Жұмыстағы "Жазғы сылбырлық"

Өндірістік жұмыс орындарында жыл мезгілінің қайсысы болса да қыз-қыз жұмыс қайнап жатады. Біздің жұмыста олай емес. Жаз шықса ішің пысады. Барлық оркестрлердің концерттік маусымдары жабылған. Артисттер жаппай демалысқа кетіп жатыр.Әкімшіліктегілер ғана жүреді әйтеуір 9-дан 6-ға дейін.
«Жазғы сылбырлық» бастықтарды да айналып өтпейді. Біреуі өз шаруаларымен біраз күнге сұранып кеткен. Тікелей жоғары бастығымыз 11сіз келе қоймайды жұмысқа. «Евро-2012» басталғалы 0нда келіп жүрмін жұмысқа. Ешкім ұрыспайд, рахат. Квартал соңындағы премиядан дәмеміз бар сөйтіп жүріп)))
Әрі қарай

Футболға барайық: Қазақстан-Қырғызстан


Ертең, 1 маусым күні Алматының орталық стадионында Қазақстан-Қырғызстан жолдастық кездесуі өтеді. Басталуы 19-00. Кіру тегін екен.

Футбол сүйер қауым болып қарап қайтпаймыз ба? Кімдер барады, қай жерге жиналамыз, соларды талқылайық?

Сурет: sports.kz
Әрі қарай

Сейітқали Меттерних. "Исаның Екінші Келуі"

"Қорқыңдар, қорқыңдар! Өзім де бұтыма жіберіп бара жатырм, сендер де қорқыңдар!"-деп кейіді ол Сонда". © Евангелие от Амандық, стих 87:11.

— Ата, мынадай квартирант табылса мұрнымды кесіп берейін! — деді оператор қатын Дәуіт Духовныға қарап.

-Мен не деп жатырм, солай теріп берсейш, қалғаны өзімнің шаруам. Әрі қарай кеттік. "...Ішімдіктің кез-келген түрін ішпеуі, темекі шекпеуі тиіс. Үйге кешкі сағат сегізге дейін кіріп, таң атқанда сағат бестен бастап кетуге рұқсат. Үй телефоны пайдалануға берілмейді.
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Меншік иесінің өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Құрылтайшының өлімі»)

«Уууіііііііііііііііііпп… Дадатын да, отитын да дым док… Фыыыыыыыы...» ©Нашақор Титөк



«Амстердам» бағыты бойынша келіп қонған ұшақтың жолаушылары ала-құла. Алып дорба арқалағандары мен алақандай сөмке асынғандары аралас.

Құйып қойғандай шақ сұр костюм киген, еңгезердей ел ағасы құлағындағы көк түспен жылт-жылт еткен құрылғысына сөйлеуін тоқтатпаған күйі әуежай ғимаратынан шықты. «Такси, такси» деп қаумалаған ұзыны, аласасы, толығы, арығы аралас еркектер қауымын жарып өтіп, дәл есіктің аузына тоқтаған сүліктей қара S-Class-ты W221-ге беттеді. Алдыңғы орыннан серіппедей атып шыққан иықты жігіт артқы есікті айқара ашып, кіргізіп жіберді.
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Журналистің өлімі"

«Жазатын дым жоқ». ©Akzere

Franz Kafka. Der Process

… Есіктің алып бара жатқан тарсылынан әрең оянды. Еріне-періне қабырғадағы көкек-сағатқа алая қарады. Үш жарым! «Не қылған жарымес болды бұл?». Осындай ойлы мезеттер арасында есіктің тарсылына еті де үйреніп кетті. Көшіріп жіберердей қақыратып қағып жатса да, асықпай тұрып, алдымен әжетханаға беттеді. Ұзақтау кіштеді. «Біржола ұлысына да отырып алсам ба
Әрі қарай

Спартак. Кек.

Киноға рецензия жазып көрмеген ем.Бұны рецензия деп қабылдамаңыздар.
Сонымен, көз алдымызға көне Римдегі гладиаторлар шайқасын, Юпитердің бұтағын әкелетін «Спартак» сериалының жалғасы «Кек» деп аталады. 10 сериядан тұратын бұл бөлімнің алғашқы 6 сериясын тамашаладым.
Әрі қарай

АЛЛАhЫМ ӨМІР БЕРЕГӨР ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАУҒА?!



مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿٤﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ ﴿٥﴾ اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿٦﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ ﴿٧﴾
Фатиха, 1:1
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. МҰСЫЛМАН КЫЗДАР, ХИДЖАБ КИГЕНІМІЗ ЖӨН, БІЗ ӘЙЕЛ АДАМДАРЫ ШАЙТАННЫН СҮЙІКТІ ҚҰЛДРРЫМЫЗ, ШАЙТАН МНЕ ТОЗАҚТЫ ӘЙЕЛДЕРМЕН ТОЛТЫРАМ ДЕГЕН! Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Құран Кәрім 24:31
Әрі қарай

Abai.kz Google сайтын басып озды!

«Survey» сараптамалық орталығы 15-22 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында өткізген кезекті сауалнамасының қорытындыларын жариялады. «Интернетте отырған кезіңізде бөлмеге біреу кіріп келген жағдайда қай сайтты ашып қоясыз?» атты сауалнамаға еліміздің 14 облысынан барлығы 2984 жас интернет қолданушы қатысты.

Әрі қарай

Бір түнде үш блогшы соққыға жығылды



"Алматы қаласының Қостандық ауданында ақпанның 21-нен 22-не қараған түні үш блоггер соққыға жығылды. Ғаламторда көкейтесті тақырыпта мақала жазатын блоггерлерге жұдырық жұмсағандар әлі күнге дейін табылмай жатыр. Зардап шеккендердің бірі ғаламтордан рұқсатсыз мақала ұрлағандарды әшкерелеп жүрген Аңсар Аяпов алған соққыларынан уақытша блог жүргізуін тоқтатуға мәжбүр.
Әрі қарай