Жаңа өткен қоян...

Біздің Ескене ауылы екіге бөлініп жатыр. Таудың (өзімізге тау, қырат негізінде) шеткері мүйісінде Талдыбұлақ атты шағын ауылымыз бар. 15 үйлі. Осы Талдыбұлақтан Ескенеге мектепке барамыз. Екі ортаның қашықтығы 2 шақырымнан аса болар. көрші және ағайын болып келетін Ербол екеуміз көбіне бірге барамыз (Кеңес Одағы ыдырағанша бізді аранйы көлікпен тасымалдайтын). Жарты сағаттық жол. Екеуміз таудың етегіндегі жолмен әңгімелесіп келе жатқанбыз. Кенет Ербол тоқтай қалды. алдымызды кесіп өткен қоян ізі жатыр екен. Ербол қолғабын (биялай деп те атайды) шешіп ізді ұстап көріп, «жып-жылы екен, жаңа ғана өткен қоян екен» демесі бар ма))) Шамасы сол кезде мен 5, ол 3-ші класта оқимыз-ау деймін.
ПыСы.Класс сөзін мен көп жерде қолданамын.Мүмкін біздің мектептегі соңғы жылдарымызда кірген «сынып» сөзіне бойым үйренбеген болар.Тегі әр сөзді аудара бергеніміз де дұрыс емес секілді.
Бөлісу:

