ емес бар.
Abilakim
Әшейінде Мұрат Әбенов десек сол кімсі, Ерлан Қарин десек Ерекең жетіп келуші еді…
Zhan
Ну, көру керек ол апашканы сөйлетіп!!!
a63a1
уай деп кіріп ай деп шығадығой. На қсүйерінің бірі мен едім (ауыспалы мағынада)
qisyq
Әскери журналистке сәлем!)
Қуаныштымын! Өткенде кездесуде сөйлестік пе, жоқ па? А, ия, сөйлестік «Титомикатуматато» туралы айтып едің ғой)))
Сұрақ: Қалаай???))))
Zhan
Тема ғо)))) Сол анекдотқа риза болдым ғой, 30-ға келгенше сондай анекдот естімеппін. Сосын Саммитаның анау бір кемпірдің шалына кебіс аламын деп аптекадан презервативтің коробкасына салып алғаны туралы анекдоты ұнады.
qisyq
Келесі жолы кездескенде жақсы әңгіме айтып береді деп үміттенемін:))))
sammita
анау Әбілдің акула жайлы әнегі қалай?
Zhan
Акула? білмейді екем, бар болса сілтемесін лақтыршы, өтініш.
sammita
өзі қызықты айтады, сұрасай.
AKY
Муаахаххахаха:))))
Jacqabaies_Chirac
Шешек бегім қашан береді?

ЗЫ. интервьюді
TERISKEY
ооо, жерлес! Сәлеметсіз бе? «Сарбаз» газеті баяғы «Сақшы на страже», «Сақшы» газеттерінің жалғасы ма? Өзге газет пе?
Zhan
Жоқ, ол газеттер Ішкі әскердің газеті. Басқа газет.
e_zhalgas
толығырақ танысқаныма қуаныштымын! :)
Erlan
жас көрінеді екенсіз 87-86 ма десем )
meirzhan
мен де солай ойладым
meirzhan
Жақсы жауап беріпсіз.
Zhan
Рахмет, Сіз де «Керектің» өткір тілді жігіттерінің бірісіз!!! Ана жерде Аршат асықтырып жіберген соң көбісінің аты-жөні ойыма дер кезінде түспей қалды)))))))
balzaminka
Жаке, сұхбатың ұнады!

Оқырманым болғаныңа рахмет! :))

Ал, енді сұхбатқа келер болсам, бір арманыңмен және балалық естелігіңмен бөлісе кетсең :)))

Алдын-ала алғысымды білдіре отырып, жұмысыңда табыс, жеке өміріңде сәттілік пен жемісті болуын тілеймін!!!
Zhan
Рахмет, арман ех көп қой, жақсы идея тастадың, ертең әкесін танытып тұрып жазбасам, сен үшін)))
balzaminka
күтеміз :) Әкесін қатты танытып жібермегейсің ;)
Lyaila
Сұхбат алу — журналист қызметінің ажырамас бөлігі деп білем, тәжірибеңдегі ең қиын болған және ең қызықты сұхбатпен бөлісе отырсаң… Міне, өзің де сұхбат беру алаңындасың, қайсысын оңай дер едің?
Zhan
Сұхбат алған әлдеқайда оңай. Сұхбат беру қиын. Бір рет Алматыда 2007 жылы бір орыс журналист Медиа форумда жүргем ғой, интервью алам деп қоймайды, қатырып сөйлейтін орысшам да шамалы, әйтеуір өйтіп-бүйтіп сұхбат бергенсымақ болдым. Ең қиын сұхбат болғанда жалпы сұхбат алу қиын емес, мүдде мен көзқарастар қиын. Бірде Сәт Тоқпақбаевтан сұхбат алып газетке шықпай қалды. Содан экс-депутат ағамыз жатып кеп ашулансын, мына жақта миноборонаның пресс службасы шығармаймыз дейді. Екі ортада мен өлетін болдым. Ана жақта арыстандай ақырып депутат тұр, мына жақта мыналар тұр, болмайды деп. не себеп болғанын ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ жаңағы сұхбатым шу болып жүріп, ақыры шықты. Содан кейін, сұхбат алуға да кішкене шамалы ойланып қаласың. Кім кімді ұнатады, кім кімге жағады деген мәселе ғой сонда…
Aya
Сізбен танысқаныма қуаныштымын)) Жүзіңізден балғын, риясыз күлкіңіз үзілмесін деп тілеймін. Алда келе жатқан туған күніңіз құтты болсын!!!
