Қол жетпеген махаббат немесе гаршок


Б ұ л ы ң ғ ы ы ы ы р.
Көптен күткен Аcтана-Алматы пойызы тоқтады. Дыбыс шығарғыштан «Сақ болыңыздар...» деген сөздер екі тілде қайталанып жатыр. Шыдамым бітіп барады… Қашан түседі екен...Қай вагоннан түседі екен… «Бойыма юбка жараспайды» деп киетін қара шалбары, ала қоңыр ала футболкасы ұзақтан көзге басылып вагоннан түсіп жатыр. Жүрек ұрысы пойыздың жүргендегі дауысынан жылдам істеп алқымға тығылды… Құшақтап алдым… Аймалап жатырмын… Ол «К-а-п-ы-ы-ы-ы-ы-ы-р, адамдар қарап тұр, ұят болады» деп өзін алып қашуда.
Қас қағым сәтте «Жатақханадан» бір ақ шықтық. Ол заттарын қояр қоймас артынан құшақтап:
— Сені қатты сағындым…
— Сені де сағындым, жаным. Он жылдан бері қайда жүрсін. Күтіп жүрмін ғой…
— .../сөйлеуга шама жоқ, аймалау ғана/
— Гүлің керемет екен. /Бірден сол гүл пайда бола салды/
— …
— Суға салмаса солып қалады. Гаршок қайда. Гаршок… Гаршок… Гаршок…
Әрі қарай

Жаңа өткен қоян...

Біздің Ескене ауылы екіге бөлініп жатыр. Таудың (өзімізге тау, қырат негізінде) шеткері мүйісінде Талдыбұлақ атты шағын ауылымыз бар. 15 үйлі. Осы Талдыбұлақтан Ескенеге мектепке барамыз. Екі ортаның қашықтығы 2 шақырымнан аса болар. көрші және ағайын болып келетін Ербол екеуміз көбіне бірге барамыз (Кеңес Одағы ыдырағанша бізді аранйы көлікпен тасымалдайтын). Жарты сағаттық жол. Екеуміз таудың етегіндегі жолмен әңгімелесіп келе жатқанбыз. Кенет Ербол тоқтай қалды. алдымызды кесіп өткен қоян ізі жатыр екен. Ербол қолғабын (биялай деп те атайды) шешіп ізді ұстап көріп, «жып-жылы екен, жаңа ғана өткен қоян екен» демесі бар ма))) Шамасы сол кезде мен 5, ол 3-ші класта оқимыз-ау деймін.
ПыСы.Класс сөзін мен көп жерде қолданамын.Мүмкін біздің мектептегі соңғы жылдарымызда кірген «сынып» сөзіне бойым үйренбеген болар.Тегі әр сөзді аудара бергеніміз де дұрыс емес секілді.
Әрі қарай

Арман демекші...


Арман боп қалдың, белестей биік бағынбай,
Сол үшін саған алғысым шексіз бүгінде.
Сарқылып сезім, солғын тартқанда сағымдай,
Бір-бірімізден жалығар ма едік түбінде?

Жұмбақ боп қалдың, бойыңа сиқыр
сыр бүккен,
Әсері терең әлемдей болдың бір тылсым.
Қажыған сәтте күндегі күйкі тірліктен,
Бір-бірімізден қол үзер ме едік, кім білсін?

Аңсар боп қалдың, ұрлаған түнгі ұйқымды.
Өкпелетсе де тәкаппар тағдыр қалауы,
Өзіңнен қалған естелік енді сүйкімді,
Өмір дастанның жүрекке қымбат тарауы...


Кей нәрсенің жай арман болып қалғаны да жақсы-ау?
Әрі қарай

Dabaileaks-1

Қалдықызға жасаған сыйлықтары үшін көп рахмет!

Coffedelia-да жиналдық. Алдында айтып өткенімдей, BlogCamp-ке қатысқысы келетіндерге оның форматы (әлемдегі BarCamp ne-conference форматы) қалай екенін әңгімелегім келген. Сөйтіп, барсам, біразы жиналып қапты. Кейбіреулер сағат 18.00-де деп түсініп ерте келіп, күтіп қалған екен. Ғафу етіңіздер!



Келсем, үстелде бір дорба сыйлықтар тұр. Қалдықыз бәрімізге сыйлық үлестіріп жатыр екен. Мен және Patick (тағы басқаларында да болған шығар) зырылдық ақ қоянды таңдадық. Жарыстырып көріп едік. Patick-тікі озып кетті. Таксссс. Бұл емес негізі айтпағым.
Әрі қарай

Хардкор: Армандар орындалады!

Киностан: Хардкор: Армандар орындалады!
Сықырлаған кресло, сыбырласқан жұрт, сораптала ішілген сусын, попкорн иісі. Кенет шам сөніп, экранға жан бітеді де… құлақ-шекеден жұдырық тиеді, мойынға пышақ сұғылады, маңдайға оқ тиеді. Және осының бәрі слоу-момен көрсетіледі.

