Жүрсін Ерман һәм Аршат Оразов

Қазақ айтыс өнерінде Жүрсін Ерманның еңбегі қандай болса мен үшін Қазнет дамытудағы еңбегімен Аршаттың да еңбегі сондай. Блогшылардың атасы деп Асхат Еркімбайды да атап жатамыз ғой негізінде.
Айтыс ақындарының арқа сүйері Жүрсін, «Керекшілердің» керегесін кең жаюына себеп болып отырған адам Аршат!
Біздің есімізге Жүрсін дегенде Аршат, Аршат дегенде Жүрсін түсуі керек деп қуып кетсең ә))))
Бөлісу:

27 пікір

konvict
Сен қуып кетсең де жөн сөз сөйлейсің.
Abilakim
Иә, басқа қыздар да айтқан)))
konvict
КетЧ! Мен саған шынымды айтып отырсам)))))))))))
a63a1
Сарыарқаның сары есері Қуаныш қайсың сонда? — деп менде қуып отсам ә?
asaubota
рахмет, қатты толқудамын :))))

өз қалам Ақтөбеде менің атым басқа нәрсемен ассоциацияланады, интернет емес :)
Abilakim
Арақ? Футбол?
asaubota
арақпен мүмкін қайынапаларым ассоциацияландыратын шығар, бірақ футболмен байланыстырады жұрт. Ақтөбе футбол клубының ең алғашқы сайтын жасадым, команда атрибутикасын да бірінші болып бастаған мен Түркиядан шарф жасаттырып, сосын фанаттар тобын құрдым. еңбегім еленді әйтеуір, ұлым туған кезде ойын ортасында диктор бүкіл стадионға хабарлады және бүкіл ойын бойы есепті көрсететін таблода ойын есебімен қатар ұлды болуыммен құттықтаған жазу шығып тұрды. мұны ешқашан ұмытпаймын.
TERISKEI
керемет! Админ аға, сол сәттерден сурет болса, студияға лақтырып жіберсеңіз:)))
Gastarbaiter
Күшті. Өміріңдегі ең күшті құттықтау болған шығар.
asaubota
аха, мұндай құттықтау әлі болған жоқ.
KILYZAMAN
Нәтиже деп осыны айт!!!
sigma
Осындай фанаттар да болды екен деп іштері күйген Атыраулық жанкүйерлердің қоршауында қалып, (13 Сектормен бірге отырып не жыным десей) фанаттармен бірге таяқ жеп қалуға қалғанымыз бар. Жақсы арденалин болды негізі.
sigma
Қазақ блогосферасы осы керекинфодан басталды десем аузым қисайып кетпес. Керекинфоның осыған дейінгі буынында жеке сайт жасау, блог ашу кең белең алды. Көбімізге сайт жасауды үйретті (ссылка беріп болсада). Мықты үйреніп алғандар кейінгілерге көмектесіп дегендей жақсы кездер болды, ішімізде осы жәй қызығушылықты кәсіп қылып кеткендер де бар. Солай де сайты да осындай қызығушылықтардан туған.

Блогосферамызда Асхаттың да еңбегі орасан. Ол қазақ блогының бір жерде қалмауына үлкен үлес қосып жүрген азаматтардың бірі. Қазақ журналистикасының жаңа буынын қалыптастуда еңбегі бар.
sammita
@sigma «біз бұрын, баяғыда» дей бересің тек, жазсай әңгіме, пост:)
sigma
Тіл сабағын заочны оқыған физик жігіттердің жазғандарын, шығарма тексергендей қызыл ала қылмағанмен, үтір-нүкте деп нұқып болсыңдар ғой :)
sammita
қойшы, ешкім біреудің қатесін түзетіп отырған жоқ. Біреуі бастап айтты соны ары қарай кетті іліп алып себепсіз. Тіл маманы да емеспін. Былай да жаза беріңдер
"— Мінең оыйшма, адмарда слөйедмі әпіртеп оықймдаы, тұатсатй сөз қлыып оықид. Тек ағалқшы әпір мен сңоғы әіптрі өз онрыдна трұуы креек" ©
TOTY
Әбекең де қатырады, «Жүрсіннің Керекшілерге қатысы қанша» деп ашсам жазбаны...:)
VKM
Қосыламын. Аршат аға-гений)
sammita
Аршат -ол Аршат. Басқа емес Ермановпен салыстырудың ретін әлі ойлап отырмын.
sigma
Айтыс дегенде Жүрсін ғой, енді Интернет дегенде Аршат болсын дит та
sammita
мен бұны Аршатты аласарту деп ұғам:))))))))
sigma
Қо э! Таңатқалы астына көпшік қойып жатырмыз ғо, басқа тұрақты тіркес болмай тұрғаны. Болса, шкаф, шифанер қойжіберетін сразу.
Abilakim
Саммита мені кешіргін
Аласартсам
Аршаттай ердің есімін
Тіпті қатты ренжісең
Достарыңнан өшіргін…