Zhan
Рахмет!
rauka
Жансая, нақты-нақты жауап беріпсің, жарайсың!!! Мен сен сияқты жауап бере алатыныма кумәнданып отырмын осы…
Zhan
Неге? Алдыңа сұрақтарымен тастап отырса ойыңдағыны айтып бересің ғой. Қалай жағдайың?
AKA
Толық жауап, өте жақсы! «Жаһангер» деген атпен белгілі блогыңызға қонақ боп тұрамын. Шынайы жазылған сөздеріңіз ұнайды!
Сұрағым:
1. Журналисттіктен бөлек, басқа қандай сала қызықтырады?
2. Сізге сыйлаған ең ерекше есте қаларлық сыйлық?
3. Сүйікті мерекеңіз бен тағамыңыз қандай?
Zhan
1.Кейде шыны керек, төрт жыл журналистиканы оқығанша ағылшын тіліне түсуім керек пе ед деп ойланам. Себебі, аудармашы болып, шетте жүрген және шет тілінде іс жүргізген достарымды көрген кезде, аздап өкінгендей боламын. Адам жазамын десе қай кезде де жазады. Қаламың қолда, шығармашылығыңа сенімді болсаң оны сенен ешкім тартып ала алмайды. Және журналистерге көп жағдайда көкенің қажеті жоқ. Себебі, ол сенің орныңа келіп мақала жазып бермейді. Яғни мені шет тілін білетіндер, осы саланың мамандары қызықтырады.
2. Ерекше сый — апам оқу бітірген кезде дипломың құтты болсын деп комплектісімен алтын сыйлаған. Негізі бар ғой, мен кішкентай сувенир сыйласа да мәз болатыным бар. Әңгіме сыйлықта емес көңілде ғой…
3. Жаңа жыл. Ет және ет пен картошкасы көп қосылған тамақтар. Картопсыз тамақ мен үшін тамақ емес.
AKA
:)) Сұхбатыңызға алғысымды білдіремін!
VKM
Осылай таныстырған дұрыс екен, толық мағлұмат аласың. Ұнадыңыз!
satibaldi
Ымхых-хыххе-хыххее-хыххееее))))
VKM
не болды?;)))
satibaldi
Жәй, өзіммен бәстесіп отыр едім, «Осы кісі кездейсоқ ВКМ-ға ұнамады ма екен?» деп))))
VKM
ал мен ұялмаймын одан. Жақсы адамды жақсы деу керек)Жаман адамның да, жақсы жақтарын таба білу керек.
Кейбіреулер құсап, бүкіл адамзатқа ызалы болмай)))
satibaldi
Меніңше, сен бейбіт өмір сүріп, 120-ға келіпғ немере-шөбере-шөпшек-туажаттың арасында бейбіт өлесің.
Жоқ, бұл мен саған ұзақ ғұмыр тілеп тұрғанымнан емес, шынымен солай болады.
VKM
иншАллаһ!
satibaldi
Қорықпа: Аидке де жақсы адамдар керек.
Gastarbaiter
Жақсының жақсы жақтарын таба білу керек дегенмен келісемін. Бірақ банально сөздермен емес, ешкім аңғара алмаған изюминкасын тапсаң, оны жұрт көріп, «лібә шынымен-ақ ей! Қалай байқағансың!» -дейтіндей болса.
Міне сонда ғана мақтағаныңа ұялмауға боладүр. Шамалы оригиналдылық болса деген есек дәме деп түсінгей, қарындасым.
ПС. Нұрғиса жақсы бала.
Dinara
Танысқаныма қуаныштымын Жансая, бір университет түлегіміз ;)
Zere
Жансая, ең алғаш сіздің блогқа кіріп, кәріс фильмі жайлы оқыған едім. «Сто пудовая красавица» ма еді, сол жайлы. Одан басқа кәріс фильмдерін көрдіңіз бе? Нені рекомендейсіз? ))
Zhan
«Человек из неоткуда» деген киноны рекомендеймін))) Менің сүйікті актерім ойнайды сол кинода басты рольде, мүмкін өзің де көрген шығарсың. Жынды кино))))
Zere
Ия, ол фильм жайлы білемін. Былтыр ма көптеген жүлделер алған, әлгі кішкене қыз екеуі. Бірақ көрмеппін, міндетті түрде көру керек екен. Рахмет! )
izbasar
Жансаяның түрі таныс.
