Білгім келген екі сұрақ: Сілтемесіз болмай ма?

Менің білгім келгені: блогшылардың жазбаларын газеттерде жариялағанда блогшыға немесе блогқа сілтеме жасау міндетті ме?
Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы

Иә, міндетті.

Неге?
Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы

ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес, егер тыйым салынбаған болса, блогтағы жазбаларды кез келген мақсатта автордың рұқсатынсыз көшіруге болады, бірақ сілтемесі міндетті түрде болу керек. Ал егер блог авторы рұқсатсыз көшіруге тыйым салса, рұқсат алмайынша газетіңізде жариялай алмайсыз. Ол әрекетіңіз заңға қайшы келеді.
Бөлісу:

4 пікір

meirzhan
Мәселе заңды білмеуінде ғана емес, психика мен саналарында сияқты ғой. Алғашқы көрінгенге қарағанда қиыыын жағдай.
Ұрлықшы журналист жазаланатын, қоғамда ашық талыланған шулы бір оқиға болмаса, ұрлықтар жалғаса бермек.
Zako
Ұрлықшы журналист жазаланатын, қоғамда ашық талыланған шулы бір оқиға болмаса, ұрлықтар жалғаса бермек.
Жолдары болып тұр қазірше. Қайда барады бірақ. Ұрының арты тупик болады
Zako
Байқадыңыздар ма, konvict сияқты зерек оқырмандар көп екен
meirzhan
Конвикт сияқты құрбандар десе ше