Иә, құрметті оқырман, мұның бәрі — «Хардкор» фильмінің алғашқы титрларында көрсетілетін көріністер. Ары қарай жүретін оқиға әлгі ел аузындағы сөз секілді: "… чем дальше в лес, тем страшнее".

Қазақтардың ара-тұра қопаңдап қалуына себепкер Тимур Бекмамбетов продюсері болған «Хардкор» атты фантастикалық экшн бүгіннен бастап кинотеатрлардан көрсетіле бастайды. Кеше көріп шыққан киноның әсерінен әлі арыла қойған жоқпын, соныммен бөлісе отырайын.

Киностан: Хардкор: Армандар орындалады!
Не:
Атауы: Хардкор
Түсірген елдер: Ресей, АҚШ
Бюджеті: $2 000 000
Жанры: Экшн, фантастика
Қазақстандағы премьерасы: 7 сәуір 2016
Ұзақтығы: 96 минут

Кім:
Режиссері: Илья Найшуллер
Продюсерлері: Тимур Бекмамбетов, Илья Найшуллер
Сценарий: Илья Найшуллер
Рөлдерде: Шарлто Копли, Данила Козловский, Хейли Беннетт, Андрей Дементьев, Сергей Шнуров, Тим Рот және т.б.

Не туралы:
Бас кейіпкер Генри әлдебір зертханада есін жияды. Жанында «сені сүйемін, жан жарыңмын» деп өзін таныстырған Эстель атты хас сұлу болады. Атыс-жарылыстан айрылған аяқ-қолы темірге ауыстырылған. Жалпы өзін адам деп ауыз толтырып айтуға келмейді. «Буырқанған, бұрсанған, мұздай темір құрсанған» біреу.

Бір уақытта зертханаға фильмнің зұлымы Акан баскесерлерімен басып кіреді. Азды-көпті атыс пен қуғыннан соң Генридің әйелі Эстель Аканның қолында қалады. Сүйіктісін құтқармаққа бел буған Генри Джиммимен танысып, Аканға қарсы күреспекші болады.


Қайдан шықты:
2013 жылдың көктемінде Biting Elbows атты инди-рок тобы «Bad Motherfucker» атты әнге клип түсіреді. Ролик аса танымал болып, бір айдың ішінде 23 миллион қаралым жинайды.


Клипті көрген Тимур Бекмамбетов топтың негізін қалаған Илья Найшуллерге толықметражды фильм түсіру туралы ұсыныс жасайды. Әуеліде бас тартқан Илья кейін келісіп, жобаның режиссері һәм сценаристі атанады.

Не ойдамын:
Сөз жоқ, «Хардкор» — бір кездердегі «Рейд», былтырғы «Безумный Макс» секілді кинотекамнан ойып орын алатын фильм. Алған әсер мен шығарған қорытындыдан кейін анда-мұнда шашылып қалған ойымды жинақтасам, бұлай деуіме тым жалпылама айтқанда бес себеп бар екен.

Киностан: Хардкор: Армандар орындалады!
1. Фильм бірінші жақтан түсірілген. Жобаның жаңалығы да осы. Әрине, «Хардкор» Америка ашып отырған жоқ, сюжетті бас кейіпкердің көзімен көрсететін туындылар болды, бірақ олар не сәтсіздікке ұшырады, не фильмнің ішінен бірнеше минут берумен ғана («Doom» секілді) шектелді. Менің ойымша, бастан-аяқ осы стильде жасалған және табысты болатын алғашқы жоба осы «Хардкор» сияқты.

Оның үстіне біздің заман ойын мен киноның, шынайы кадр мен салынған суреттің арасын барған сайын жақындатып, шекарасын жойып барады. Call of Duty мен Medal of Honor ойнап өскен біз бен одан зорғысын көрген кейінгі ұрпақ үшін контенттің көрерменге жақын, оқиғаның барынша әсерлі болуы (тек сюжет тұрғысынан емес) маңызға ие.

Фильмнің бірінші жақтан түсірілуі — тамаша эффект. Бас кейіпкер төмен секіргенде аяғың селк етіп, жинап ала қоясың, өзге актерлердің тура саған қарап, сөйлегені мойын бұрып, өзге нәрсеге алаңдауға мүмкіндік бермейді. Бір сөзбен айтқанда, көру керек, сезіну керек.

«Еркек қанша жаста болмасын, басқаратын ойыншық тікұшақ сатып алуды армандайды» деген сөз бар ғой. Сол секілді компьютерлік ойынның дәмін татқан кез келген адам (мейлі ол гик болсын, мейлі ол бірнеше рет қана атысқан нуб болсын), денсаулыққа қауіп төнбейтіндей қылып осы ойынды өмірде қалай жүзеге асырса болады деп ойланғаны анық. Міне, сол арман орындалып отыр.