meirzhan
Осы сайттың қолданушысы ғой ол
Erkekyz
Жансая әпке, Шымкентке келгенде ыстық шәйға өтіңіз. Толығырақ танысқаныма құаныштымын! :)
rauka
Мен қалып кетпейін
Zhan
Шымкенттің шайынан бұрын суын сағындым. Астананың суы дәмсіз. Түк шөлің қанбайды. Үшеуміз бірге ішейік не қыса. Если че Еркеқыз тоқыманың хас шебері
Erkekyz
Міндетті түрде ғой. Ысқырсаңыз болды
Gastarbaiter
Бірдеу екі номинация бойынша есепке ілгеніңізге рахмет.
мақалаңа,
Көрмегір көз мұныңызды «малатаңанә» деп оқыпты. Артын ала кешіріңіз.
satibaldi
Уа, Zhan , дәстүр жолынан садаға: қарап отырғанша, баяғының абыздарының салтымен сынай отырайын. Мынау, Антуан Шәріп хан өлерінде арман айтыпты дейді: «халықтың арқасын жарға сүйеп, аузын аққа тигіздім; әттеген-ай, тек кәсіп бермедім» деп. Жарға сүйедім дегені — отырықшы қылдым дегені; аузын аққа тигіздім дегені — араққа қарық қылдым дегені болып тұр ғой. Ал енді осы күнгі жастардың бір кәсіптің басын шалып, дөңгелететініне сене аласың ба, уа, Шаштың перісі? (шелектеп кетті нақ)
balzaminka
бүгін «ашық есік күні» ғо дим, ия?
satibaldi
Керуендетіп Қорасан барғанымызда саған де келер кезек. Сабыр! Сабыр! Тәйт!
balzaminka
Сөк, талқан дегендерді ұмытпаңыз, базарлығым молынан болсын, ну енді, қазы-қарта, жал-жая дегендер ғо
Zhan
Ал енді осы күнгі жастардың бір кәсіптің басын шалып, дөңгелететініне сене аласың ба, уа, Шаштың перісі? (шелектеп кетті нақ)
Шаштың перісі?  Сенемін. Адам ешқандай сылтау іздемей ұмтылса бәрі болады. Дегенмен, пенделік қызғаныш, іштарлық, көреалмаушылық орын алмаса деңіз…
satibaldi
Қойшы-әй
Zhan
Осылай айтатыныңды білгем. Саған деген ынтықтығым күннен күнге артып келеді Сатеке!
satibaldi
Шаштың перісі?
Ну енД, Шымкент. Дачы.
balzaminka
Жәке, бір жаңалықтар бар ма?
Zhan
Жаңалық дейсің бе? Жүрміз ғой, құдайдың күні мен түнін тоздырып…
Bekzhan
Жансая, Шымкенттен шыққан қыз ретінде қазақ келініне тән жақсы қасиеттердің көбісін бойыңызда сіңіре алдым деп ойлайсыз ба?
Zhan
Білмедім, енді күйеуге тигем жоқ қой әлі. Бірақ, үлгілі келін болғым келетіні рас. «Біздің келініміз осындай!» деп болашақта енеміз болып жатса, ол өзінің абысындарына, подружкаларына менімен мақтанып отырса қанеки. Сол күнге тезірек жеткім келеді.
Bekzhan
Ниетіңіз жақсы екен. Қазір жаңа заманның ұрпағы үлкендердің тағылымын ескіліктің белгісі деп бара жатқанына налимын. Елімізде қазақы келін институты жоғалып барады. Ұлттық нәрден қанып ішпеген бойжеткенді қазақтың мықты келіні бола алмадың деп ұрыса да алмайсың меніңше. Ұлттың мызғымас болмысыда осындай жағдайларға барып тіреледі, орысшалану мен әсіре батыстанудың алғышарттары да осы. Сондықтанда болар, сіздің ниетіңізге тәнті болып отырмын, Жансая.
estetika91
И жаным Жан деген кім десем, өзіміздің Жансая екен ғой)))
Сәлем! Сізге сұрағым жоқ. Сізбен жекеде жақсы таныспыз деп ойлаймын. Жазғандарыңызды оқып тұрамын, ұнайды. Сәттілік тілеймін!
satibaldi
И жаным Жан деген кім десем, өзіміздің Жансая екен ғой)))
Па*паа…