Нервіній

Ауыл мен ауданның арасы 25 шақырым. Таңертеңгі тоғызда ауылдан, кешкі алтыда ауданнан КАвЗ автобус жүреді. Жеңіл мәшинесі жоқтар осы автобуспен қатынайды екі ортаға. Сондай күннің бірінде автобусқа ақаңнан сілтеп алған бір жігіт мінді. Жаман жолда шоқаңдап келе жатқан автобустың жүрісіне дәп жүргізуші кінәлідей:
-Әй, гандон! ағаш тиеп келе жатқан жоқсың, жайырақ жүрсеңші-деді.
Жүргізушінің де жүйкесі дәретхана қағазындай жұқа екен. Жыртылды да кетті. Қолына «рукояткасын» ұстап салонға кіріп келіп:
-Жігітім, мынамен басыңды қақ айырам, түс!-деп кіжінді.Сол кезде бір әжеміз:
-Қарағым, Гандонжан бір ашуыңды маған бер" Үйімізге кеш түспей жетіп алайық-депті
Әрі қарай

Қасиетіңнен айналдым, чекушка!

Жүздері басқа, жүзграммдық стақандары бір халықтарды біріктіретін не десек, ол әрине, «Бейбітшілік!» деген сияқты ұрандар емес, кәуділгі атыңнан айналайын – арақ. Күнде дүниенің әр бұрышынан, «ракі», «водка», «арақ», «даяшы, шнапстан құйжівер!» деген мыңдаған тілде жүздеген дауыстар шығып жататыны сөзсіз. Осы ойдың өзі – мынау қу пәниде жалғыз емес екеніңе сенім ұялатып, түрлері басқа, тіскебасарлары бір халықтармен жүрегің бірге соғып тұрғанын сезінесің. Әжемізден қалған ас туралы бірер факт.

***
Әрі қарай

Бурабайға барсақ...


«Кел» дегендей болды Көкше,
«Күмбезіме шық» дегендей болды Көкше,
«Көкке төбеңді тигізейін» дегендей болды Көкше,
«Күнге бетіңнен сүйгізейін» дегендей болды Көкше. © Сәбит Мұқанов

Қилышалдың тылсым табиғатымыздың суреттерін көбейту керек деген тақырыбын оқып, «менде де бар ғой ондай суреттер» деп ойладым. Әрине, Көлсай да емес, Қайыңды да емес… Ол жаққа бару бақыты әзірге бұйырмапты… Маған қол жетімдісі жанымыздағы Бурабай болыпты. Ия, Қазақстанда атақты жер, интернетте суреттері онсыз да көп шығар, әйтсе де артық етпес.
Сонымен, керекшілер Бурабайда жиналса, оларды онда не күтеді?
Әрі қарай

Кариб теңізінің пандасы (екі бөлімнен тұратын ақпараттық-танымдық рецензия)

Кіріспе

Өткен аптада ебін тауып, есебін келтіріп екі фильмге барып алдым. Бірі «Кариб теңізінің қарақшылары. Тылсым жағалауда», екіншісі «Кунг-фу панда 2».

Екеуі де мен күткен дүние. Екеуі де көңілімнен шықты. Сапалы дүние жаныңа жақпай
Әрі қарай

Toyota Prius

Орыстың «Автомир» журналын оқып отырып, мен үшін мына бір ақпарат қызық болды.
Toyota компаниясының Prius гибридті автокөлігінің сатылымы 11 жылда дүниежүзі бойынша 2 миллионға жетіпті. Бір ғана АҚШы автокөлік базарында 1 милллион данасы сатып
Әрі қарай

Ырыс жайлы аңыз

Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік-жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ әсілі жәй
Әрі қарай

Ара қашықтық өлшемдері

Қазақ халқының сөздік қоры расында да Нұрғиса ағам «Пай-пай!» деп таңдайын қаққандай ғой…
Қазақ халқының ара қашықтыққа қатысты өлшем атаулары туралы да осылай деуге болады. Халқымыздың таным-түйсігіне, тұрмыс салтына, кәсіп еткен шаруашылығына
Әрі қарай

"Адалдық өткелі" әні



Адалдық өткелі
Сөзі: Ақмарал Леубаева
Әні: Жарылқасын Дәулетов


1. Сүйетініме шүбәм жоқ,
Сүймей ме деген күмән көп.
Түстім бе деген тура жол,
Көрінбейді тұман боп.

Қайырмасы:
Бақытқа толы мұң-кесем,
«Жалған» дер дұшпан «шын»
Әрі қарай

Байғыз

Байғыз – жапалақ тәрізділер от­­ря­дына жататын құс. Қазақ­стан­ның сол­түстігі мен солтүстік – шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді. Әсіресе Үс­тірт­те, Маңғыстауда, Арал, Бал­қаш жағалауында, Қара­тау­да, Ал­­тайда жиі кездеседі.
Әрі қарай