Киностан: Хардкор: Армандар орындалады!
2. Фильм қаталдыққа толы. Былжыратып қан-жынын ағыза беретін хоррорларды емес, қырғын төбелесті көрсететін және адамның ауыр темір, жалаңдаған пышақ, зуылдаған оққа қарсы тұра алмайтын әлсіздігін аяусыз беретін фильмдерге айызы қанатындарға «Хардкорды» ұсынамын. Рейтингі бекер «R» (17 жасқа толмағандарға ата-анасынсыз көруге болмайды) болсын ба, ананы көріп отырып, өзің барып келгендей әсерде қаласың. Оған жоғарыда айтылған эффектті қоссаңыз, тіпті де сұмдық. Фаталити, қысқасы.

Киностан: Хардкор: Армандар орындалады!
3. Актерлік ойын. Әрине, айналасы бес-алты актерде неғылған ойын бар деуіңіз мүмкін, алайда өз басым Джиммиді ойнаған Шарлто Копли мен Аканды сомдаған Данила Козловскийді ерекшелеп айта кетер едім. Алғашқысы әлжуаз лохтан бастап брутал альфа-еркекке дейін ойнай алатынын баяғыда-ақ дәлелдеген ("№9 аудан" дәлел), бұл жерде де Джиммидің бірнеше образын тамаша жеткізіпті, соңғысы қыз-қырқынды ұлардай шулатқан метросексуал кейпінен алшақтап, әуесі, әумесер, ауруды жақсы көрсеткен.

Әрине, бұлармен қоса бастарына GoPro камерасын киіп, бас кейіпкердің (түрін көрмесек те) жүгін арқалап шыққан оншақты жігітке де құрметімді білдіремін.

Киностан: Хардкор: Армандар орындалады!
4. Әзіл. Иә, «Хардкорда» жақсы әзілдер бар. Және ол тек американ спецификасындағы біз түсіне бермейтін қалжыңдар да емес, соңғы кезде ТМД-лық, әсіресе ресейлік кинематографта көбейіп кеткен дәрети-алкогольдік құсық та емес, дәл уақытында айтылған, кейде "қара әзіл" стилінде берілетін фразалар.

Киностан: Хардкор: Армандар орындалады!
5. Эстельдің рөлін ойнаған Хейли Беннетт.

Қорытынды:
«Хардкорға» бару керек. Біріншіден, ерекше эффекті бар (бірінші жақтан түсірілген, бас кейіпкердің түрін көрмейсіз), екіншіден, сапасы жап-жақсы экшнді көріп қайтасыз. Оның үстіне фильмнің Ресейде түсірілгені ментальдік тұрғыдан бізге жақын: біраз қалжыңды, сюжеттік кейбір бұралаңдарды жақсы түсініп отырасыз.

Берген бағам: 8/10

Әрі қарай

"Қазақстан дауысы": The Voice фанатының көзімен

Компьютерден мені жұлып алып, теледидарға телміртіп қоятын екі жоба болса, соны бірі — осы The Voice. Алдымен ресейлік «Голосты», артынша арысы АҚШ, берісі «Голос країниға» дейін түгендеп жүріп біразын көрген болатынмын.
Әрі қарай

"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды

Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты. Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды. 4 жюри тарапынан бағаланған блогерлердің қорытынды рейтингі мынадай:

  1. ademi_alem — 37,75
  2. Aya — 35,25
  3. tomarlik — 34,25
  4. qonyrbai — 29,75
  5. NazerkeAbibulla — 24,25
  6. Basic — 23,25
  7. AydosRymkul — 21,75
  8. ErbolAliaskaruly — 13,75
  9. tauewki — 7,25
  10. Maqta_qyz — 7
  11. FaraOn1 — 6,50
  12. AlmasNakhypbek — 5,50
  13. Sunshine — 5,00
  14. Kuralayka — 4,00
  15. DinarNahypbek — 1,50

4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер:

1-орын: Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы)
2-орын: Ая Өміртай (Астана қаласы)
3-орын: Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

«Керек тілші» сайысының қорытындылау 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Жарыс жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады, белсенділік танытып ондыққа кірген блогерлерге арнайы диплом және естелік сыйлықтар беріледі.

Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды
Астана, Д.Қонаев к., 12/1
Әрі қарай

Шапқан аттай зулаған өмір...

«Фотореп дегеніміз бүгін немесе кеше түсірген суреттер топтамасымен репортаж жасау» деген қағида болмағандықтан мына бір дүниемді көрген жандар «Фотореп емес» дей қоймас.
Қазақта «Ат жалын тартып мінгелі» деген жақсы бір сөз тіркесі бар. Өкінішке орай бұл тіркесті көп қолдана бермейді екенбіз. Өмірімнің өсу сатылары бойынша көрсетіп отырған түрім осы.
Көп сөйлеп созбай суреттерді сөйлетіп көрейік (Өзім жоқ суреттердің барлығын өзім түсіргенмін)…
Әрі қарай

Бұл қай керекші? #4 (Эстафета)

Эстафеталар: Бұл қай керекші? #4 (Эстафета)

1. Менің ең сүйіп оқитын блоггерларымның бірісіз. Жазбаларыңызды оқып жатқанда сізді қандай адам болды екен деп ойлаймын. Басқалар сияқты профиліңізге сурет те қоймадыңыз.Өзіңізді құпия ұстауыңыздың сыры неде?
Әрі қарай