блогшы және веб программист

Интернет кеңістігінің Қазақтар тұратын кішкентай кеңістігін дүбірлетіп, блог құрылтайы да өтіп кетті.
Мен басында құрылтайды тек кәсіпқой Веб программистердің құрылтайы екен деп ойлағанмын. Сөйтсем
Wordpress те блог ашқандар мен керекинфоның пайдаланушылары екен көбісі.
Сонымен өткен блог құрылтайды сырт көз ретінде саралап көрсем. неден ұттық,
1. Ең алдымен бұл құрылтай президент сайлауы қарсаңында өткеніне қарамастан саяси сипат алған жоқ.
2. Құрылтай, жүрегі қазақ деп соққан азаматтарды топтастыра алды. әсіресе билікке жақын жүрген.
3. Блогшылар арасында бір бірімен таныстық қалыптасты. бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Ал енді қазақтілді вев программистер деп кімдерді атауға болады, таза веб програмимистер бас қосып тұра ма екен осы?
Блогшы мен веб программистің айырмашылығы қайсы?
Бөлісу:

27 пікір

KILYZAMAN
Блогшы мен вебпрограммистің айырмашылығы әрине бар. Мәселе онда емес, екеуінің бірін бірі толықтыра алатынында. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Таза вебпрграммистер десекте қателікке бой алдырар едік. Мұның бәрін бір ауыздан ақпараттық технология мамандары десек сәл жақындатарма едік араларын? Көздегендері түгел сәйкес келмесе де, мақсат мүддеге алып баратын жол — сол баяғы технология!!! Ал енді программисттердің тілі жайлы келсек олардың тілдері(программа жазатын құралдары) ортақ тіл бәріне…
AKY
Блог жүргізуде веб-программалаудың иісі де жоқ. Дайын визуалды құрал-саймандар, ал да пайдала бер. Әйтсе де веб-администрированиенің элементтері бар деп айтар ем)))
Janasil
байқамай минус қойған едім. жаман көрінеді екен.
serjan
Не үшін минус қойғаныңызды түсіндіре кетпедіңіз бе?
Janasil
байқамай
Abilakim
Жоғарыдағы пікіріне + қойып ат-шапан айыбыңды төле
sammita
мен ғо. бірақ түсіндіре алмаймын.
Janasil
Саясиландырғанда (Нұр отаннан басқа) Кедергілер көбейетін еді және біршама билік адамдарының келуінің өзі қиын болатын еді.
Таныстық басталды. Сең қозғалды. Енді тек ары қарай дамытуымыз керек.
Ал қазақ инет бағдарламашылары енді қалыптысып жатыр. Қазіргі сайт жасап жүргендердің көбі басқа маман иелері. Өзім IT саласын оқысам да бізге бір сабақ өтпеген екен сайт құру жайында.Әлде мен сабаққа бармадым ба.
Блогшы мен айырмашылығы: Блогшы инеттегі дайын блог формаларды пайдаланып жазбаларын халыққа таратып отырғандар. Ал web бағдарламашылар сол блог форманы әліппесінен бастап құрушы адамдар.
Abilakim
жоғары қарап тұрған стрелканы бас
gunner
Жоғарғы оқу орнында сайт жасатуды үйретпейді, өйткені сіз сол оқуды бітіргенше жаңа технологиялар шығып, бұрынғы алған біліміңіз керек болмай қалуы мүмкін. Көбіне алгоритм, вышмат, физиканы үйретеді. Бір сөзбен айтқанда ойлануды үйретеді, жаңа технологияларды тез өзің үйреніп алу қабілетін арттырады.
Janasil
паскальды қайта-қайта мыжғызды десей.
AKY
Неге үйретпейді, бізде веб-технологиялар деген сабақ өтті. Ол жерде бастапқы әліп-биін үйретті (PhP, ASP, Java Script, HTML-тегтер)))))))). Керек адам әрі қарай алып кетеді. Шыны керек қазір сайттар дайын движоктардың көмегімен жасалады, оны үйрену қиын емес.
serjan
Веб сайт жасауды үйрететін қазақша курстар бар ма? (виртуалды немесе реал)
Кім қалай үйренгенін айта кетсе қатып кетер еді.
Janasil
Қазақша жоқ деуге болады. Өзім Microsoft FrontPage — бағдарламасын ақтарып біршама үйренгенім бар.
KILYZAMAN
Қазнеттің атақты әжуа королі Сатыбалды қисық сөздерімен жатып алмай, виртуалды вебинарилер ұйымдастырса ғой Ерлан Оспанмен одақ құрып алып… Кім біледі, қосымша табыс көзі боларма еді?
serjan
Сатыбалды сатып беретін шығар
KILYZAMAN
Әр еңбектің төлемі болғаны дұрыс емеспе? Одан не әбестік көрініп тұр? Егер сапасы мен маңызы айтарлықтай болса несі бар?
serjan
Йә қалжың ғой, дұрыс айтасың
AsanQaigy
Нұр Отанның жарнамасын болды!!!) Мысалы:
Ерлан Қарин «Нұр Отан» ХДП-ның бас хатшысы
Бекболат Тілеухан ҚР Парламентінің төменгі палата депутаты
Мұрат Абенов ол да солай (екі депутат «Нұр Отандықтар»). Так что «чистый Пиар»)))) қалжың ғой оқып ашуланып жүрмеңіз.
serjan
Ал ендіблогкампке қатысушылар, не үйрендіңіздер, соны жазсаңдаршы, кешке дейін бір біріңді мақтап, тамақ ішкен, валейбол ойнаған суреттеріңді шығара бергенше.
meirzhan
Ол да өмірдің өызығы ғой. адами фактор
asaubota
егер программированиеге икемің жоқ болса босқа үйренбеген жөн. одан да қарапайым қолданушыға ұсынылатын тегін сайт жасау қызметтерін пайдаланған жөн. ешқандай техникалық білім керек емес. тек бір ақ нәрсе маңызды! ол — оқу! кез келген нәрсенің инструкциясы болады, вебде де солай. біздің қазақ соны оқымайды, сосын жүреді әркімнен сұрап. мысалы менің жыным келеді, жұмыс уақытымда көп адам мазалап бостан босқа уақытымды алып, элементар нәрселерді сұрайды. мен де бәрін біліп туған жоқпын, білмеген нәрсемді инструкциялардан оқыдым. еш нәрсені адам өзі шұқып, үйреніп алсын деп шығармайды. мысалы осы сайттың үстіңгі жағында FAQ бар, соны да оқымайды ешкім. іздеу функциясы арқылы да білмеген нәрселеріңе жауап тауып алуыңа болады.

