Тексерілмеген ақпарат: Рауан Сариев Зеедорфпен бірге ойнайды


Осы уақытқа дейін Рауан Сариевті әйгілі Гарринча доп тепкен «Ботафого» клубының ойыншысы деп ойлап келіппін. Қазақтың әлемнің әйгілі клубында доп тебетінін ойлап қуанатынмын. Сөйтсеееем, алданып келген екенмін ғой осы уақытқа дейін. Рауан Сариевтің ойнайтын клубы біз білетін «Ботафого» емес, Сан-Паулу штатының біріншілігінде ойнайтын «Ботафого SP» клубы екен. Әрине, өтірік ақпараттың таралуына ең бірінші журналистер кінәлі. (Бәлкім, осы уақытқа дейін ұл ақпаратты тексермей келген мен де кінәлі шығармын).
Әрі қарай

Білгім келген екі сұрақ: Сілтемесіз болмай ма?

Менің білгім келгені: блогшылардың жазбаларын газеттерде жариялағанда блогшыға немесе блогқа сілтеме жасау міндетті ме?
Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы

Иә, міндетті.

Неге?
Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы
Әрі қарай

"Жәрдем" газетіне жәрдем беріп келіппіз

Алматы облысына тарайтын «Жәрдем» атты газет бар. Жыланның екі тілі болады демекші, бұл газеттің де екі тілі бар. Келесі бір екершелігі ретінде газеттегі мақалалардың біразының ұрлықы мақала екендігін айтуға болады. Менің қарындасыма жазып беріп, кейін Мәліметтер.орг-ке қосқан СМОГ туралы мақалам да «Жәрдемге» жәрдем болыпты
Әрі қарай

Ұры журналистер авторлық құқықтың не екенін біліп жатыр

Кешелі бері Керектің бетінде «авторлық құқық… мақала ұрлығы, ұры журналистер» деп шулап кеттім. Демалысымды демалуға бөлем деп, айқай-шуға бөліп жібердім. Қарап отырсам, ұрланған мақалалардың бір бөлігіне ғана менің авторлығым жарайды екен. Бірақ басқа блогшылар мен авторлардың еңбектерін ұрлап, сол арқылы пайда тауып отырған арамтамақтардың әрекеттерін көріп, қалайша тыныш, үнсіз қалуға болатынын ұқпадым. Біреу біреудің (мысалы, біреу көршімнің үйін тонап жатыр делік) меншігіне қол салып жатыр. Айту керек қой ондайды. Айтсаң қуғындалып кететін үлкен саяси деңгейдегі мәселе емес, сіз бен біз секілді адамдардың заңсыз әрекеттері.
Әрі қарай

Газет-журнал шығарғысы келетіндерге кеңес

ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының бір бабына сәйкес (заңға өзгеріс енгізгенде баптардың реттік саны ауысып кетеді, соңғысында 15-бап екен), мерзімдік басылымдардың әрбір санында (басылымның "құжатында") мынадай деректер көрсетілу керек:
  • басылымның атауы;
  • меншік иесі (құрылтайшысы);
  • (бас) редактордың тегі мен инициалдары;
  • тіркеу куәлігінің нөмірі мен оны берген мекеменің атауы;
  • басылымның шығу жиілігі;
  • басылым санының реттік нөмірі мен жарық көрген күні;
  • тиражы;
  • редакцияның мекенжайы, баспахананың атауы мен мекенжайы;
Әрі қарай

Журналистерге сауат ашу дәрістері. 2-сабақ: Дайджест деген не?

Журналистерге сауат ашу дәрістері. 1-сабақ: копирайтиң, рирайтиң және қарақшылық

Сауатсыз әрі ұры журиктерге арналған екінші сабағымыз «дайджест» түсінігі жайлы болмақ.
Ұры журналистерм ен ұрлыққа көтз жұма қарайтын редакторлардың сұмдық қарақшылықтарының шырқау шегін газеттің бір санын толықтай ұрлықы мақалалармен толтыру әрекетінен байқау әсте өиын емес. Ондай газеттер толып жатыр.

Интернет-ресурстардан мақала ұрлап, оны газеттерінде басып шығарып, «Газет шығарып жатырмыз!» деп кеуде керетіндерге ескертетінім: сіздердің шығарып жатқан газеттеріңіз әдеттегі газет емес. Ондай газеттердің контенті дайджест форматындағы басылымның контентіне сай келеді.

Дайджест деген не пәле? деп отырсаңыз… Дайджест дегеніміз ағылшынның digest сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест дегеніміз әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады.
Әрі қарай