Таныс болыңыздар: araika
araika — Мұстафақызы Арайлым. 1990 жылы 23 (24) қарашада Қызылорда облысының Қорқыт өңірінде дүниеге келген. Қазір Астана қаласында білім, шен қуу мақсатында жүр. Алайда болашағын осы қаламен байланыстырғысы келеді. Мамандығы – бағалаушы (оценщик). Қазіргі уақытта экономика саласында білім алуда. Кешігіп жүретін жаман әдеті мен жалқаулық деген жансерігі бар.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қазақша әндердің сөзін іздеп отырып, кездейсоқ келдім. Ұмытпасам АКУ-ның посты болды. Онан соң қызығушылықты аспаздық тақырыбындағы жазбалар қызықтырды да, тіркелдім. Алғашқы пікірімде соларға жазылды. Бірақ, орта өзгешелеу болғандықтан, уақытша жүрмін деп ойладым. Ал қазір әбден үйренісіп кеттім, қолданушылардың көбісін сырттай танимын, вордпресс арқылы.
— Күніне неше рет кіресің?
— Шектеусіз. Қолым қалт еткенде емес, арнайы уақыт бөліп, басқа шаруаларымды ысырып тастап және бір қосылсам, біразға дейін отырып қалатыным тағы бар.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Барлық тақырыптарға барлау жасаймын. Көбіне видеонұсқасы берілген посттарды аттап өтемін. Десек те, миды жаттықтыратын, логикаға ерік беретін посттар, реалда кімнің не бітіргені, поэзия тақырыбы мен ғибратты әңгімелердің орны ерекше.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп-жармаймын. Барлығының да өзіндік сөз саптаулары бар. Астарлап жазылған пікірлердің түйінін шешу ұнайды.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Оқымайтын болар. Мен арнайылап ешкімге адресс берген емеспін. Бірақ, үйде компта алғашқы бетте тұрады. Соған қарағанда, олар қазақша сайттарға бас сұқпайды деп ойлаймын. Және оқығандарымды таныстарыммен ауызша бөлісемін. Осында келгелі мені біраз адамдар жоғалтып та алды.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Айтарлықтай өзгеріс жасай алмайтындаймын.

Мамандығың «Бағалаушы» екен. Пост немесе комментке баға қояр алдында көп ойланасың ба?
Жалпы өмірде заттарға, құнжылықтарға ойша баға беретін кездерің бола ма?
Барлық адамдарда болатын шығар. Жеке өзіме келсем, "қолда бардың алтынның қадірі жоқ" дегендей, бағалай алмайтын кездерім жиі боп тұрады. Соған қарағанда, нақты бағаны бірден қоятын секілдімін.
сен ше...Мүмкін, бәрі де мүмкін. Тек оқуға деген ынтам жоғалмаса болғаны.
Сұрақтар:
1. Орта басқаша деп жазыпсың. Сенің үйреншікті ортаң қандай?
2. Жанұяң туралы кучкунтай инфо жазшы
Жауаптар: 1. Мұнда әркім өзін тым еркін ұстайды, қатып қалған қағида жоқ. Сонан соң сөздердің «шектен тыс» қолданысқа енуі — мені алыстатқан-ды.
2. 6 адамнан құралған шағын ғана жанұям бар. Қазір екеуі сыртта. Үлкен үйдің қаңсырап қалғанын қаламаймын, біздер барғанда той болғандай әсерде боламыз. Бауырлардан тек інім жоқ, қалғандары бар.
Жалпы, кекшілдік, кек алу дегенге қалай қарайсың? Біреулер сені жазықсыз ренжітіп, әділетсіздік жасаса кешіре саласың ба? Экономика саласын таңдауыңа не себеп болды?
Кешіре алатындаймын. Себебі кейін болса да, сол адам қателігін түсінеді.
Жалпы экономикаға қызығушылық артқандықтан емес, кері қайтатын жол таппағандықтан.
Қармақшылықсың ба?
Сұраққа сұрақ: Бағалаушыға лайық қасиетті тұғыр барма?
Қаншалықты қасиетті екенін қайдам, бірақ бар.
Қуаныштымн танысқаныма!
Астаналық керекшілермен кездестің бе?
қарма деген балықтан жасалынатын тағам ғой. Қармақшылықтардың білмейтінін білмеппін.
Арал-Қазалылықтар жақсы біледі.
Нақты бір орын әзірге таппаған секілдімін, әр жерге барып эксперимент жасаймыз
ЦУМ алдындағы фонтанды алып тастапты ғо, неге екенін білетіндер бар ма екен?
