Кеш жарық

Соңғы кезде біздің телеарналарда әншілер мен әнге қатысты бағдарламалар көбейді. Соның бірі өз форматын жиі өзгертіп отыратын «Кеш жарық» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның соңғы нұсқасы қызықтырақ екен. Екі әнші бір-бірінің репертуарынан ән орындайдыф екен.Мен тек кешегі бағдарламаны ортасынан, соңғы екі әншілердің сайысқанын жерінен бастап көріп қалдым. Бұнда да сыртай отырып алып әншілерді сынау, мақтау бар екен. Обшым, жалыққанша көруге болатын тәрізді. Ұлжан Айнақұлова атты әнші апай жалпы өзіме ұнай қоймайтын.Кеше Айқынынң әнін тамаша алып шықты. Айқынның орындауындағы сол әнді толық тыңдамаған екенмін,Ұлжан апайдың орындауында тамаша шықты. Бұл бағдарламаны көріп жүргендер бар ма?
Бөлісу:

27 пікір

jambo
Бұл бағдарлама алдында басқаша стильде еді, менше осылай екі әншіні бір бірімен салғастыру кеше алғашқысы болдығой деймін.
Abilakim
Алдында болып кетіпті, Жаңа жылдан басталған ғой деймін. Жиен інімнің айтуы бойынша қызықтап көргенмін. Алдында сарапшылардың қатарында Рамазан Стамғазиев болыпты."Қазіргі әншілер сөзді түсініксіз айтады, сақау ма немене өздері?" деген пікір айтыпты. Сол кезде жанында Айнұр Тұрсынбаева отырыпты. Қайсысы қатты ыңғайсызданды екен?
Nurgisa
Айнұр Тұрсынбекова кеше жақсы айтты, "ұстаз боп жүрген абыройлы әнші апайларымыздың келіп ап, жас жеткіншектердің олардың деңгейінен төмен әнді айтып, масқара боп жатқандары бір түрлі" деген сарында. Мен де сол пікірдемін. Дайындық аз, фанерамен ұрып жатыр. Сахнаның «интерьері» жұпыны, шоу форматы сезілмейді, жүргізушілердің перформансында шикілік көп… Бірақ бір ұнағаны, сынап мінеушілер «сахнаның ар жағында», әншілермен бетпе-бет жүздеспейді, ойындағысын бүкпесіз айтады…
Abilakim
Тұрсынбаева… Сол тәтеміз Қайратқа джынды айтты ә? Әйтеуір теледидардан бір көрініп қалу үшін анда да мында да қатыса береді деп
Nurgisa
Онысы аздай, Қайрат регламент бойынша апасының репертуарынан бір ән айту керек еді, «Бір баланы» айтып, қуып кетті ғой. Мәдинә Сәдуақасова да солай қайта-қайта жылт-жылт етіп қадірін қашырып ап еді. Мына бала да сондайға ұрынбаса дейтіндер табылатын шығар. Вокалы төмен ғой, негізі. Одан соң жылаңқы мотив барлық мақамға өте бермейтіні бар. Бұрындары әншілер қайсыбір әнді ел алдына, талқысына алып шықпас бұрын, сол әннің авторларымен, өзіне дейін айтқан кісілер болса, солармен ақылдасып, иірімдерін туралап, нақышына келтіре, түпнұсқасынан ауытқымай айтушы еді. Қазіргілердің екі октаваға да жетпейтін даусымн ыңырсығаны аздай, ән құрылымын тіптен бұзып айтады ғой. Өзімізге интерпритацияладық, эстарадаға түсірдік деп. Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың, халық әндерін бұзуға кім құқық беріпті оларға. Маған осы жері ұнамайды өте. Бетімен кеткендік деп білем.
mengoi
Негізі мен Қайратты әнші деп есептемейтіндіктен, Айнұрға қосыламын. Бұл бала нағыз мамасының баласығой. Репертуарында ыңғай ауырады жүрек, сүйем, күйем, өлем деген бастан кеткен әндер.
Қайратқа сахнаны қою керекқой.
Айтсада көре отырыңыздар
jambo
 мамасының баласы
Abilakim
қайрат десе осы видео ғана ілінетін болыпты «Керекинфода»)))
Nurgisa
Қайрат, ішіп ап бәрін жайрат.
Қайрат, шегіваса бәрін айырат.

