АРПАЛЫС

Мамыр айының 18-19 күндері Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры М.Әуезовтың әңгіме желісімен қойылған «Қорғансыздың күні» драмасының премьерасын көпшілік назарына ұсынды. Режиссер — Әлімбек Оразбек, қоюшы суретші — Шынар Елембаева. Еш премьерадан қалмайтын Қаллекидің тұрақты көрермені ретінде, маған 19 мамыр күні А.Серкебаева, О. Жақыпбек, Е.Нұрымбет, Н. Ташимова, Е.Малаев, Қ. Бұғыбай, Н. Есен т.б. қатысуымен екінші құрамның ойынын көру бұйырды.
Әңгімеден ерекшелігі – оқиға желісі кейін шегініп, жұтаң да болса бақытты тірлік кешіп жатқан жанұяның өмірін суреттеуден басталады. Жақып пен оның сүйікті де ерке қызы Ғазизаның сырластық жақындығы көрсетіледі.

Іс Жақыптың туысы сараң Дүйсеннің малы ұрланған соң насырға шаба бастайды.
Әлімсақтан келе жатқан жамандық пен жақсылықтың, түнек пен жарықтың үздіксіз күресі басталады. Жарық өз сәулесімен адамзатты құтқарамын деп әлек, ал түнек болса «онсыз да қара пейілді пендені қайтесің» деп оны әжуалайды.

Спектакль минимум реквизит тердің максимум қолданылуына құрылған. Бұл тұрғыда режиссердің де, қоюшы суретшінің де шығармашылық жұмысы көзге ұрып тұр.
Қойылымның музыкалық әрлеуі де оның мағынасын үстей түсіп, көрерменді үнемі толқуда ұстап отырды.
Актерлердің ойынына келетін болсам, актриса Алтынгүл Серкебаева бүлдіршіндей жас, нәзік Ғазизаның рөлін жақсы алып шықты. Бас кейіпкердің репликасы аздау көрінгенімен, оның 14-15 жасар жасөспірім екенін ескерсек, одан артықтың керегі де жоқ шығар. Олжас Жақыпбектің Түнегі ерекше есте қалды, дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, зымияндықтың көкесін көрсетті. Ақан болыстың атқосшысын ойнаған Қасымхан Бұғыбайдың өз кейіпкері бағытында біраз ізденгені көрініп тұр. Ақан болыс әңгімеде оңбаған болса да тартымдырақ сезілетін, мұндағы бейнесін өз басым қабылдай алмадым (Е. Малаев).

Қойылым соңы биікте шалқалаған бейкүнә құрбанның астындағы Жарық пен Түнектің мәңгілік арпалысымен аяқталады. Құдды бір «Ей, адамзат, байқа!» деп тұрғандай. Себебі өз ниетімізге өзіміз жауап бермесек, Жарықтың да құтқаруы екіталай бізді…
Фото театрдың фейсбук парақшасынан.










Адам басына орташа шығын: 1000-2000 теңге
Адам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге
Адам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге



Адам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге
Адам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге


Адам басына орташа шығын: 3000-6000 теңге






«Бізде тіл мәңгүрттігімен қатар ас мәңгүрттігі де бар (әнаңғара, қандай термин). Өзіміздің ата-бабамыз ойлап тапқан ұлттық тамақтарды дамытудың орнына өзге елдің мәзіріне әуеспіз. Мен зейнетке шыққан соң нарықты зерттей бастадым. Фастфуд тамақтардың жастар арасында үлкен сұранысқа ие екенін көріп, «неге фастфудтың қазақша түрін тұтынбасқа» деп ойладым. Ол бастамамды студент жастар да қолдап, олармен бірге арнайы декорациялармен, ұлттық киімдермен презентация ұйымдастырып, бірнеше рецептілерімізді ұсындық. Мәзірде «құндақ ет», «жұмбақ ас» сынды тағамдар болды. Презентация туралы сюжеттер түсіріліп, жарыса жаңалықтар жазылды. Айтпақшы, сол кезде бұл тақырыпқа қазақтілді басылымдар еш қызығушылық танытпады. Тамақтану индустриясында бизнесмендерден бұл идеяға реакция болмады, мемлекет тарапынан да қаржылай қолдау көрсетілген жоқ. Ұлттық кулинария мәдениеті жұлдыздарын біріктіретін «Ас-stars» атты қоғамдық бірлестік те осы себептен құрылмады. Сөйтіп қазақша фастфуд құр идея күйінде қалды.»













Бұл скринсұхбатта Нұржол Табиғат Ақпараттық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және оның құрылымына шолу жасап өтеді.
Скринсұхбатымыздың бұл бөлігінде Садық Шерімбек қарапайым қолданушыларды жеке ақпараттарды сақтаудың жолдары, жеке құпия сөздер мен әлеуметтік желі аккаунттарын қорғаудың басты қағидаларынан құлағдар етеді.
Абылай Әділхановпен болған бұл скринсұхбатымыз қазіргі интернетте болып жатқан әрқилы байқаулар мен дауыс беру жүйелеріндегі қателіктердің алдын-алу шаралары практикалық тұрғыдан өрбиді.
Бұл бөлімде Ерлан Қамыров Linux амалдық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздік потенциалдары, серверлік жүйелердің үлестері мен артықшылықтары бойынша сөз қозғайтын болады.
Райымбек Егембердиев өзінің сұхбатында қазіргі таңдағы веб-сайттардың басты қатері болып саналатын DDOS шабуыл туралы және одан қорғанудың технологиялық шешімдері жөнін сөз етеді.