Тексерілмеген ақпарат: Рауан Сариев Зеедорфпен бірге ойнайды


Осы уақытқа дейін Рауан Сариевті әйгілі Гарринча доп тепкен «Ботафого» клубының ойыншысы деп ойлап келіппін. Қазақтың әлемнің әйгілі клубында доп тебетінін ойлап қуанатынмын. Сөйтсеееем, алданып келген екенмін ғой осы уақытқа дейін. Рауан Сариевтің ойнайтын клубы біз білетін «Ботафого» емес, Сан-Паулу штатының біріншілігінде ойнайтын «Ботафого SP» клубы екен. Әрине, өтірік ақпараттың таралуына ең бірінші журналистер кінәлі. (Бәлкім, осы уақытқа дейін ұл ақпаратты тексермей келген мен де кінәлі шығармын).

Қателеспесем, ақпаратты ең алғаш таратқан Тәңір жаңалықтары. Ол сайтта ақпаратты қате берген. Айқын қатені айна-қатесіз көшіріп алыпты. Ал, Азаттық радиосының қызметкері Руслан Меделбек сұхбат алған екен. Сұхбатта Рауан өзі ойнайтын клубта Гарринча, Рикардиньо, Зе Роберто сынды мықтылар доп тепкенін айтыпты-мыс. Бұл жерде екі вариант бар. Не Рауан журналисті ақымақ қылған, немесе Рауанды мықты етіп шығарғысы келген журналист өз жанынан қосып жазған. Меніңше, соңғысы тәрізді. (Қосып жазбаса қазақ журналисі бола ма?) Негізі, Рауан ойнайтын клубта танымал екі ойыншы шыққан екен: Сисиньо және Диего Алвес

Бұны жазу арқылы мен Рауанды табалайын деп отырғаным жоқ. Қайта, оған сәттілік тілеймін. Өтірік ақпаратқа алданып қалмайық.

Рауан ойнайтын клубтың ресми сайты: www.botafogosp.com.br

П.С. Бәлкім мен ғана мұны енді біліп, «эврика» ашып отырған шығармын.
Бөлісу:

7 пікір

patick
Сонда ол нешінші дивизионда? Үшінші?
konvict
Екінші деңгейлі болу керек. Ал, Рауан ойнайтын клуб өткен жылы 15 орынға тұрақтапты)
qyzylordalyq_jigit
Жоғары Лигадағы командада ойнайды деп жүріппін мен де…
alashaman
Е, е, е әріптестер тағы ұсталды. Ұят болды мұнысы
konvict
Апдейт енгізуге тура келіп отыр. Сұхбатты жасаған Русланмен сөйлестім. Ол Рауанның солай дегенін айтты. Дәлел ретінде таспадағы жазбаны ұсына алады. Очм, Рауан Сариев бізді ақымақ қылған
asaubota
Бразилияда қаптаған бала оқыды, солардың арасынан әйтеуір біреуі шығуы керек қой деп біздің елдің тапсырмасымен алған болуы да мүмкін бразилиялықтар. әйтпесе оларда таланттар миллион ғой.
bake
футболдан Бразилияда ойнайтын Қазақстандық легионнер барын білмептім