Зумба дегеніміз не?

Бұл қазіргі таңда әлемдегі өте танымал фитнес бағдарламалардың бірі. Зумба – арнайы дайындықты қажет етпейтін, африка тайпаларының, латиноамерикалық билердің, сондай-ақ шығыс «қарын» биі (немесе танец живота), фламенко, рок-н-ролл және хип хоп билеріне негізделген ерекше заманауи бидін түрі болып табылады. Бұл би оңай қимылдардың, әртүрлі музыкалық ритмдердің, бөксемен жасалынатын қимылдардың көптігінің арқасында қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі — артық салмақты тастауға зор ықпалын тигізіп қана қоймай көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
«Зумбамен бір сағат айналысудың өзі құдды бір мерекеде жүргендей әсер қалдырады», — дейді, әлемнің танымал жұлдыздары жеке хореографы ретінде шақыратын бидің негізін салушы Альберто Перес. Бұл биде Merengue, Salsa, Samba және Flamenco билерінің де қимылдары бар.


Астанадан келдім. Қызыма деп үлескерлікпен алынған пәтерімізге қол жетті ау әйтеуір(2008де бітетін нәрсе болатын)… 58,6 шаршыда екі балкон, қонақбөлмемен кухня студия бірігіп кеткен, ұйықтау бөлмесі(балконы бар).


