Біздің ауыл - Жекенді (Сарбие)

Ауылдық жердегі өміріміз: Біздің ауыл - Жекенді (Сарбие)

Біздің ауыл талантты адамдарға бай ауыл. Солардың бірі Бекен ағай. Біздерге Сейіттерге жиен болып келетін Бекен ағай тұла бойына өнер сіңген адам, тек қана музыкант емес, ол суретші де. Сондай-ақ видео өнерімен де айналысып жүр. Біздің ауыл
Әрі қарай

Жүрсін Ерман һәм Аршат Оразов

Қазақ айтыс өнерінде Жүрсін Ерманның еңбегі қандай болса мен үшін Қазнет дамытудағы еңбегімен Аршаттың да еңбегі сондай. Блогшылардың атасы деп Асхат Еркімбайды да атап жатамыз ғой негізінде.
Айтыс ақындарының арқа сүйері Жүрсін, «Керекшілердің»
Әрі қарай

XP дің паролін ұмтықан жағдайда не істейсіз ?

Комптің паролін ұмытып қалған кезде қолданатын 2 әдісті сіздермен бөлісейін. Мүмкін бұл әдісті білетіндер де бар шығар. Компты жаңадан істетушілерге керек болар.
Бірінші әдісі: былай сынап көріңіз:
Егер сіздің Windows XP ге қойған
Әрі қарай

Арландар финалда!

Қадірлі достар Лос Анжелес қаласынан қуанышты хабар жетті. Астана Арландары американың чемпионы болған Лос Анжелес матадорсты 3-2 есебімен ұтып финалға шықты.
Жеңіс сыйлаған арландарымыз: Қанат Әбутәліпов, Марат Молдагереев, Иштван Бернат. Финалда Париж юнайтедпен Қытайда кездеседі.
Қуаныш ұзағынан болсын…

Фазылбек Әбсаттарұлы
http://www.qazaquni.kz/6864.html
Әрі қарай

Авраам Руссоның сыны

Біздің студияға, Астана радиосына ресейлік әнші Авраам Руссо қонақ болды. Сөздің ашығын айтар болсақ, бұл әншіге онша көп қызыға қоймаймын. Тіпті, орыс эстрадасына қызығушылығым жоқ. Бірақ, Руссоның бір пікірі намысқа тиді. Барша, қазақтың намысына тиетін шаруа болды. Өйткені, ол қазақтардың өздерінің ана тілдерін білмейтіндігін сынады. «Позор!» деді.
Әрі қарай

блогшы және веб программист

Интернет кеңістігінің Қазақтар тұратын кішкентай кеңістігін дүбірлетіп, блог құрылтайы да өтіп кетті.
Мен басында құрылтайды тек кәсіпқой Веб программистердің құрылтайы екен деп ойлағанмын. Сөйтсем
Wordpress те блог ашқандар мен керекинфоның пайдаланушылары екен көбісі.
Сонымен өткен блог құрылтайды сырт көз ретінде саралап көрсем. неден ұттық,
1. Ең алдымен бұл құрылтай президент сайлауы қарсаңында өткеніне қарамастан саяси сипат алған жоқ.
2. Құрылтай, жүрегі қазақ деп соққан азаматтарды топтастыра алды. әсіресе билікке жақын жүрген.
3. Блогшылар арасында бір бірімен таныстық қалыптасты. бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Ал енді қазақтілді вев программистер деп кімдерді атауға болады, таза веб програмимистер бас қосып тұра ма екен осы?
Блогшы мен веб программистің айырмашылығы қайсы?
Әрі қарай

Таңғы жүгіру

Әскери салада жүргенде аптасына 3-4 мәрте жауынгерлермен қосылып жүгіріп алушы едім. Аптасына бір рет 3 шақырымды ойнатып отырушы едік.Сымдай жігіт едік тростқа айналып бара жатырмыз байқасам. Ескіше көктемнің басы деп бүгін бір бастама бастадым. Алты жарымда тұрып алып жетіге дейін жүгіріп келдім. Бой жазатын жаттығулар да жасаған болдым. Мойындау керек шамамен 1 шақырымдай ғана жүгірдім. Осының өзінде өкпем «ысқырып» қалды. Дегенмен қазір өзімді сергек сезініп отырмын. Кешке жүгіруге жұмыстан, қоғамдық көліктен қажып қайтатын болған соң беттей алмадым. Ағзам демалып тұрған кезде азанда жүгіріп отыруды ұйғардым.Сәуірдің 14-і күні Алла жазса 3 шақырымды ойнап жүгіретін дәрежеге жетуім керек.
Әрі қарай

Блоггерге 7 сауал

Қазақ блогосферасы соңғы уақытта ғарыштық қарқынмен болмаса да, Формула1 жарысындағы жылдамдықтар деңгейімен дамып жатырғаны көңіл қуантады. Жалпы осы біз блогты не мақсатпен жүргіземіз деген ой туындап отырғаны. Сол ойдың жетегімен Сіздерге бірнеше сауал қойсам деймін, қарсы болмасаңыздар.
Сонымен:

1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
2. Блог жүргізу Сізге не береді?
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
Әрі қарай

Қыздардың әуресі

1. «Таныстырш», «Қызы бар ма?», «Қызы болған ба?», «Бұрынғы қызымен неге жүрмей кеткен?», гав, гав, гав, гав, гав…
2. Әбілдің, түрік барлау қызметінің Найробидегі арнайы операциясындай, аса күрделі әрі астыртын оперативті-тактикалық шаралар нәтижесінде таныстыруға қол жетеді. Екеуінің танысуы сооондай сәтті әрі табиғи шығып кетеді. Сосын: a) досыңа потенциалды қатын тауып бергеніңе; ә) қатын досыңның мылжың да ұзақ, пәлсапалық-этикалық трактаттарынан құтылғаныңа тоқ ішегіңе дейін қуанасың. Өзіңді біреудің тағдырын шешкен құдай сезініп
Әрі қарай