жарайды тақырыпқа оралайын. сайт, блог жасағың келсе мына тегін сервистерді пайдаланып көр: www.ucoz.ru kk.wordpress.com
serjan
Енді бір бірімізден сұрағанда тұрған не бар онда Сұрақ жауап сайты не үшін шықты.
біз де сіз сияқты өзіміз тырысып үйреніп жатырмыз, баяғы орекеңдердің видеокурсынан олар неге сұрайсың деп ашуланып жатқан жоқ ешкімге, содан кейін жауап бер деп біреуді біреу қыстамайды ғой. шынымды айтсам осыдан 2 жыл бұрын мен интернетке кіруді білмейтінмін, яғыни енді бастап жатырмыз.
Khan
1. Ең алдымен бұл құрылтай президент сайлауы қарсаңында өткеніне қарамастан саяси сипат алған жоқ.
2. Құрылтай, жүрегі қазақ деп соққан азаматтарды топтастыра алды. әсіресе билікке жақын жүрген.

Не үшін минус қойғанымды түсіндіре кетейін:
1. Әр нәрсенің шамасы шарқы болады. Саяси сипат алып кететіндей саяси Партиялардың бас қосуы ма, не? Ат төбеліндей 50-60 қазақ бас қосқанда бүкіл Қазақстан аяғынан тік тұрғандай ештеме байқамадым. Құрылтайға еш қарсылығым жоқ, бастама көтерген жігіттерге ақ жол деймін. Дегенмен біраз блогшының жазуынан түсінгенім: "Қазақстанда, соның ішінде қазақтілді блогшылар біздің қоғамда қозғаушы күш ретінде қалыптасып үлгерген. Және құрылтай жалпыұлттық сипат алған". Ұялтпаңдаршы, а! Алдымен, жалпы әлемдегі блогшылардың ролі туралы оқып біліп алайықшы а? Сосын, осындай сарапшылардың роліндегі жазуларыңды жазарсыңдар.

2. Бұл да өтірік. Бірлі жарым депутат өз пиары үшін құрылтай жұмысына қатысса топ құрғанды білдірмейді. Әсіресе, Ерлан Кариннің блогосфера атмосферасы туралы пікірі құрылтай мүддесіне қайшы, құрығанда ортақ ештеме жоқ. Оларды, өз басым, құрылтай жұмысына «біздердің пікіріміз осындайлармен тоғысады» деу үшін шақырылған деп білемін. ИМХО