Шапқан аттай зулаған өмір...
Қазақта «Ат жалын тартып мінгелі» деген жақсы бір сөз тіркесі бар. Өкінішке орай бұл тіркесті көп қолдана бермейді екенбіз. Өмірімнің өсу сатылары бойынша көрсетіп отырған түрім осы.
Көп сөйлеп созбай суреттерді сөйлетіп көрейік (Өзім жоқ суреттердің барлығын өзім түсіргенмін)…
Жалпы, мен атқа шапқан кездері кілем жабылған ат еді бәйгенің ең керемет жүлдесі. Мен үш аяқты «урал» матасекілін алып үлгердім дегенмен…
Арқаның елі аман болсын тамыр!
Павлодардың қала маңайындағы аулдарда болғанмын. Кей ауылдарда негізінен орыстар, кейбірлерінде негізінен қазақтар тұрады екен. Орыстар егін егу, көк-өніс өсірумен айналысады, қазақтар мал шаруашылығымен. Оралмандар мен «южандарды» жақтырмайтыны бар. Бірақ арттарына түсіп қуып жатқан жоқ. Сол өңірге қоныс аударып келгендер ел қатарлы жасап жатыр.
Мал шаруашылығын көшіп келгендер дамытса, екі жаққа да пайда ғой.