Байғыз – жапалақ тәрізділер отрядына жататын құс. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік – шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді. Әсіресе Үстіртте, Маңғыстауда, Арал, Балқаш жағалауында, Қаратауда, Алтайда жиі кездеседі. Республикамызда кәдуілгі байғыздан басқа, орман байғызы, торғай тәрізді байғыз деген түрлері бар. Байғыз қоразының қанаты – 153-172 мм, салмағы – 154-157 г, ал мекиенінің денесі ірілеу, қанаты – 157 – 175 мм, салмағы 195-260 грамдай болады. Арқасы қоңыр теңбілді, бауыры ақшыл тарғыл, тұмсығы сүйір, имекті келеді. Жарқабақтардағы індер мен жартастағы үңгірлерге ұя жасап, оған төрт-алты ғана жұмыртқа салады. Оны мекиені бір айға жуық басады, балапандарын 35-40 күнде ұядан ұшырады. Байғыз – отырықшы құс. Олар майда кеміргіштермен, торғай тәрізді құстармен, ұсақ жәндіктермен қоректенетіндіктен, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Қазақта байғыз жайлы әртүрлі аңыз бар. Жалпы, байғыздың үнін «сұңқылдады» деп жаратпайды. Сондықтан байғыз шақырғанда, атын атамай «нұраталы» деп, ұн шашу арқылы жаманшылықтың бетін қайырады деседі.
Негізі мысықтай болады дегім келген. Ойша елестетіп көрдім: мысық үкіден кішкентай болып қалатын сияқты болып көрінді :)
Үкіні бір-ақ рет жақыннан көрдім. Шоқиып отырғанда кәдімгідей ірі болады екен. Адаммен бой салыстырса, тізеден келіп қалатын шығар (Әлде менің көргенім ірі үкі болды ма, әйтеуір содан бері кішкентай құс емес екенін біліп жүретін болдым).
Нағашыларымның ауылында үкі асырайтын, тышқан аулап береді, аяғындағы шынжырды қазыққа байлаған. Сосын жүнін сатып ақша жасайтын, кейін қайда жібергенін білмеймін, әжептеуір үлкен етін.
Ал менің нағашыларым ауылында кірпі асырайтын, тышқан аулап береді, аяғындағы шынжырды қазыққа байлаған. Сосын тікенін сатып ақша жасайтын, кейін қайда жібергенін білмеймін, әжептеуір үлкен етін.))))
кірпінің тікенін бүйрек, қуық, несеп жолымен проблемалары барлар, зәрін ұстай алмайтын жас балаларға қайнатып береді.
Басқа мүшелері де өте пайдалы оны вики атайдан табуға болады.
Бірақ мынаны білмей отырмын
Үкіні бір-ақ рет жақыннан көрдім. Шоқиып отырғанда кәдімгідей ірі болады екен. Адаммен бой салыстырса, тізеден келіп қалатын шығар (Әлде менің көргенім ірі үкі болды ма, әйтеуір содан бері кішкентай құс емес екенін біліп жүретін болдым).
Басқа мүшелері де өте пайдалы оны вики атайдан табуға болады.