30 пікір

ErNur
Менің Уәли деген кластасым бар еді.Оныңда марқұм болып кеткеніне екі жыл болыпты. Өзі ақкөңіл тамаша жігіт еді марқұм. Сол бала кезімізде екі-үш оқимыз ұмытпасам, бір күні сабақта мен кеше көгершінмен(кей жерлерде кептер деп атайтын сияқты) ұштым деп таңырқатты. Соған бәріміз сеніп сонда қалай деп сұрамаймызба. бір қолыма онын, бір қолыма онын байлап алдымда ұштым дейді. Содан арамызда қалай қондың сені алып кеткен жоқ па десе… жайлап бір бірлеп жібере бердім дегенге бәріміз сеніп қалып едік ))))
Delhi
)))
Delhi
Кішкентай кезімізде ауылға әжемізге барғанда, түнімен далада ойнаушы едік үйге кірмей, сол кезде ертеніне әжем бізді далаға алып шығып үйдің айналасындағы аюдың, қасқырдың іздерін көрсетті. Сендерді іздеп келген деп, содан кейін далаға шығуды қойдық. Кейін білдік қой, әжеміз олардың барін өз қолымен жасап қойыпты )))
TOTY
Кептер деген соң есіме түсіп кетті. Бала кезде біздің ауылда көк кептерлер сұмдық көп болатын. Қазір солар ізім-ғайым жоқ.Таңмын соған.
omarbirat
Біздің ауылда да қазір кептерлер жоқ. Ауылдас емеспіз бе, сұлучайні? :)
Abilakim
Бізде де құрыды.
Zere
Бәрін ЗАГС-тың адамдары үйретіп алған ғой ))))
omarbirat
Көк кептерлерге ЗАГСтен жұмыс өлсе де бұйырмайды ғой :)
omarbirat
Ауылда кептерлер көбінесе техникалар тұратын машдвор мен қырманда болушы еді. Кейін олар жұмысын тоқтатты да, қалған ғимараттарды ауылдағылар құлатып, кірпіштеп тасып әкетті. Кептерлер де содан кейін жоғалды. Опшым, кептер деген кірпіш пен асфальтқа жақын жүретін құс болса керек, ІМНО (ішкіш, маскүнем, нашақордың ойы).
omarbirat
Ауылдың адамдарына ілесіп, күнкөріс үшін қалаға кеткен шығар деген де болжам бар.
sammita
қырман демекші, әкем ГАЗ-53-імен бидай таситы қалаға. Мен 3-4 жастамын, еріп жүрем. Әкемді күтіп, аузым ашылып, ішінде өріп жүрген көөөөп кептерге қарап тұрам. Бір күні әлгілер басыма жып-жылы саңғырығын тастап жіберді, «баж» еттім де келесі жолы бармай қойдым.
alisha
ол ештеңе емес қой, қазір үйде отағасым боп отырған сол кездегі жігітіммен жаңа-жаңа көңіл жарастырып жүрген шағымыз-тын… Жайықтың жағалауындағы талдардың түбінде орындықтар бар, сонда отырғанбыз ананы-мынаны айтып… бір мезгілде бетіне былш еткізді ғой))) Қарға туралы тағы бір хикая: бір құрбым жолдан өтейін деп, бағдаршамның жануын күтіп тұрса, басына сол жерде айналып ұшып жүрген қарға қонып ап, ұшпайды дейді… аяғы шаштарына ілініп қалса керек… жүргізушілер мәз бопты әйтеуір, дабылдарын басып)))
Abilakim
Аяғы қарысып қалған ғой.кезінде суық өткізіп алған қарға болар
alisha
қойшы, шіліңгір шілдедегі жәй… айтпақшы, соны аяқ демейді, не деуші еді, есіме түспей қойды…
alisha
ұшпағанда енді...ұшуға әрекет жасаған, жанталасып жатыр дейді, шашы да біраз жұлынғанға ұқсайды:)
Abilakim
құрбыңыздың шашы кигіз болып қалған ғой.Бұл оқиға Қалдықыздың балалығы өткен сол бір қиын жылдары, яғни тоқсаныншы жылдары болмаппа еді? Шашына қарай алмай қалғанына қарағанда…
alisha
жо-жоқ, ол кезде біз 2-3 курстардамыз, яғни 2004-05 жылдары;)
alisha
Бала күнімізде жиен сіңліміз екеуміз батпырауық жасап ұшырмақ болдық. "Ұланда" қалай жасалу жолы жазылған екен. Соны өзімізше басшылыққа алдық. Штакетник шарбақтың екі ағашын бір-біріне қиыстырып қақтық. Жіп байладық, пакет жабыстырдық. Енді желдің тұруын күтіп тұрмыз өзімізше. Біздің батпырауығымызды көрген апам: «Мына ұшырамыз деп, төбеге лақтырып қалмаңдар, бастарыңды жарасыңдар»,-деп айтып үлгерді күлкісін зорға тиып)))
sammita
;)) ойбай ішегім, елестеп кетті)))
alisha
әй, балалық десеңші))) ол кезде ештеңені ойламайсың ғой…
ErNur
Олардың азайуы егістік алқаптарының жоғалуынан болуы мүмкін. Сол ертеректе егіс көп боған кеңес заманы кезінде мықты көп болатын еді. Бала кезімізде аулап, сойып тұзды сеуіп жіберіп, мәшине трактордың резенкесін лаулатып жағып соған пісіріп аузы-басымыз күйе күйе қылып шәшлік деп жеп едік талай :)сонда ұшынып ауырмаймызда ешқайсымыз))))
Abilakim
Бізде әскерде Қостанайдың орысы болды.Кептер етін бұқтырып, қуырып түрліше әзірлейтін.Жұдырықтай құста қанша ет болсын. Қызық үшін жейтінбіз.Шекарада қабан, елік, қоян, қырғауыл еттерін көп жедік
sammita
әй, Әбіләкім-ау, мынауың өтірік әңгімелер сериясынан ба? Әйтепесе бір жерден оқығам осы «жылы із» жайлы))
Abilakim
сол "өтірік әңгімелердің" дені шын әңгімелерден алынған.Тек кейіпкерлер есімі өзгергені болмаса)))
omarbirat
Бұрын көріп жүрген мына жарнама еске түсіп кетті: www.youtube.com/watch?v=swxa00zDY9E
asaubota
қызық жарнама екен :)
Abilakim
мен көрмеппін бұл жарнаманы
omarbirat
Бұрын «Поле чудестің» жарнамалық үзілістерінде қоятын. Сонау 90-жылдары :)