басқа нұсқалар да сәлемденеді.
TERISKEY
Жібермей көріп жүрмін. Кеше кешкісін екінші бөлімі болд. Ұнамағаны фонограммамен айтқаны. О несі екен? Студияда жаздырып алады да(өз даусына икемдеп әрлеп, тіпті екнші дауысқа дейін жаздырып), өтірік аузымен жыбырлатып.айтып шығады. Өткен жолғысында Сәуле Жанпейісова мен Әсем, Еркін Нұржанов пн Айгүл Елшібаева, Ринат Малцагов пен Клара Төленбаева шықты.Ол жерде де Сәуле(Ж.), Еркіндер фонограммамен айтты, ұят қой, тым ұят. Еще, қарсыласының репертуарындағы әнді орындау — басты шарт екен. Мында эстрада әншілері любой халық әнін алад та айта беред.
Ощым онша ұнаңқырамады.
Abilakim
Дегенмен Еркін Сүгірдің термесін жақсы әрлепті дегенді естідім.Бұларды қай жерден көрсек болады екен?
TERISKEY
иә, әрлеуі жақсысына жақсы шыққан, Елшібаеваның иығын қиқаң еткізіп билеп отырып:«мен „Сүгірдің термесін“ осылай билеткізе алмай жүр ем, Еркінге алғыс, билеткізе алды» деген пікірін де естіп қалдым.
Gulistan
Алдыңғысын да, кешегісін де шалып көрдім. Форматы ұнады. Ал кімдердің қатысатыны — бөлек әңгіме. Өсек ортасына айналып кетпесе болды ғой.
Zhan
Ұлжанды менде ұната бермеуші ем, даусы шіңкілдеп қалған біреу деп. Кеше Айқынның әнін орындаған кезде әншіні басқа қырынан көрдім. Құдай біледі, өзі де өз талантына таңырқап қалған шығар. Сәл-сәл манералары Мақпалға да ұқсап кетті ме, че-то…
Abilakim
Ұлжанның көзі үлкен бе Бағдат Сәмединова апамыздың көзі үлкен бе?
Zhan
Бағдаттың көзі үлкен.
Armanjan
Айнұр Тұрсынбаева бүй дейді:
Әбіләкім, амансың ба Әбіләкііііііііііііім,
Кеш жалыққа сені де шақыламыыыыын.
Жаңалықтан көп қалып жүл екенсің,
Бәлін сынап, сын-пікілмен қатыламыыыыыыыыын… Ой, Әбеке өзің келші, бәәәәәәәәлін сонда көліп, қызыққа батасың!
Abilakim
Арманжан, Айнұр қалай өзі, былай?
Armanjan
Павлодарға осыдан 4 жыл бұрын бір республикалық айтысқа келгенде екінші күйеуімен келгенін көрген едік. Араға бір жарым жыл салып келгенде үшінші күйеуімен келгенін білдік. Енді келесі жолы келіп жатқа қалай болатынын алдын-ала болжай алмай жатырмыз.
Abilakim
бұл өзі үш күйеуі бар келіншек шығар.Мәшине мен күйеуді жиі ауыстырады деш. Шамалы уақыт байы болсақ бір мәшинесін берер ме екен?
Bekzhan
Алдыңғы күйеулері бір біреулеп айдап кетіп жатыр екен ғой. Машиналарын.
Nurgisa
Иә, Бәке, қазір жандары кіріп айдап жүрген шығар Қазақстанның бір шетінде.
Abilakim
бастысы айдаса болды ғой
Bekzhan
Меніңше енді әркімнің жеке басының шаруасы басқаларды мазалай бермеуі керек. Айнұрға халықтың сиы ерекше, жеке басындағы нәрсені сынай бергім келмейді. Ақын ретінде өз бағасын алған адам ғой. Ал ондай адамға көп адам ғашық болады. Өткенде жыр мүшәйрасы туралы біреу жазып еді осында, өлең оқыған жігіттерге залдағы қыздың бәрі сынып отырады деп. Ендеше неге өлеңші қызға жігіттердің сынбасына.
Abilakim
жігіттерді сындырғанымен ақын қыздар да тек бір жігітпен өмір сүрсе несі айып? негізі оның қанша байға тигені мені де алаңдатпайды
bazuka
мен алдыңғы жұмадан бастап қарап жүрмін, ұнады бірақ әлі олқылықтар бар, бірақ бұл жағын кешіре салуға болады. Қазақтың көш жүре түзелер деген мақалына саламыз ғой енді)) Айнұр Тұрсынбаева арасында тым қатты кетеді екен))