Бірақ, жұптардан ыңғайсыз сондай, жалғыз жүрсең.
Фонтан жайынан хабарым жоқ екен
1. Қай салада жұмыс жасаған ұнайды?
2. Өтірік айтатын кездерің бола ма?
3. Астанадағы қай универде білім алдың? Қазір қайда оқисың?
4. Бос уақытта немен айналысасың, хоббиің бар ма?
5. Қай кісілердің шығармалары қатты ұнайды?
әлі сұрақтарым көп1. Жоғарыдағы мамандықтарыма байланысты айтқан болсаң, олар жайлы әзір ойланудамын. Бірақ, шығармашылықпен айналысатын аудиторияға кететін сияқтымын.
2. Сылтау ретінде болады, әдейі не қасақана айтуға тырыспаймын. Бірақ, көзім алдын-ала хабарлап қояды. Яғни, өтірік айта алмаймын.
3. Атын атап, түсін түптеудің қажеті жоқ шығар.
4. Бос уақытымды ой жеп қояды. Ал былайғы уақыттарда арнайы ойда жасалған жоспарларыммен жүремін. Хобби — оқығандарымның ішінен кездескен даналар айтқан дуалы сөздерді, афоризмдерді және қызықты материалдар болса, жеке кітапшама жазып отыру. Сонан соң әшекей бұйымдарының ішінен сырға жинау.
5. Жазушылардан ба? Егер солай болса, Бауыржан Момышұлы және сол кісі жайында жазылған естеліктер. Поэзиядан Мұқағали, жастардан Құралай Омар.
Басқа да сұрақтарыңа жауап беруге бармын
(3) сұрақтың жауабын жекеде күтсем бола ма, болмай ма?2. Гендерлік саясатқа көзқарасың қандай?
3. Қай елдерге саяхаттағың келеді?
4. Қатты қуанған кезің?
Арайкааа, бізде көөөп қар жауды, ля-ля-ля
2. Қарсымын не құптаймын деген сияқты біржақты пікір айта алмаймын. Әркімнің түсінігі әртүрлі, біреулер мұны бұрмалап түсінеді. Меніңше, жыныс қа (ер не әйел) байланып тұрған ештеңе жоқ. Бастысы қолдан келсе болғаны…
3. Егер бұл шетелге қатысты болса, өзіміздің көршіміз, арада үлкен жол салынған(халық көп баратын дегенім) Түркия еліне, сонан соң Таиланд пен Францияға(әйгілі ғимараттарын көру үшін).
4. Есімде жоқ. Бірақ, үйіме барғанда әжемнің өз жағдайына қарамастан, алдымнан шығып күтіп алатыны қатты қуантады.
УаУ! Алғашқы қарларыңмен!
негізі сұрақтарға жауап жазу деген күшті екен ғойҚаншалықты кешікпеймін деп ерте дайындалсам да, бәрібір баяғы жартас — сол жартастың күйін кешемін.
Біреу нұқып көрсетпесе, айтып міндеттемейінше өз бетіммен бірдеңе жасай алмай келемін. Өте жалқаумын.
Ворпрестегі блогыңыздың адресі қандай?
«Поэзия тақырыбы мен ғибратты әңгімелердің орны ерекше» деген екенсіз, жалпы өзіңіз қолыңызға қалам алып, өлең жазасыз ба?
Вордпрестен ашқан блогымның паролін ұмытып қалып, кейін ол жабылып қалып...қысқасы, жоқ деп есептеуге болады.
Жазғанмын, бірақ менен ештеңе шықпайтынына көзім жетіп, онан да жақсы оқырман болып қалғым келді. Бір досым айтатын, ақынжандымын деп… мен де сондаймын.
Мақсатыңыз жақсы. Тамаша, жалпы поэзияны түсінетін адамдар көп нәрседен сыр аңғаратын болып келеді…
Жоғарыдағы қызымыздың қай сөзіне күлгеніңді білгім келген, негізі...Онлайн достың өмірі ұзаққа бармайды, себебі бір күні мен ғаламтордан ғайып боп кетсем, бәрі де біте қалады. Ал өмірлайндағы достар іздеу салып, нәтижесін де көре алады. Міне, бар айырмашылығы осы ғана.
Достыққа селқос қарауға үйренген жанмын. Тіпті тұзсыз асты да ішуге бармын,
медицинада бұл пайдалыӨзіме-өзім дос та, қас та бола аламын.